Жақсысыңға сұрану

— Мен… Мен қандай адаммын, мен?!
Сені бақыттан басыңды айналдырардай,
Еліктіріп өзіме байландырардай
(Жә, не көрінді сонша осындай байлам құрардай?)
Адаммын ба?

— Қайдам…
Бақыттан бас айналмас болар,
Өзінсүйерге ешкім байланбас болар…
(Өзінсүйерде қайдан бас болар?!)
Жауабым: жоқ! Мен үшін – жоқ.

— Қалай? Қалай жоқ? Тұқыртпай қоя тұр…
Әрі қарай

сәлем

Сәлем!

Алғаш қазақша постым десем болады. Негізінде университетке түспей жатып тек қазақша сөйлейтінмін, университетке түскеннен кейін орысша сөйлеп жазуым басталды. Жақында қазақшаны ұмыта бастағанымды байқап, өз-өзімді қолыма алдым да қазақша кітап сатып алдым және соны қазір оқып жүрмін)

Тағы да, 11 сыныпта қысқы демалыста Опера браузерін қазақшаға аудару ниетім болған және де ниетімді жартылай іске айналдырғанмын, алайда кейін ҰБТ-ға дайындықпен, кейін университетпен жүріп қалып Опера туралы ұмыттым да қалдым. Қазір аудару үшін қайтадан сөздерге дұрыс аударуларын табу керек, кейін бірақ уақыт аудару керек, оған уақыт та жоқ, қызығушылық та жоқ.

Ал сайт жақсы екен. Жиірек отыруға тырысам.

Жаржан.
Әрі қарай

Digital бармақ!

Мына жігіттің есімі — Пранав Мистри. Бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде digital әлемді саусақтың ұшына сидырды. Төмендегі ағылшын тіліндегі видеода осы жаңалықты ашуға компьютердің қарапайым тінтуірі себеп болғанын баяндайды.

Әрі қарай

Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы

Блог - Orkenegro: Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы
Арамызда үміткерлер ұсыну кезеңінің «тез» біткеніне басын тізесін қойып тұрып қайғыратындар табылатын шығар. Себебі, бұл шеруде сұр бетоннан шыланған саяси сахнамыздың сәнін келтірген сәттер молынан болып еді, білесіздер. Қызықты «сәттерді» мен де қызықтап, орын-орындарына қоюға тырысқан едік. Олай-бұлай ауытқып кетсе, айып етпеңіз. Бұл – Өркеннің таңдауы!
Әрі қарай

Бүгін +2

Бүгінім күндегіден кеш басталды. Кеше қонақта болғанбыз. Жұмысқа келісімен КСКға соғып тапсырыс бердім, бір компьютердің ОЖ-н кері орнатып тастадым. Түсте досымның мәшинесін қыздыруға бардым. Онымен қызбады. Сәләркісі қатып қалыпты. Түстен соң жұмыс жүрмеді. Бір експеримент жасаймыз деп институттың интернетін құлатып алдық. Бүгінше лекірлеп басқа шлюзге қосып қойдық. Ертең саппыртқа соғып айту керек (ұмытып кетпесем). Керекте реал отырмын. Анау-мынауға ілінісіп, камент жазып. Басқа түк бітірген жоқпын.
Гаста бастамасынан зайыбым шыққан күні жазуды тоқтатамын.
Әрі қарай

Балалы келіншек...

Әбіләкімнің  ауылы: Балалы келіншек...

Қайсібір жылы екені есімде жоқ. Ауылдан ағамның баласы келді. Мектепке бармаған кезі. Зоопаркке апардым.Саябаққа апарып карусель-маруселдерге отырғызып жүргенмін. Очм, бір ойын алаңында інім қатарлы бала еріткен қызды байқадым. Жас шамасы өзіміз қатарлы.әдемілігі сонша бір-екі рет жұтынып алғанымды өзімде сездім.Балаларды ойын алаңына кіргізіп жіберген соң әңгіме бастадым.
-Бауырыңыз ба?
-Жоқ, ұлым ғой.
-Ммм, күйеуіңіздің жұмсыта болғаны ғой
-Жолдасым жоқ,өзіміз тұрамыз…
-Біздікінің де «мамасы» жоқ…
Әрі қарай

Демалыс

Бес күн жұмыстан соң екі күн демаламын. Демалыс деген аты болмаса жатыс шамалы. Оны – мұны шаруалар, тіпті той -топыр, қонақтықтың өзі адамды шаршатып болады. Сілең қатып келеді. Ол аз болғандай жұмыстан тел соғады: “Менің компьютерімнің пәлені жасамай қалды, бастық айтты срочно, міне саған қарап қолымның байланып отырғаны,” – дейтіндері тағы бар. Оған кетесің зыр жүгіріп. Сонымен не керек сағат кешкі тоғыз шамасында арқаң жерге зорға тиеді. Жатып алып ойлайсың: “Е-ер-ртең,… “- деп, ит-қырған списокты ой елегінен өткізіп, неден бастасам тиімді болады деп жатырғанда телефон шыр етеді.
Әрі қарай

Қайтпас Қайсаров

Қайтпас Қайсаров. Президенттіктен үміткер Уәлихан Қайсаровтың атын өстіп өзгертуге кеңес беремін. Өйткені өткенде қазақ тілінен емтихан тапсырудан «құлап» қалған Қайсаров, орталық сайлау комиссиясына қайта құжат өткізіпті. Бұлай болуы заңмен рұқсат етілген екен. Орталық сайлау комиссиясы әлі нақты шешім қабылдаған жоқ  деседі. Қайтпас батыр  қазір Хит тв-дағы ортасында тесігі бар қара көзілдірік таққан қос қыздың  “ Бір шанс бер, бір шанс бер” деген өлеңін ыңылдап, ОСК жақа үмітпен қарап отырған көрінеді.    Бұл жолы қазақ тілі емтиханын қатырамын депті. Сондай-ақ алдыңғы емтихан қорытындысы туралы лингвистикалық комисиямен келіспейтіндігін білдіріпті.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/11/%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%bf%d0%b0%d1%81-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2/
Әрі қарай

Суретке түсе білу де “өнер”…

Блог - TOTY: Суретке түсе білу де “өнер”…
Кеше қалада қапалақтап қар ұзақ жауды. Кабинетімнің терезесінен ауық-ауық сыртқа көз тастаудан жалықпадым. Біздің жұмыстың ауласы кең, айналасы ағаш, жанында кісі отыратын орындықтары бар. Жылы күндері үзілісте серуендеуге шығып тұрамыз. Бақтағы әр мезгілдегі маусымдық өзгерістерді сандық фотоаппарат алудың сәті түспей жүргендіктен, қалта телефоныммен түсіріп отыруға тырысам. Ара-тұра суретші жігіт Дәуренді шақырып, «суретке түсірші» деп мазалаймын. Кеше тағы бұрқақтаған қарлы ауа-райы реңіне қызығып, Дәуренге өтініш білдірдім. «Кезекті фотосессия ма?» деп күлді…
Жалпы, фотоға түсу менің бала күнімнен қаныма сіңген әдет. Өйткені, әкем Қуанышбек жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Хоббиі деуге де болатын шығар. Әлі күнге дейін үйде сақтаулы “Сеть-2″ фотоаппаратын тастамайтын. Мереке күндерді немесе кез келген сенбі-жексенбі әкемнің қолы бос уағын асыға күтіп журетінбіз. Онымен қоймай, «китайский» көйлектерден бастап, бірнеше ауыстыратын киім дайындайтынбыз.
Қазіргідей сандық үлгіде емес, кеңес үкіметінің аппараттары бір әуре еді. Фотоаппаратқа жарықпен белгі беретін қосалқы бөлшек “фотовспышка” жалғанады. Әкем «дайындал» деп шүріппені басқанда, бөлшек жарқ ете түссе, кадрде қалдым деп есепте. Бірде дәл мені түсірерде жарық қайта-қайта жанбай қалып, әкем «саған әдейі жанбай жатыр» дегеннен-ақ, өкпелеп жылап қашқаным есімде. Көбінде, суретке түсіру “рәсімі” осылайша менің «жылағаныммен» аяқталатын…
Фотоға түсуден бұрын, бізді шығаратын процесі қызықтыра түсуші еді. Сол мезеттерді ұйықтамай тосып, апайым Салтанат екеуіміз әкемді төңіректейтінбіз. Әйтеуір, түн уағында жарықты сөндіріп, қараңғы бөлмеде фотокассетадағы пленканы фотобачокта жуып сорғытатын, сосын «увеличитель» атты құрал аппараты болған, бертінге дейін үйде тұратын, қазір қайда екенін…, жә, ол маңызды емес, әйтеуір әкем әлгі аппараттың кішкентай ғана көзінен түсірілген сұлбаны тамашалауға рұқсат ететіне мәз болатынбыз. Одан кейін фотоқағаздарды пластмассадан жасалған, төртбұрышты арнаулы ыдыстарға салып, «фиксаж», «проявитель», «закрепитель» деуші ме еді, сондай бір қоспалармен жуатын, көз алмай қарап отырсаң, аздан кейін-ақ бейнең шыға келетін. Ең соңында кішкентай пинцетпен байыппен алып, су қағаздарды кептіру үшін кәдімгі, біз «тримо» деп атайтын айнаға жапсыратын. Таңертең сурет дайын. Мінекейіңіз, қаншама машақаты көп дүние.
Е-еее, «Балалық шағың – патша тағың»… деген осы. Айпақшы, сол жылдары басқа елдімекендерге қыдырып бара қалсақ, дүкендерден фото шығаруға қажетті материалдар іздейтінбіз, «дефициттердің» қатарында еді. Қазіргі заманның баласының керек-жарағы бәрі алдында, тек меңгеріп әкетсе болғаны…
Әрі қарай