Фотожұмбақ: Мүбәрактың костюмінде не бар?

Мысырдың төртінші президенті болған Хосни Мүбәрак өз тағында отыз жыл отырды. Билеуші кетісімен, оның көлеңкесіндегі көп сыры ашыла бастайды емес пе? Бұл жолы да байқампаздар Мүбәрактың костюмінен «мін» тауыпты. Ол не болды екен?

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/10/%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d2%9b-%d0%bc%d2%af%d0%b1%d3%99%d1%80%d0%b0%d0%ba%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d0%ba%d0%be%d1%81%d1%82%d1%8e%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d0%bd%d0%b5/
Әрі қарай

Суайт

Оның суайттығында шек жоқтын. Мен өтірікшімін дегендер оның өкшесін басуға жарамай қалатын. Сенбесеңіздер міне, танысыңыздар!
1-ші әңгімесі.
Әкем жылқыға бар деген соң ала атымды ерттеп жылқы іздеуге шықтым. Қарала тазым қоса ерді. Бір кезде алдымыздан қоян қашты.Қарала тазы қуып берді.Қоян қалың шіліктің ішіне кіріп кетті. Тазымның соңынан мен дежеттім шілікке. Қоян жоқ, итім қақиып тұр бір орнында.Жақсылап қарасам қаралаға қарама-қарсы бір кобра «ысылдап» тұр екен… Әрі қарай оның әңгімесін біз бөліп жібереміз.
-Кетшій, өтірікті айтсаң ұйқастырып айтсаңшы…
-Қарағанды жақта қайдағы кобра…
-Жәй оқ жылан шығар…

2-ші әңгімесі.
Бұзау іздеп жүрген маған қарама-қарсы жолығып қалды әлгі қу. Сірә, оның да іздегені бұзау болса керек. Байқастап қарасам белесепедінің рамасы бір жағына майысыңқырап қалыпты.
-Өй, мынаған не болған?
-Е, кеше-жәйбірақат айтады өзіне тән мақамымен-көрші ауылдағы қызыма барып келе жатқам.Рөлде ұйықтап кетіп, мосттан асып түстім…
Әрі қарай

Ұлы музыкалық безендірулер. Брэд Фидель, «Ақырзаман»


Тұра тұрыңдарш, жылавалайын шамалы… У-у-у-у… Болдым.
Кейде, «неге ғана осы музыканың авторы мен емеспін, а нақ?» деп ашуланып, немесе «осындай музыка жазбағасын, қойыма өмір сүріп жүрмін бе?» деп, балконнан секіріп өле қалғың келетін шығармалар болады. Солардың бірі –
Әрі қарай

8 наурыз бен ҚазҰУ

Бізге осы апта аралық бақылау жүріп жатыр. 7 апталық біліміңді қорытындылап, балл қояды. Кейбір жомарт та «түсінігі бар» ағайлар 8 наурызға сыйлық ретінде кейбірімізге үстеме балл сыйлады.)) Ал, үнемі тәртіппен жүретін талапшыл Нұржан ағайымызға мерекені пайдаланып балл үстемелетеміз деген қулығымыз іске аспады. «Қайдағы мейрам? Әлі табандай 4күн бар ғой!»деп құтылып кетті. Көрші аудиторияда болып жатқан 8 наурызға арналған көңілді кешке де бармастан, терлеп-тепшіп, бақылау жұмысын жаздық.

Әйтеуір, университет абыр-сабыр. Қай корпусқа кірсеңіз де, гүл немесе жұмсақ ойыншық ортасында айналасына шуақ шаша сыңғырлай күліп кетіп бара жатқан гүл-қыздарды көрер едіңіз.
Сабақтан соң факультеттің бірінші курс ұлдары ұйымдастырған кешке «арнайы шақыртумен» бардық. ))

-1- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Қыздар, қыздар, сұлу қыздар…

-2- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Жанарың оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып…

-3-4- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Асыл әжем, асыл әжем…

Иә, сөйтіп бізді «әже» деп ардақтап төрге отырғызып, концерт берді)

Одан шығып, тағы да Студенттер сарайында ҚазҰУ-дің 8наурызға арнап ұйымдастырған концертіне бардық. Проректорымыздан бастап, университет академиктері, профессор ағайларымыз, студент жігіттер өз өнерлерін көрсетті. Бастысы — шынайы. Көзілдірігінің үстімен қарап дәріс оқитынына ғана үйренген кәрі ағайларымыз баладай жадырап көз алдыңда ән шырқап тұрса қалай болады? Жылдам әуенге ілесіп, қорбаңдап билесе ше? Мен бұрын-соңды залдың мынадай құрметпен қол соққанын көрмеген шығармын. Ағайларымыз да, апайларымыз да, өзіміз де мәз-майрамбыз. Асылы, мереке дегенің адамдарды бір-біріне жақындата түсе ме деймін, «Мейрам» түсінігін ойлап тапқан адамға кім-кімнің де алғысы шексіз болса керек.
Көгілдір көйлегі көлбеңдеген ерке көктеммен ере келген әлемнің сәнін келтірген әйелдер қауымының мейрамы- 8 наурыз құтты болсын!
Әрі қарай

Ер қаруы- бес қару

Осынау бос жатқан иен даланы түйенің қомы, аттың жалында жүріп бізге қалдырған бабаларымыз ер жігітте бес қару болу керек деп санаған.Олар :1. Садақ (кейін келе мылтық. Білтелі мылтықтар мен бердеңкелерді кеңінен пайдаланған). 2. Найза. 3. Қылыш. 4. Шоқпар. 5. Айбалта.Ату қаруына садақты, кесетінге – қылышты, шаншитынға – найзаны, шабатынға – айбалтаны, соғатынға – шоқпарды таңдап бес қару деп атаған.

Садақ.

Құлаты тауға қол салып,
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың ен бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екеміз?!-деп жырлайды Ақтанберді жырау.

Әрі қарай

Астаналық блогшылар!

Презентация жасайтын болсаңыздар, лажы болса ертеңге дейін, максимум ертең кешке дейін Өркеннің поштасына (jas_orken@bk.ru, orkend@gmail.com) жіберсеңіздер.
Осы сайтта баннері ілулі тұрған блогтар байқауына қатыссаңыздар! Мақпалдың айтуынша, астаналықтардың белсенділігі алматылықтардан қалып тұр екен!
Әрі қарай

Көш кері кетсе, ақсақ түйе алдыға шығады

Алдағы сенбі – бесінші наурыз Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы болған Әлихан атамыздың бұ дүниеге келген күні… Биыл, міне осы мерейлі дата дөңгеленіп, 145 жылға келіп қалыпты. Кәк всегда кербақай үкіметтен қайыр жоқ қой. Тілеуің бергір Тұрсын Жұртбай, Серік Ерғалилар тұрғанда, Астана жастары саяси гедониядан сауығудың жолы деп, «Отан-Ана» монументінде еске алу рәсімін өткізбек ниетте. Әрине, Әлихан атамызды. Осы хабар жеткен астаналық жастар сенбі күні, сағат 11.00-де “Отан-Ананың” алдында тұрса дейміз тізіліп.  Біз боламыз. Бұйырса. Сіз де болыңыз. Қалтаңыз көтерсе, бір құшақ гүл аларсыз. Көтермесе, ешкім кінә тақпайды. Алаш рухын аңсайтын, Алаш идеяларының орындалуын қалайтын азаматтар бұл шарадан тыс қалмаса дейміз. Негізі айтпағым бұл емес еді.
Әрі қарай

Қабылдау

Егер «адам» деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталқы не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына, құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі — жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

«Организмі» дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын.
Сөйте тұра, біреуді бір типажға жатқызып, біреудің басына айдар таға салатын кездерді миымның жалқаулығы деп ойлаймын. Қыртыс-қыртыс сұр түсті зат ойланудан бір жері «күйіп» істен шығып кетпеу үшін бір ыңғайы келген анықтамамен қорыта салады.
Әрі қарай