ҚазҰУ-і Еуропалық білім беру стандартымен іскерлікте
Ғасырға жуық тариxы бар еліміздің мандайалды университеті ҚазҰУ қай кезде де көшбасшы болудан жаңылған емес. Мәртебелі шаңырақта студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Айталық, студенттерге академиялық ұтқырлықпен шет елден білімін толықтырып, жаңа тәжірибелерді игеру мүмкіндіктері университетіміздің бір орында тұрмай, студенттерінің жаңа белестерге шығуы мен білімдерін жетілдіруге күш салып отырғаны құптарлық іс. Осындай мүмкіндікті бірқатар студенттер мен магистранттар қалт жібермей, өз білімдерін шыңдауға университет пен жылуфизика және техникалық физика кафедрасының көмегімен, Эразмус+ бағдарламасы бойынша Франция елінің Нант қаласындағы жоғары инженерлер мектебіне бір жылға немесе бір оқу семестріне тәжірибе алмасуға бару мүмкіндігін тиімді пайдаланып отыр.
Франция елінің табалдырығын оң аяқпен аттап, Нант қаласына қадам баса отырып, үш жүз мыңдай халқы бар қала өзінің ертеректен қалған сәулет құрылыстарымен бірқатар білім алушылардың санасында қалып қойды. Магистранттар тұрғындарының сыпайылылығы, әрқашан жымия қарсы алып, жылы шыраймен шығарып салуына аса үлкен назар аударып отыр.
Қазақстаннан 6 студент аталмыш бағдарлама бойынша конкурстық шәкіртақыға ие болған, оның төртеуі киелі қара шаңырағымыздан болса, екі студент Көкшетау қаласынан барып отыр. Біздің студенттермен қатар басқа да шет мемлекеттерден келген студенттер саны да көп екен. Оқу қиын болғанымен алынбайтын қамал жоқ деп ұрандаған студенттер жергілікті оқу орнының жоғары білікті ұстаздарының оң көзбен көрініп, үлгерімдері жоғары болғандығын дәлелдейтін сертификаттарды иеленді.
Бұған қоса түрде қашықтан білім алу үшін «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының професссорларымен, доценттерімен, ғылым кандидаттарымен, аға оқытушыларымен, кафедраның меңгерушісі ф.-м.ғ.д., проф. Бөлегенова С.Ә.-мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жиі байланысқа шығып отырады.
Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жоғарылатуға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай ұлғайтуға бағытталып отыр. Алдағы уакытта Инвест көлемін арттыру мәселесі де оң шешімін таппақ. Әрине, бұл аталмыш бағдарламамен білімін жетілдіремін деушілерге таптырмас мүкіндік. Осы ретте сапалы білім алу үшін қолайлы мүмкіндік туғызып отырған университет ректорының да еңбегін тілге тиек еткен жөн.
ҚазҰУ-нің жетістігі жыл өткен сайын жаңарып, өзі тәрбилеп жатқан түлектерімен жасарып жатыр. Ал бұл академик Ғалым Мұтанұлының сапалы біліммен саналы ұрпақ тәрбиелеуде селқостық танытпайтындығының белгісі деп білеміз. Алдағы уақытта қара шаңырақтың мерейі мейілінше үстем болып әлемдік рейтингтерден ғана төбе көрсететіндігіне сеніміміз мол.
Авторлары: ҚазҰУ-нің оқытушылары Оспанова Ш.С., Нурмуханова А.З.
Әрі қарай

партия филиалдарының өкілдерімен кездесті. Партияның өңірлік, аймақтық филиалдарымен қатар ірі кәсіпорындар базасында құрылған филиал және бастауыш партия ұйымдарының басшылары қатысқан жиында Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кеңінен талқыланды. Жиынды ашқан Мәулен Әшімбаев партиялық жаңғырудың басым бағыттарын атап өтіп, алда тұрған міндеттердің аймақтық деңгейде де аса маңызды екеніне назар аударды. Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, нұротандықтар елімізде қолға алынған жүйелі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші болуы керек. Сол үшін алдымен өзімізге партияның негізгі міндетін анықтап, идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап алу керектігін айтқан Мәулен Әшімбаев: – Біз бүгінде көбіне ішкі жұмыстарға басымдық беріп, солармен ғана шектеліп қалғандаймыз. Тіпті кейбіреулер Орталық аппаратқа құдды бір министрлік, ал партияның аймақтардағы филиалдарына жергілікті әкімдіктердің бір бөліміндей қарайды. Бұл Елбасымыздың партияның алдына қойған мақсат-міндеттері мен атқарар рөлін дұрыс түсінбеудің салдарынан болып отыр. Мемлекет басшысы: «Нұр Отан» – министрлік те, атқарушы билік те емес. Ол – стратегиялық күш», – деп партияның бағыт-бағдарын анықтап берді. Сондықтан біз жұмысы жүйелі әрі тиімді, міндеті айқын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек, – деді. Мәулен Әшімбаев партияның жаңа бағытта жұмыс істеп, нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін қалыптасқан әдіс-тәсілдер мен форматты өзгертуді ұсынды. Бірінші кезекте партия жұмысына дебюрократизация қажет екенін де тілге тиек етті. Бұл, әрине, өңірлерге де тікелей қатысты бастама. Сондықтан жергілікті жерлерде нұротандықтар өздерін партия шенеунігі емес, халықпен ашық әрі тікелей жұмыс істейтін партия мүшесі ретінде көрсете білуі тиіс. Партиялық іс-шараларды таптаурын нұсқадан арылтып, қоғаммен саяси байланысты жаңаша қарқынмен қайта орнатудың да маңызы зор. Нұротандықтардың ұйымдастыруымен өтетін әр іс-шара мәнді, мазмұнды, креативті болып қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Сондай-ақ, жиында идеологиялық жұмыстарда өңірлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына басымдық беруі керектігі айтылды.