Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман маусымашары жайлы

Сіресі қатып, көңі кепкен блогымды жаңғыртуға не себеп? Соңғы жылдары қазақтілді Жайдарман ойындарының көрермені болып жүрмін. Мейірбан, ілтипатты көрермен деуге келмейді. Бірақ ойын ұнайды.

Сонымен, қайырлылау күн, жайдарманшылар, олардың көрермендері және керекинфоның кездейсоқ-тұрақты арамтамақтары!
Осы жолы Қазақстан КВН Одағының жыл сайын өткізетін лигаларын қалыптастыратын маусымашар фестиваліне барғанмын.
Маусымды кім ашса, сол ыстық. Ғм-ғм, жарайды, бұл мәтел бет туралы болатын, бірақ бұл жағдайда да ақиқаттан алыс кеткен жоқ. Маусымды тұрақты түрде Есен есімді ағай мен редакторлар қауымы ашады, ал олар сендерге анық ыстық. Ыстық болмай көрсін…
Әрі қарай

Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов


Жақында бір жас мүсінші жігітпен таныстым. Аты Айдос, өзі Арқалықтан екен. Мүсін өнерінің қызық бір жанрымен айналысады екен. Гиперреализм деген жанр. Гиперреалистердің шығармалары бір қарағанда балауыздан жасалған мүсіндерге ұқсайды. Бірақ, бір ерекшелігі балауыз емес силиконнан жасалады және барлық кішкентай детальдарға мән беріледі.
Әрі қарай

сіз қайсын таңдайсыз?

мына видеоны көріп отырып ойға шомдым. Бізге бәрін білу міндетті ме? өзім кейбір сұрақтарды шын, білмедім))), а былай оп/оңай сұрақтар көп болды ие ;)
сұрақ қойсам төменде қысқа-нұсқа жауап берсеңіздер ;)

Өзіңіз қай жауапты таңдар едіңіз(жауап
Әрі қарай

Jive ДЖАЙВ биі

Джайв биі АҚШ-тың оңтүстiк-шығысында XIX ғасырда пайда болды.Ол негрлер биі болып саналса да, Флоридадағы үндiстердің әскери биі деген болжам бар және де негрлер оны Африкададан Америкаға әкелген, содан соң үндiстер билей бастады деген де болжам
Әрі қарай

Жақсы ән шығу үшін не керек?

Соңғы уақыттары эстрадада сөзі ұйқаспайтын, әні бірқалыпты өлеңдер қаптап кетті. Онда да ақын/сазгерлерін қарасаң, аты шыққан, қолдау тапқан адамдар. Бірақ одан ән де, әнші де хитке айналып жатқан жоқ. Әншілер де ортанқол дүниелерді айтып әлек, көбіне той әндері. Жалпы хит әндер туу үшін не керек?
Әрі қарай