Ұлы музыкалық безендірулер. Брэд Фидель, «Ақырзаман»
Тұра тұрыңдарш, жылавалайын шамалы… У-у-у-у… Болдым.
Кейде, «неге ғана осы музыканың авторы мен емеспін, а нақ?» деп ашуланып, немесе «осындай музыка жазбағасын, қойыма өмір сүріп жүрмін бе?» деп, балконнан секіріп өле қалғың келетін шығармалар болады. Солардың бірі – Брэд Фидельдің «Терминатор-2» фильміне жазған музыкалық сүйемелдеуі.
Брэд амиго, фильмнің көңіл-күйін дәл түсінген. Фильмнің сарыны — драма болғанымен, көршіміз қазақтар сияқты қобызды алып, күңіренте жөнелмеген. Драма болғанымен, сол драмадан құтылу амалын толассыз іздеген адамзаттың машиналармен күресін сипаттайтын музыкалық сюжетті бір қамтамасыз етсе, темір-терсекке толы фильмнің қаңғыр-күңгірін және қамтамасыз еткен. Жеке өзімдікі, осы музыканың фонында толассыз жұмыс істеп тұрған әлдебір темір-терсектердің дауысынан тұрып кетед. Ал, я шіркеу қоңырауына, я екі темірдің соқтығысына ұқсата алмайтын дыбыс тіптен сәтті шыққан. Шіркеу қоңырауы батыс адамында әдетте апокалипсис, катастрофа сезімдерін шақыратыны рас. Аянышты мюзик адамзаттың ит-шошқа болашағынан сыр шертсе, темірлердің қаңғыр-күңгірі – лібә, мен болмасам да, басы тігіп істейтін біреулер машиналармен күресіп жатыр, үміт бар деп жатқандай, нақтың.
Не жесек те, Брэд Фидель амиго техно мен классикалық монументалды музыканы синтез жасай білген. Лібә, тыңдаған сайын қорс-қорс жылайм, «амиго-ай, сенің денсаулығың үшін дүниенің басқа бұрышында жүзелу грамм алдырып қойып жатқан бір пяншік барын біле ме екенсің?» деп.
Зерттеп-зерттеп, ақыры тым ақылды болып кеткен машиналардың адамдарды наққа жіберуі… Темірлерден қашып-пысқан адамдардың ит-шошқа тірлігі… Таяп, төніп тұрған катастрофа… Шешесс-ай, қашан тыңдап тояр екенмін сен нақты…
1 пікір