Ақша өнердің дамуына кедергі ме?
Ақшаның көптігі өнердің дамуына кедергі ме? Өнерді дамытудың орнына керісінше оны тежей ме?
Мен бүгін қазіргі күлкі театрлары және қазақы әзіл туралы айтқым келіп отыр. Менің ойымша күлкі арзандап кетті. Театрлардың саны көп, сапасы жоқ. Бұрын тек Тамаша ғана бар еді. Ол жерге тек ең үздіктер ғана шығушы еді. Актерлар шынымен өнер адамдары еді. Ал қазір ше? Бауыржан Тамашадан бөлініп шыққанан кейін басталды неше түрлі театрлардың көбеюі. Ешкім ешкімнің қоластында істегісі келмеді ме, әлде жаңа стиль жаратқысы келді ме? Себептері көп шығар. Бірақ, басты себептердің бірі ақша деп ойлаймын. Яғни, ақшаның көптігі театрлардың көбеюіне әкеп соқтырды. Нәтижесінде театр құрамдарында сапасыз актерлар, сапасыз сценарий, сапасыз әзіл.
Соңғы жылдары мұндай театрларды қарамай кеттім. Жақында үйге базардан дискісі әкелінгесін шамалы қарап көрдім. Түк өзгеріс жоқ. Сол баяғы айқайлап сөйлеу, халатпен шығатын топас әйел, алқаш күйеу, қатын-кемпір болып киінетін еркектер, тілін шайнап сөйлейтін қыз… Бірақ, осыған халық барады ғой. Неге? Өйткені шыны керек біздің халықтың әзіл түсіну деңгейі төмен. Әзіл жіңішке болмауы керек, қалың, көзге көрінетін болуы керек. Ал мындай театрларда әзіл сондай. Көрерменге тіпті визуал көріністің өзі жетіп жатыр. Киімі, бет-аузы, жүрісі күлкілі болса да болады сөзі күлкілі болмаса да.
Қысқасы, ақша осы қазақша әзілдің дамуын тоқтатты деп ойлаймын. Сіздің пікіріңіз?
Осы жағдай күлкі театрларында да бар. Адамдар актердің мұрнын шұқысы, артық әрекет, анайы сөздер айтса ғана күледі. Біздікілерден тек «Базар жоқ» қана ұнайды.
Арзандап кетті.
«Тамашаға» зар болдық қой…
«тамашанының» бұрынғы заманғысын көрген мен сияқтылар қазіргі театрлардың қойылымдарын сонымен салыстырып отыратын шгығар.
«Бауыржан шоу» басында жап-жақсы ту көтеріп еді, кейін масайрап, сиырқұйымшақтанып кетті.
Қазіргілерден іліп аларлығы осы «Базар жоқ» қана. Тек, жігіттер ізденісін азайтпаса екен.
Бауыржанның өзі де сол кредодан айнып кетті соңғы кезде.
Жалпы, әркім үй ішінен үй тікпей, мықты бір үлкен театр қалыптастырып, бір концепциямен жұмыс істеп көрсе қайтер еді?
Меніңше театрларда кәсібилік жетіспейді. Көбісі дарынды болғанымен, әуесқой. Кәсіби білім алып, театрда өнерлерін көрсетсе тіпті жақсы болшуы еді ғой.