Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов
Жақында бір жас мүсінші жігітпен таныстым. Аты Айдос, өзі Арқалықтан екен. Мүсін өнерінің қызық бір жанрымен айналысады екен. Гиперреализм деген жанр. Гиперреалистердің шығармалары бір қарағанда балауыздан жасалған мүсіндерге ұқсайды. Бірақ, бір ерекшелігі балауыз емес силиконнан жасалады және барлық кішкентай детальдарға мән беріледі.
Айдостың шығармашылығымен сіздер де таныс болыңыздар:
Абылайханның 300 жылдығына.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап Елбасы мүсіні:
Мынау КТК арнасының Айдос туралы сюжеті:
Ал, мынау Айдос өзі дайындаған видео. Мүсіндердің қалай жасалатынын көре аласыздар:
Айдостың айтуынша әлемде гиперреализммен айналысушылар саны өте аз. Ал, Қазақстанда өзінен басқа ешкім жоқ. Осы жанрды дамытқысы келеді, қолдау күтеді. Мұндай мүсіндер балауыз сияқты емес ұзақ сақталады және кино өнерінде көп қолданылады дейді. Киношылар да назар аударса екен дейді жас мүсінші.
Киноға арналған мүсіндердің суреттерін мына жерден қарасаңыз болады.
Айдоспен хабарласамын десеңіз:
Телефон: +7 702 409 99 98
Email: aydos8627@mail.ru
алға,қазақ ұлангдары!
Айдостың өнері керемет екен.Таң қалып тамсанудан көрі қолдау керек осындай жастарды.
ана видеоларын қарап көріңдер, қандай қиын жұмыс екен түсінесіңдер.
Ана бір жерде противогаз киіп әрлеп жатқанына қарағанда, аздап химикат бар боп тұр ғой құрамында. Әлгі мұражай қызметкерінің сескенуі содан ба деймін.
жақсы шыққан, бұндай бейне жасау қиынын қиыны ғо
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, мына суреттерді салушылар (бейнелерді жасаушылар) Қиямет Күні азапталады. Оларға “Жаратқандарыңды тірілтіңдер”, — делінеді»(Бухари 5951, Муслим 2108).