Қызық қарым-қатынас

Кеше пірәпесірдің ұлының жүріп жүрген қызының, яғни, болашақ келін баланың үйіне қонаққа барғанбыз. Сондағы Татьянаның өзін-өзі емін-еркін ұстағаны ұнады. «Болашақ қайын атам келді» деп сасқалақтап жүрген жоқ. Жақсы қыз екен былай. Біздің атай да өзі тым қарапайым кісі ғой. Қызықтың көкесі шай ішіп болған соң басталды.
Әрі қарай

Святогорск. Монастырь

«Бір кесе шайға бола, солардың діндеріне өтіп кетіпті» © Сатыбалды

Алдыңғы тақырыпта айтқан Богородичное селосынан 5 км жерде Святогорск селосы орналасқан. Ол жерде православтық ерлер монастырі бар екен. Ішінде музей, сувенирлер тағысын-тағы
Әрі қарай

Донецк өзені. Байдаркамен сапар


Кеше профессор Шелепов Жандос екеумізді Донецк өзенінің жағасында орналасқан Богородичное селосындағы саяжайына алып барды. Донецк өзені — 1,5 миллионнан аса халқы бар Донецк қаласын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Міне, сол өзеннің бойымен
Әрі қарай

Донецк. Танысу

Өліп-талып кешкі 8-де Донецкіге де жеттік. 3 сағат айырмашылықты ескерсек, түнгі 12 десе де болады. Рейстің 2 сағатқа кешігетінін білгенде, Киевті аралай тұратын едік.
Профессор Шелепов өзінің «Тавриясымен» күтіп алып, университет қонақүйіне алып келді. Тынығып, қаланы аралауға 1 күн мұрсат берді, сосын мұрын қанағанша жұмыс істейсіңдер деп)))
Енді суреттерге сөз берейік:

Рейс кешігуде
Әрі қарай

Хохляндиядағы соңғы күндер немесе Севастополь портына саяхат

Украинадағы күндер де аяқталды, міне… Қызық… 2 ай бойы сыртта жүрсем де, алыстығын еш сезінбедім. Ол үшін интернетке мың алғыс: Агент, Фейсбук, Керекинфо жападан-жалғыз отырған кештерді мәнді етті. Бәрібір кейін қайтатыныңды біліп тұрғасын (иншалла!) жылауық сағынышқа да жүрегімнен орын болмады. Тек қана позитив.
Осындағы достарға да рахметімді айтамын: «Әпкееее» деп жымиып тұратын Теріскейге, «Өйт-бүйт» деп кеңес айтып тұратын Жаннаға, «Бұқақақалап» жыныма тиетін Қарасақалға, «Шрақ, слм» деп позитив ұсынатын Монтиға, аздап қанымды ішкен Гастаға, арасында отпускке қашып кеткен Саммитаға, керемет сюжеттерімен өлтірген Сатекеңе, өлең арнаған Қисыққа… бәріне, бәріне!
Әрі қарай

Воронцов сарайы

Жолымыз түсіп, Ялтаға 20 км жерде орналасқан Алупка селосындағы Воронцов сарайына барғанбыз. Сарай 1828-1848 жылдар аралығында Новороссийск өлкесінің генерал-губернаторы граф М.С. Воронцовтың жазғы резиденциясы ретінде салынған. Айналасын қоршаған бақты дарынды неміс ботанигі Карл Антонович Кебах 1824-1851 жылдар аралығында өсіріпті.
Воронцов сарайының сырт келбеті
Әрі қарай