Киев көріністері
Әрең дегенде артынып-тартынып шықтық-ау жолға… Әлде аспанға ма… Ощм, не важні.
Астана-Киев бағытымен көк аспанды қақ жарып ұшып келеміз. Ойымда«мен сені әдемі ақ бұлттан жасап алғанмын» әні ойнап тұр. Украина авиалиниясы туралы айтарым: нашар сервис, ескі ұшақ және онша сұлу емес, әрі сол ұшақпен жасты стюардессалар…
4,5 сағат дегенде Киевке келдік. Қала жап-жасыл, ағаштардың арасынан көрінбейді. Таксистің айтуы бойынша, «Еуропадағы (бәлкім Шығыс Еуропадағы) ең жасыл қала».
Уақыт аз болып қалды, қаланы екі-ақ сағат араладық. Сол арада түсіріп үлгергеніміз мынау:
Жолда
Днепрдің арнасының кеңін-ай, біздің ең үлкен Ертісіміздің өзі оның жанында ойнап қалды.
Өзен вокзалы
«Отан-Ана» ескерткіші
Мына кеме тікелей қара теңізге алып барады
Киев қаласының символы талшындар гүлдеуде
Менің ғылыми серігім Жандос талшындар астында
Арнайы Патик үшін: Штадиум)))
Ойлы-қырлы. Теп-тегіс Астанамен салыстырғанда, қызық екен.
Барлық жазулар тек қана Украин тілінде.
Орталық көше — Хрещатникте митинг болып жатыр
Шаршап отырм.
Сәттілік тілеймін саған құрбыжан!
Үлкен шоу болады деп жазыпты интернетте.
Баруға рекомендеймін. «Астана Аренамен» «Донбасс Аренаны» салыстырып көресің. Суреттерімен бізбен бөлісесің.
«Шахтер» мықты команда. Бұрынғы кеңес елдеріндегі ең үздік команда деседе болады.
офф: Украинаға ерекше құрмет менен!!! Ресейдің империалисттік ойларына басу жасап отырғаны үшін.
Негізі, кейін қарай Мәскеу арқылы қайтуға болар еді, бірақ елдер қорқытып қойды)))
Әлемдегі ең терең метроның бірі де осы Киевте болатын. Айтпақшы, Майданға бардыңдар ма? Суреттер күшті!!! Тек Киевте ғана боласыңдар ма? Айналаңдағы достарыңа бізден дұғай сәлем!!!
«Два гуся» дегенінде болдық, дәмді әрі қымбат емес, біздің «Избушка» секілді, бірақ ассортимент үлкен.
Киевтен кетіп қалдық уже((( Көретін жерлері көп екен, бәлкім, тағы барармын. Қазір Донецк қаласындамын, енді 2 ай бойына осында болам. Жоспарда Севастополь, Қара және Азов теңіздерін көру бар.
Суреттерді іліп, хабарыңды осылай білдіріп тұрсаңшы. Ұзақ күттің қой :) Бірақ инетке мүмкіндік күнде бола бермейтін шығар. Айтпақшы бір жазбаңды ғылыми тақырыбыңа да арнасаң жақсы болар еді. Қателеспесем, лингвистикамен байланысты ғой деймін. Неге украина тәжірибесін зерттеп жатырсың, бір ұқсастықтар таба алдың ба дегенім ғой :) Сұрақ көп болып кетті. пысы. Бориспольдің дютифриі еуропадағылардың жақсылардың бірінен саналады.
Интернеттің мәселесін шешіп алдық, «МТС» байланысының юзби модемін алып, жылдамдығы біздің диджитал вай-макстан жақсы.
Ұқсастықтан емес, Донецк қаласында «Информатика және жасанды интеллект мемлекеттік университеті» бар, сөйлеуді тану және синтездеу бағыты жақсы дамыған, дайын алгоритмдері де бар. Уобщым, техникалық тұрғыдан кеңес алу ғой біздікі.
аэропортында да ақ зайыпал боласың
Құрбыларым бір рет Шереметьево-домодедево арқылы қайтып, быт-шыт боп келген, жүктерін Құдаааай қырық тексеріп, тексерістерінен жалаң аяқ өтіп…
қайта екі аэропорт араларында 100 рубльге автобус қатынайтынын самолетте Токиодан бірге қайтқан бір интеллегент орыс әйел айтқан екен, әйтпесе аэропорт қызметкерлеріне қайыр жоқ. Дені дұрыс жауапты да бермейді.Парижге ұшатын ұшақтарының гейтін таппай жапондар жүр дейді, сұраса не бір жөн сілтеуді білмейді, айқайлап ол жапондарға…
Ол өзі баратын автобустың аялдамасын әзер тапқан, әйтпесе таксисттер қоймай, жоқ ешқандай автобус деп, екі аэропорт арасын 100$ сұрап… оЧыМ елдердің кеңестерін қабылдағандарың дұрыс болған, тікелей рейспен барып… Нечего Ресейге ақша кетіріп.
Мәселен, біздер Әзірбайжан, Армениядан профессорларды шақырсақ, келгілері келмейді, тікелей маршрут жоқ деп. Ал Мәскеу арқылы келу — қорлық көру дейді.
Уақыт тапсаң Одессаға бар, Қара теңіздегі әдемі қалалардан ғой
Айгерім, сапарың оңды, жемісті болсын! Менің де барғым кеп кетті ғой.
Осы бортпроводница демекші, менің байқағаным — Азия елдерінің авиалинияларында жастау болады да, европалық авиалинияларда үлкендеу болды, былайша айтқанда артынан пионер, алдынан — песионер:)
Аршат та осылай ойлап барған шығар, әә…
әсіресе -ы ұнамаған болуы керек