Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.
Әрі қарай