Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойынҮшінші ойыннан кейін іле-шала үш бүтін оннан бесінші төртінші ойын өтті. Бұл 1/8-дік алғашқы айналымды тәмамдайды.
Иә, осы күні жюриде ескі де жаңа тұлғалар келесі межеге өткен командаларға тағы да үш команда қосып беру шешімін жасады.

Игі емес дәстүр бойынша, бұл ойынға да бір команда келе алған жоқ. Бұл жолы — «13 аймақ», болашағынан үміт күттіретін команда. Бірақ ұйымдасу (тіпті ойынға даярлық жөнінде де) жағынан немқұрайлы қарайтын топ. Айтып-айтпай не керек, екінші ойын қатарынан 4 командалық ойын. Обалы нешік, бұл жайт сапасына теріс әсер етті дей алмаймын.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын

Эфир уақыты өтті, бәрің қарадыңдар ма?
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бiрiншi 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман,  бiрiншi 1/8 финалдық ойын
Жайдарман — жайдары ойын, жақсы ойын. Маусымашарға барғалы да бірер айдың жүзі болды. Содан кейін Жоғары лиганың маусымын қадағалаймын дегенім енді өзіме жүк болды.
Осы уақыт ішінде әлдебір ерекше ештеңе бола қойған жоқ, аса бір мейірбандана қойған да жоқпын. Сондықтан, көзі қарақты демесек те, көзі кіржиген көрермен ретінде өткен ойындар жайлы өз ойыммен бөлісуді жалғастырамын.
Сөзсіз, бұл пікір жеке менің интеллектуалдық санама, әзіл түсіну қабілетіме және тәжірибеме негізделген. Бірақ, көптің бірі, пікір әртүрлі деп, жылы жаба салуға болатын жай емес. "Қырықтың бірі — Медиум Қыдыр" деген… Оның үстіне, менен өзге фундаменталдыға жуық шолу жасап жүрген пенде көргем жоқ, сондықтан күллі көрермен атынан жазылған мақала деп қабылдаңыз. Назар аударыңыз: көрермен, жанкүйер емес. Жанкүйерлерге, әдетте, объективтіліктің иісі мұрнына бармайды. Біз — ақиқаттың ақырғы Ақыртасы болмасақ та, бүйрегіміз ешкімге бұрып тұрған жоқ.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал

Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!
Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Естелік ескіре бастағандай, еміс-еміс есімдегін жуырда болған эфир қайта жаңғыртты. Енді? Шоламыз ба, қайтеміз?
Ок. Сонымен, бұл күні ойнаған ұжымдар мынадай атаулармен топтасқан жастар еді:
1. Аягөз құрамасы, Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
2. Сырдария құрамасы, Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
3. Сағыз құрамасы, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы;
4. Жаснар, Алматы қаласы;
5. Күлтегін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын
АЭСА, қысқасы. Бәзбіреулер секілді кеткен командаларды сөгуішлер қатарынан емеспін. Әрине, көрермендер үшін жақсы командалардың маусымда болғаны жақсырақ. Оның үстіне, бастаған нәрсені соңына дейін аяқтау уәжіп қой. Бірақ, не болса да, әрекет еріккеннен жасалмағаны түсінікті… Қысқасы, қандай жолмен екені маңызды емес, Жайдарманнан тағы бір түлектер ұшты, үлкен өмірге жоллдама ап кетті, кіржиіп, Медиум тілінше айтсам, ересек нан табуға да аяқ басты. Тоқетері, АЭСА-сыздықтағы ақырғы ширек финалда былай бастан өткердік…
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын
Әлгіндегі ойыннан кейін 10 шақты күн өткен болатын. Кезекті ойынды көруге бардым.
Ойында кіржиген көзқарасымның фокусына 4 команда ілінді. Немене??? Неге 5 емес?
Жоқ, команданың ниеті ұрып тұрса да, өмірде түрлі жағдай болады: қаржылық, ұйымдастырушылық, бюрократиялық, адами фактор мәселелері ойынға аттануға кедергі болуы мүмкін. Оның үстіне, әскери оқу орнындағы команда болса. Бірақ, оны түсіністігі бар мейірбан адамдар ойласын, ал менің бас қатырғым келмейді.
Жоғары лигада ойнау үшін қаншама команда арттарын жыртып, тырмысып, уақытын кетіріп, даңғыл жол жүреді. Ал өте салып, келмей қалу…
Әрі қарай