Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.

Бизнесмендер файерлі билерімен есте қалды. Яки, аяққа от-шашу байлап билеуі — креативті. Кюнетті тұспалдаған қойылым, «разборкалар» жайлы әзілі жақсы. Соңғы сөзі әлсіз. Соңында біз болдық, келесілеріңе деген сияқты микрофон көтеріп шығып бара жатуы – тәжірибесіздік не немқұрайлық, бұл командада айқын көзге қораш болмағанымен, алайда кейін тағы осындай бірнеше команда болды. Залда отырған адамдар бар, концерт қой қалай дегенде де… Жалпы алғанда, той бастаған ортеке үшін жағымды әсер қалдырды.

Шапалаққа шапалақтағанды ар санамадық. Келтірген мақал-мәтелі орташа, Бұлғақовтар жайлы дуркасы жақсы. Аяқ киімін сүртпей шықтық, бұл да есте қалудың бір жолы… Орташа.

Феноменнің Қайрат Түнтековке қатысты қалжыңы есімде. Ру сұрау жөніндегі әзіл мен кейіпкерлерді сөйлетіп, менің атым Қожа дейтін миниатюрасы орташа. Әдебиет маусымы былтыр болатын… Бірақ ой жаман емес, тұздық бар. Қызық.

Тұранның алақандағы ақша жайлы көрсеткені екіұдай, биі — қойылған, тәуір. Жалғыз оқушы туралы қойылым – өте жақсы. Кодасыздық – опасыздық емес, өздері солай шешіпті.

Ару.kz – Арқалық қаласының ащы шындығын әзілмен жеткізді. Балкон бояу, 17 ғасыр жайлы әзілдері – бәріне өтті. Ернар Айдардың әнін Айнұрға теліп айтуы мырс еткізеді, жалпы — банальды идея. ҰБТ жайлы айтып кетті, тарих маусымында тарихтан 5-ке тапсыру адам сүйер қылық болары сөзсіз. Ең күтпеген қызық өнер көрсету болды.

Инженерлер – 2030 жылғы метро жайлы әзіл – жаман емес, қолбасшы жайлы қағытпа осыларда ма еді? Актерліктің ұшқыны бар. Басқа комментарий жоқ.

Рахмет – ән мен сурет, бақа жайлы бірдеңе, соңғы әндері жақсы. Рахмет, қысқасы. (дұрысы — рақмет)

Арал жастар құрамасы — «лап»! «Лап» жайлы әзілі, таксидегі оқиға, Қайрат Нұртастың «Арманы», және, бастысы, әже тәрбиесін алған рэпер! Керемет! Осындайда маусымға қалдыру керек пе деп ойлап қалам мұндай әзілдерді… (Кейін, орташа әзіл ойнаса, тағы бұрқылдап сөйлейді дейсің. Иә, маған жақпайсың).

"Тәтті құрама – тәтті команда" деп жазу ойға келеді әлеуметтік желіде. Бірақ мен осынша банальды адам емеспін. Бәрі жазып жатқан шығар солай?
Өте сүйкімді балақандар командасы, Есен ағасына сыйлық берді. Жоғары лигада қашан ойнайтындарын айтты, өз алаңындағы тақырыптар – пәндер диалогы, автокресло жайлы қойылымдар балалар үшін жақсы. Үміт күттіретін команда. Соңғы ішкі әзілі жарып кетті деуге болады.

Жәке командасы – өздерінің атауы қайдан шыққанын түсіндірді. «Жккэ, ііііһ» деп іштен соққы алған баланың дауысымен айту керек. Сұйықтау. Операция жайлы әзілі оригиналдықтың иісі аңқиды. Түркістан жайлы соңғы сөз айтты. Өзіме ұнамайды мұндай кодалар.

Абай даңғылы, 8 мекен жайы бойынша орналасқан оқу орнының командасы – жоғары лигаға мейман жиі боп кететін команда. Шыңғыс ханның 500 әйелі жайлы әзіл өтті. Жақсы өтті. Маусымашар – той болса дегені құлақтан тартып алынған идея, бірдеңе жетіспейді. Соңы онша емес, жалпы.

Өскемен қаласының құрамасы – «Жау шапты» дегенді бірнеше әуезбен көрсетті. Сондықтан, қазір не айтатынын (қалай айтатынын) біліп отырдық алдын-ала. Арықтау, перзентхана жайлы – болады. Қыздың айтқан әні – жақсы, жалпы әншілері — жақсы.

«Шу-ЧУ» өз қызықтары жайлы айтты. Парик пен қыздың ситуациясы – жаман емес. «1 рет көрсеңдерші, қысқасы». Премьер-лигадан жоғарыға өткен команда бір-екі ойын өтіп қалуы керек.

Қармақшы құрамасының биі қойылған. Ауылдары жайлы кекетеді. Шүберек ситуациясы – экспромт, тіпті күтпеген жағдай болып қалды сахнада. Зал демала алмай қалды. Егер бұл Жайдарман болмағанда, қатты «позор» еді мұндай оқиға. Былай тамаша! Кодалары – орташа, дәмсіз.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Павлодар жастар құрамасы – шаршамайды, әйтеуір. Әндері жақсы, Еуростандарт жайлы әзіл – екіұдай, күлуге ниетті болған жоқ зал. Миниатюралары орташа, 1/8-дің командасы.

Күлтегін – жеңіл әзілдер, бірақ маусымды жыртамыз дейді. Финалдағыдай қойылымдар маусымда шығады деп сенемін. Әндері — достық жайлы. Жалпы, ерекше ештеңесі жоқ. Өкінішке орай.

Жұлдызды жігіттер – гримсіз шығатын жігіттер. Билері – қуатты. Дискотека – жақсы, казармадағы соғыс – тапқыр, тамаша. Тек… бұл Мәскеудегі премьер-лигада ойнайтын «Самараның» идеясы болмағанда… Самаралықтар мұны бірнеше жерде көрсеткенін атап өтуім керек. Сондықтан, жігіттер, ай-ай-ай… Кодалары – жақсы.

Сағыз – жалпы, көру керек мұны. Әсіресе, бастапқы айтылатын командадағы жоғалған қыздар жайлы.

Үлкен кісілер – қазіргі командалардың әзілін қағытты. Өз кездерінен бір партия әзіл типін көрсетіп, алғыс айтып әндетті. Бұларға сыным жоқ. Сын айтуды мәнсіз деп санаймын.

Күлкі терапиясы – әлсіз.

Альянс – өз дауыстарымен ән айтты. Бірақ тым қатты сеніп қойған сияқты дауыстарына. Фронтменнің «ң»-ға тілі келмейтініне үйренгенбіз… Шешіндіру жайлы қойылымдары жақсы.

ҚазҰУ – бастапқы қағытпаларынан Олимп жайлы қалжың мен екі қытайлық жекпе-жек шеберінің айқасына дейін деңгейді ұстап шықты. Соңғы сөздері тебірентерлік болды жалпы, бәріне рақмет айтып, жылауға жаздады. Өзіме қатты әсер еткен жоқ, сорри. Бірақ реті солай сияқты, чемпиондар кеткен кезде шамамен осылай кетуі тиіс шығар. Қысқасы, бұл жігіттер ешкімге ештеңе дәлелдеуге тиіс емес, дәлелдеп қойған. Жай ғана: оларға да рақмет.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Бұл күнгі ойында жартысынан жуығы ерекше бірдеңе жасады. Енді маусым һәм мансап бойына өз ерекшелігін табу керек. Кей командаларға. «Біз — өмірдің өзінен алатын командамыз» деп, өмірдің өзінен ситуацияларды тере жүруге болады. «Біз тосын жайдарман ойнаймыз» деп, миниатюраларды күтпеген оқиғамен бітіруге болады. мысалға айтып жатқаным, тек бір ойынмен шектелмесін ерекшелік деп. Жалпы, классикалық ұлдар командасы болып та жаруға болады. Тіпті ондай командаларда жеңіс ықтималдығы жоғары шығар.
Соңғы әнде сахнаға шықпаған кей командалар жүргенін ескерсек, редактура тып-типыл жеңіл етті деуге де келмейтін сияқты. Мені бір жымитқаны, командалардың «Біз маусымдамыз!» деп хабарлай беруі. Сендер не, инкубатордан шықтыңдар ма? Жоғары тұрмақ, ырық-сырық аймақтықтың орынбасары — жартылай аймақтық лигаға қатыссаңдар да, маусымда екендеріңді түсініп тұрмыз. Бәрің әйтеуір бір жерде маусымдасыңдар ғой. Сонан соң, біразы сөйтіп айта берген соң, «Жоқ, қыртымбайлар, сендер ақпандасыңдар!» деп отырдым ішімнен. Ешкімнің ойына келген жоқ па мұндай қалжың?

Жоға, жалпы жаман болған жоқ. Тек сәл жинақылық керек, тиянақтылық, сахна сүзгісі. Оқып отырған қауым, пікір сұрап, немесе неге келісіп-келіспейтіндеріңді осы жерге не ресми парақшаларына қалдырсаңдар да болады. Боқтау ниеттілер тек осы жерге қалдырыңыздар. Көзқарастарыңды салыстырып көргілерің келетіндер эфирді күтіңдер.
Жалпы, тарих маусымында сәттілік, және шабыт тілеймін. Бірегей командалар көп, шынымен көбінде — мүмкіндік шамалас, және командалар да қызық. Командаларға кәсіби әртіс болу — міндеттерің демеймін, бірақ соған ұмтылу – көрерменге құрметтерің деп білемін. Жоғары лига, әсіресе. Бірінші 1/8-дік ойында тағы бір қарармыз.
Түгесілген сияқтымын. Тым ақылды сөздерді өткен жазбамда айтып қойғаным өкінішті-ақ.

Сурет беттің қалыңдығымен ресми парақшаларынан үнсіз алынды
Бөлісу:

5 пікір

johni_baikonur
сол күні ойнаған 23 команданың 22-сін жазыпсыз!
Medium
қай команданы ұмытыппын?
«плинтустан төмен болған шығар, тiптi менiң есiмде жоқ» деп жазып қояйын.
ErasylHayrullaev
биз маусымда емеспиз биз акпандамыз деген азил миынызга енди келип жатса дал сол азил Абай дангылынын фронтмени Ондасыннын ойына осыдан бир жыл бурын келип койган жане сахнада айтты да эфирде де бар!
Medium
Уа, пенде, Ондасынга салем айт, Медиум он жак буйиринен лайк басты де. Су тигизбесин, касымасын, бортип кетед.
merekeee
Айтпақшы, Сағыз бен Ұлттық құрама үшін де жанкүйер екем ғой. Күлкі терапиясы жайлы «шұбыртпа» пікіріңіз команданы көрмей қалмау үшін аңдып отыруға мәжбүрлейді )
Ал, Қармақшының шүберек ситуациясы эфирден "қиылып" қалатын жағдай ма, әлде, сценарий бойынша?
Шолуыңызға рахмет (немесе, рақмет)!