«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Астана жаңалықтары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Бүгін Астана қаласы әкімдігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастыру негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда «Рухани жаңғыру» бардарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамалар зерделеніп және бағдарламаны алдағы уақытта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Ғылыми жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, өткен бір жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылап болашақта атқарылар жұмыстар жайлы айтып берді.

«Бұл бағдарламаның қазақ өркениетінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұған тек зиялы қауым өкілдері ғана емес, экономикалық, әлеуметтік кластер әсіресе жастар қызу араласып бағдарламаның мән-мағынасын теренңдете түсті және қалыптасқан, анықталған, белгіленген әртүрлі бағдарларда ұсынылды. Астана қаласының әкімдігі осы бағдарламаның жүзеге асуына екі жүзден астам шара өткізді. Оның ішінде тәрбие-білім, «Қасиетті Астана» бағытында көптеген шаралар өтті. Елордамыздың тарихын тануға, танытуға арналған, біздің белгілі ғалымдар қатысқан конференциялар, ашық сабақтар, студенттермен кездесулер өтті» деді Е.Аманшаев.

Осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елорда тарихының әртүрлі кезеңіне жататын мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерді таңдап «Қасиетті Астана» атты айдарымен кітап және электронды қосымшалар етіп шығару жоспарланған.
Әрі қарай

ҰБТ-ға психологиялық кеңестер

Білім және ғылым: ҰБТ-ға  психологиялық  кеңестер

БОЙЫМЫЗҒА СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.
Әрі қарай

Астананың 20 жылдығына 600 астам іс-шара жоспарланған

Астана жаңалықтары: Астананың 20 жылдығына 600 астам іс-шара жоспарланған

Қаламыздың 20 жылдығына ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен қоса алғанда 645 іс-шара жоспарланған. 2018 жылы бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойы болған себепті салтанатты іс-шалалар жыл жойы жалғасатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Мысалы G-Global хатшылығымен бірлесіп 3 шілде де «Жаһандық Жібек жолы» атты халықаралық конференция, 4 шілде де Дүниежүзілік экономикалық ислам форумын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осының аясында Жібек жолы бойында орналасқан қалалар мэрлерінің форумын өткізуді жоспарлаудамыз», деді әкім.

Сонымен қатар, маңызды іс-шараның бірі 5 шілде күні «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми тұсаукесері. Тағы бір маңызды жоба «Астаналар шеруі: Астанының 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» Басқада мәдени және шығармашылық іс-шаралар, бизнес-форумдар және іскерлік кеңестер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, мерекеге орай Астанаға бауырлас қалаларды шақырамыз. Қазіргі күнде Анкара мен Бейжің Мәдениет күндерін өткізуді растады. Басқа да елдердің елшіліктері бірлескен шаралар өткізуге ұсыныс жасауда.

«Мерейтойлық шаралардың маңызды бір парасы ел аймақтарында Астана күнін өткізу болмақ. Бұл шара мамырда бастау алып қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Шығармашылық топтардың және Елорданың инвестициялық жобалары таныстыратын болады. Сонымен қатар, 15 сәуір күні абаттандыру, көгалдандыру айлығы акциясы және «Үздік сурет», «Астана туралы үзік сыр», «Үздік ән» байқауын бастаймыз», деді Ә.Исекешев.
Әрі қарай

Астанада «Біз қаланың қауіпсіздігі үшін» шарасы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада «Біз қаланың қауіпсіздігі үшін» шарасы басталды

Құтқарушы мамандар мен Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстау керек, қандай шаралар жасауы керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен Астана қаласы әкімдігінің «Біз қаланың қауіпсіздігі үшін» жобасы аясында Астана қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы, Төтенше жағдайлар Департаменті, ҚР Қызыл жарты ай қоғамының Астаналық филиалымен бірлесе отырып, жазатайым оқиғалардың нәтижесінде балалар арасында болатын түрлі жарақаттарды алдын-алуға бағытталған «Бізбен бірге» қайырымдылық іс-шарасы «MEGA SILK WAI» ойын – сауық орталығында жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Аталмыш іс-шараның мақсаты — балалар арасында болатын түрлі жарақаттарды азайту, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру, тұрғындар арасында құқық қорғау органдарының өкілдеріне жағымды беделді жасау болып табылады.

Акция ұйымдастырушыларымен қатысушыларға күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда жарақаттарды алдын –алу, сондай –ақ, төтенше жағдайлардағы іс-шаралар мен алғашқы жедел көмекті көрсету бойынша (өрт, жол-көлік оқиғасы, улану, суға кету, құлау, электрожарақат және т.б.) ақпарат беріледі.
Әрі қарай

Қарағандыда жас журналистер сынға түсті

     Биыл журналистика мамандығының пәндік олимпиадасы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде  өткізіліп жатыр. Білім бәйгесіне еліміздің 16 университетінде оқитын 48 студент бақ сынауда.
  2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да бастау алған олимпиаданың мақсаты –  Журналистика мамандығының сапасын арттыру, талантты да білімді, үздік студенттерді анықтау, болашақ журналистерді даярлайтын оқу орындарының біліктігін арттыруды көздейді.
    «Пәндік олимпиадаға алғашқы рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да қатысқан едік. Ол кездегі студенттер мен қазіргі студенттерді салыстыруға болмайды. Себебі, қазіргі жастар жан-жақты, креативті ойлау қабілеті жоғары, ізденістері мол екенін байқадым.  Сонымен қатар, биылғы олимпиаданың қазақ телевизиясының 60 жылдығына  арналуы болашақ журналистердің ұлттық телевизия тарихын тереңдеп білуіне өз әсерін тигізді», – дейді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Жәнібек Ғалымұлы.
Олипиада қатысушылары екі кезең бойынша сыналады. Әуелі журналистер «Телевизия және дәуір» тақырыбына арналған бейнесюжеттер арқылы журналистік шеберліктерін көрсетеді. Одан кейінгі кезеңде, «Қазақ журналистикасының тарихы»,  «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі», «Телерадиожурналистика» пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, ақпараттық сайттарға жедел ақпарат жариялау міндеті де жүктеледі.
Ұйымдастырушылар пәндік олипиаданың қатысушылары жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығын айтады.
 «Пәндік олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. «Телевизия және дәуір» атты тақырып біздің шығармашылығымызды шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Телевизияның тарихымен және жаһандану үрдісіндегі жетістіктерімен таныстық. Көптеген достар тауып, өзімізді кәсіби журналист сезіне бастадық. Осы орайда, тәжірибелі журналистердің шеберлік сыныптарына да қатысамыз», – дейді, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 2 курс студенті Сәндібек Пренов.
Олипиадаға қатысқан 16 команданың ішінен тек 6 команда ғана марапатталады. Сондай-ақ, олипиада кубогын ұтып алған оқу орны кезекті сайысты ұйымдастырады.

«әл-Фараби» командасы

Арқа төсінде жалынды журналистер бақ сынасты

Құшағына құт дарыған Қарағанды төсінде Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінде X дәстүрлі журналистер арасында пәндік олимпиада өтті. Сайысқа сайдың тасындай іріктеліп, мірдің оғындай ұтқыр он алты топ қатысты. Әділқазылар қатарында өз ісінің мамандары болды.
Алғашқы кезең «Телевизия және дәуір» атты бейнесюжет пен таныстыру болса, ал екінші тур эсселер байқауы. Ресми сайыстан тыс үзіліс кезінде студенттерге кофе-брейк ұйымдастырылып, артынан Қарағанды қаласын таныстыру мақсатында арнайы экскурсия өтті. Студенттер мен жетекшілер бірлесіп ҚарМу-дің мұражайын аралап, тың дүниемен пікір алмасып, Е.А. Бөкетов атындағы университеттің шығу тарихымен танысты.
Ал сергіту сәтінде қатысушыларға ақ дастарқан жайылып, кішігірім концерттік қойылым көрсетілді.
Келесі күні қатысушылар негізгі журналистика пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Олимпиаданы журналистердің жеделдігін анықтауға бағытталған соңғы «жедел ақпарат» кезеңі қортындылады.
Осы сайыс жеңімпаздары төрт кезең негізінде анықталмақ.
Дәстүрлі бұл сайыс, бұрынғы сайыстардан мүлде өзгерек. Қазақ журналистикасының алпыс жылдығы және де ҚарМу-дің журналистика мамандығының жирма бес жылдығымен тұспа- тұс келіп отыр. Арқа мен Алтайдың, оңтүстік пен солтүстіктің төрінен келген он алты команда шат- шадыман көңіл күйде.

Қарағандыда олимпиада өтті

Жыл сайынғы ЖОО арасындағы журналистердің Xреспубликалық пән олимпиадасы 29-30 наурыз аралағында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті. Олимпиадаға жалпы саны 16 команда қатысты. Еліміздің белді оқу орындарынан келген болашақ журналистердің білімі мен білігін анықтауға бағытталған сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар олимпиаданың алғашқы күні таныстыру және эссе жазу бойынша бақ сындады. Олимпиада тақырыбы Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай «Теледидар және дәуір» болды. Командаларға әділ баға беруге БАҚ саласының майталмандары жиналды. Университет ұжымы олимпиада қатысушыларына қаланың көрікті жерлерін аралатты. Студенттер қонақтарға арнап жырдан шашу шашып, көңілді кеш сыйлады. Сайыстың екінші күні мамандыққа арналған пәндер бойынша тест тапсырмалары орындалды. Шешуші жедел ақпарат кезеңінде қатысушылардың журналистке тән жеделділігі мен нақтылығы сыналды. Олимпиада қортындысы екі кезең бойынша анықталып, жеңімпаздар марапатталмақ.

Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
«Күлтегін» командасы