Латын әліпбиін оқытушыларды оқыту семинарлары басталды

Блог - asaubota: Латын әліпбиін оқытушыларды оқыту семинарлары басталды

«26 сарбаздан құралған тек жалғыз бір әскери жасақ қана ешқандай оқ атпай төңкеріс жасай алады. Соңғы 100 жылда әліпбилер арқылы әлемде біраз өзгеріс болды. Суахили және түрік тілі латынға өтті. Вьетнам мен Корея дәстүрлі қытай иерголифтерінен бас тартып, латын және Мангель әліпбиін қабылдады. Ал қазір Қазақстан бұл дәстүрді жалғастыруда. Олар Кеңестер Одағын еске түсіретін кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне өтуде» деп жазады американ басылымы Brown Political Review.

Қазақстандағы бұл өзгерістер әлем назарында екені анық. Ал әлем қазір латын әліпбиінде. Демек болашақта латын арқылы әлеммен интеграциямыз оңай болатыны анық. Негізі, «латынға көшу емес, латынға оралу» десек дұрыс болатын болар? Мысалы, бұрынғы әдебиетімізді қарасақ:

Ақын-жазушыларымыздың латын тілінде жарық көрген шығармаларын енді кез келген мемлекетте жүріп, оқуға мүмкіндік бар. Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 20-ғасырда жазылған туындыларды біртіндеп сандық форматқа көшіріп жатыр. Қазақстанның ірі кітапханаларында сақтаулы тұрған латын қарпіндегі әдебиеттердің әзірге 30 пайызға жуығы цифрландырылды. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана қорында латын әліпбиімен жазылған 1300-ден астам кітап бар. Олардың дені негізінен 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген.

Ал қазіргі қоғамды жаңа әліпбиге үйрету шаралары қалай болмақ? Алдымен бұл жаңалықты басқаларға үйретушілерді үйрету керек. Бұл түрғыда Астанада қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселелеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталыпты. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатыр. 16-18 сәуір аралығында жоғары және орта кәсіби оқу орындарының мұғалімдері, елорда мектептерінің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері латын қарпіне негізделген қазақ тілінде жазудың ережелері, шетел сөздерін жазу ержелері бойынша дәріс алады. Курстың қорытындысы бойынша елорданың жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің, мектептерінің мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі жөніндегі сертификаттар табысталады.

«Біз мұндай дәрістермен қаланың барлық мұғалімдерін қамтитын боламыз. Оқыту 3 кезеңнен тұрады. Әрине, оңай болмасы анық. Уақыт өте келе латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасына қоғам үйреніп кетеді деп ойлаймын. Біздің басты мақсатымыз – қоғамды әліпбидің жаңа нұсқасымен таныстырып қана қоймай, дұрыс жазуды үйрету», — дейді Астана әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латынға машықтану бойынша лайфхак береді:
"Өзім күнде отырып алып Абайдың сөздерін, ойларымды сол әліпбимен жазамын. Меніңше, онша қиын емес".

Қолмен жазып машықтанудың қарапайым ғана мысалы бұл. Ал онлайн жазып үйренгісі келетіндер үшін онлайн-конвертерлер де көп. Соның біреуі біз ұсынатын транслитор. Бұл құрал арқылы кириллицадағы мәтінді бірден латынға аударып аласыз: qazaq.blog/translit.php

P.S Қазақстаннан кейін Украина да латынға өтуді ойластырып жатыр екен. Олар әзірше Қазақстанның латынға көшуін зерттеп, біздің шығындар мен өз шығындарын есептеуде.
Әрі қарай

Халықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыланды

Блог - Atynay: Халықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыландыХалықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыланды

V халықаралық Фараби оқулары аясында “Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері (MTIJ)” атты үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми конференция «Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері», «2018 жылдың медиа-трендтері», «ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары» бағыттарын қамтып, «Онлайн-білім беру үдерістері», «Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика» «Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера», «Медианы роботизациялау», «Постшындық кезеңі және контентті тексеру», «Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі», «Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер» тақырыптарында өрбіді.
Конференцияны журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған жиын жұмысына сәттілік тіледі. Журналистер даярлаудағы өзекті мәселені кең әрі ашық талқылау білім беру және медиа саласындағы сарапшылардың өзара тәжірибе алмасып, мәселені бірігіп шешуіне ықпал етері даусыз деген сенім білдірді.
Конференция модераторы ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова ақпараттық контентті сауатты қалыптастырып, тілдік және құқықтық тұрғыдан біліктілік танытатын мамандар даярлаудағы өзекті мәселелерді ойталқыға салатын ғылыми жиынның маңыздылығын атап өтті. «Халықаралық журналистика» мамандығының өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Қатысушыларды алдыңғы өткізілген екі конференцияның қорытындыларымен таныстырды.
Одан кейін сөз алған Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов БАҚ дамуындағы жаһандық тенденцияларға байланысты баяндамасында БАҚ еркіндігі, плюрализм, журналистердің тәуелсіздігі және қауіпсіздігі саласындағы жаңа тенденцияларға сыни талдау жасады.
БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек БАҚ дамуындағы Қазақстанның елеулі әлеуетін атап өтті: «Біз, әрине, журналистиканы оқыту бойынша технологиялық, халықаралық стандартқа негізделген бағдарламалардың енгізілуі мен қолданылуындағы үдерістерді қолдаймыз. Әлемдік стандарт бойынша жұмыс атқаратын қазақстандық журналистер жаһандық ақпараттық кеңістікте шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті болады».
Қазақстан журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев журналистер даярлаудағы білім беру үдерісінің сапасы мен деңгейін қатаң бақылау қажеттілігіне тоқталды.
Жиында баяндама жасап, өзекті ойларын ортаға салған профессор Ләйлә Ахметова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова, «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев, осы ұйымның жаңа медиа-кеңесшісі Анна Сукачева, заңгері Ольга Диденко, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгүл Кәпқызы, Factcheck.kz редакторы Думан Смақов т.б. журналистер даярлау ісін үнемі жетілдіріп, әлемдік стандартқа сай сапалы даярлау қажет деген ортақ пікірге тоқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА (ТДМ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА (ТДМ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ
V халықаралық Фараби оқулары аясында “Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері (MTIJ)” атты үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми конференция «Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері», «2018 жылдың медиа-трендтері», «ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары» бағыттарын қамтып, «Онлайн-білім беру үдерістері», «Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика» «Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера», «Медианы роботизациялау», «Постшындық кезеңі және контентті тексеру», «Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі», «Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер» тақырыптарында өрбіді.
Конференцияны журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция модераторы ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Назгүл Шыңғысова конференцияның маңыздылығына тоқталып, «Халықаралық журналистика» мамандығының өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Қатысушыларды алдыңғы өткізілген екі конференцияның қорытындыларымен таныстырды.
Одан кейін сөз алған Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің басшысыСергей Карпов Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры; Марек Бекерман Albany Associates халықаралық аймақтық жобасының жоба директоры; Юсуф Калианго, Огайо университетіндегі Халықаралық журналистика институтының директоры, профессор; Ғалия Ибраева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректорының кеңесшісі; Ләйла Ахметова, профессор, ҚазҰУ; Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан журналистика Академиясының президенті; Ғалия Әженова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы; Марат Бигалиев, «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы; Анна Сукачева, «Internews» жаңа медиа-кеңесшісі; Ольга Диденко, Интерньюс-Қазакстан заңгері; Әділ Жалилов, «MediaNet» Халықаралық журналистика Орталығының директоры; Мария Дубовицкая, ЕҚЫҰ саяси мәселелер және БАҚ Офис бағдарламасының Астанадағы ұлттық үйлестірушісі; Рафис Абазов, MDP бағдарламасының директоры, Колумбия университетінің адьюнк-профессоры; Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті; ф.ғ.к., Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті; Жұлдыз Әбілдә, «Жас өркен» ЖШС директорының орынбасары; Ербол Азанбек, АҚ «KaspiBank» баспасөз-хатшысы; Думан Смақов, Factcheck.kz редакторы,
Конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдардың диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң екендігін айту қажет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

Астанада практикалық журналистика курстары ашылды

Астанада КАЗГЮУ Университетінде MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының Медиа-Мектебі ашылды. Бұл жас мөлшері, мамандығы, дайындалу деңгейі алуан адамдарға арналған тәуелсіз журналистика курстарын қамтитын жоба.

MediaNet Халықаралық журналистика Орталығы 2004 жылдан бастап қызмет етіп келеді, бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 13 жыл ішінде Медиа-Мектептен 1000 жуық адам тәлім алды. Медиа-Мектептің көптеген түлектері редактор, радио тележүргізушісі, продюсер ретінде журналистика саласында жұмыс істеуде.

Білім және ғылым: Астанада практикалық журналистика курстары ашылды

Медиа-мектеп — бұл 3 ай бойы журналист мамандығының қыр-сырын үйреніп, беделді БАҚ-тарда тәжірибеден өту арқылы кәсіби тұрғыда шыңдалу. Медиа-Мектеп ұстаздары — БАҚ-тың түрлі салаларында қызмет ететін кәсіби деңгейі жоғары мамандар. Өз саласының қас шеберлері кез келген деңгейлі шәкірттерді қазақ және орыс тілдерінде оқытады.

Астанадағы Медиа-Мектеп Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен ашылды. Жоба әріптесі — КАЗГЮУ Университеті.

Медиа-Мектеп түлектері майталман журналистер мен білікті редакторлардан негізгі білім алып, кәсіби машықтарды үйренеді. Курс бағдарламасында: фактчекинг, медиа құқық, инфографика, мультимедиалық журналистика және басқа да көкейтесті тақырыптар бар.

— Медиа-Мектеп бүгінгі таңда өте өзекті жоба, ол біздің заңгер студенттерімізге практикалық журналистиканың машықтарын үйренуге мүмкіндік береді. Ақпаратты сауатты пайдалану, фактчекинг — бұл юриспруденция ғана емес, журналистикада да кәсіби іскерлік негізі. Сондықтан да осы жобаның Астанадағы алғашқы серіктесті болу біз үшін қуаныш, – деді КАЗГЮУ Университетінің Жоғары құқық мектебінің Директоры Сергей Пен.

Дүниежүзінде демократияның, құқықтық мемлекеттің және әлеуметтік нарықтық экономиканың дамуына өз үлесін қосуды мұрат ететін Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауының арқасында Астанадағы Медиа-Мектепте білім алу тегін.
Әрі қарай