Сиску дай!

Балаларының бірі үйленіп Жантөре ағамызда той қамына кіріспей ме. Ауданға бара жатқан соң қыздарының бірі “сосиска” алып келе салуды өтінсе керек. Аудандағы шаруаларын бітірген Жәкең бір магазинге кіріп сатушы орыс қатыннан “Сиску дай” деп сұрап, магазиннен әзер қашып шығыпты деген аңыздар әлі күнге ауылда айтылып жүр.
Әрі қарай

Dabaileaks-2

Сенбі күнгі кездесуге Салтанат, Қалдықыз, Мақпал, Балжан, Мейіргүлдер бауырсақ, тәтті-пәттілерін әкеп, әдемі дастархан жасады. Шай үстінде Қарасақал, Теріскей, Қисық, Patick, Жалғас, Мырзабек бар бәріміз алдағы жоспарларымызды пысықтадық.

KIMEP-тен ресми хат келді. Яғни, өткізетін орын нақты деген сөз. GSM Kazakhstan демеушілік жөніндегі ұсынысты қарастырып жатыр. Ең болмаса, кофе-брейктерді көтерер деп үміттеніп отырмын.
Әрі қарай

Мақалаларды басқалармен бөлісу



Әр мақаланың астында мақала статистикасы, авторы, уақыты туралы кішкентай панель бар. Сол панельдің оң жақ бұрышында Закладки деген бар, соған басып әлеуметтік желілердегі достарыңызбен сілтемені бөлісіп, оларды сол мақаланы оқуға шақыруға болады. Осылайша мындағы оқырман саныңыз да, достарыңыз да көбейеді. Ал, егер сіз тіркелген әлеуметтік желілерде біздің сайттың мақалаларын көріп жатсаңыз, «Нравитсяға» басып қойыңыз. Сол кезде ақпарат сіздің достарыңызға да тарайды.
Әрі қарай

Хат, хабар, қуаныш, реніш...

Кеше көзімнің астынын түскен кірпігімді алып тұрып бала кездегі осы оқиға есіме түсіп кетті. Сіздерде қайдам бізде( мүмкін біздің үйде ғана болар, әпкемнің ойлап таппайтыны жоқтын) түскен кірпікті басқа адам саусақпен алып, кірпік иесінің жұдырығының сыртына (кентус, саусақтың буындарының үстіне)осы сөздерді айтып кезекпен басады. Қуаныш сөзіне түссе жақын арада қуаныш, ренішке түссе реніш болады деп сендіретін.
Әрі қарай

Қыздар неге сондай?

Осы жерде жиналып отырған бәріміз мектеп қабырғасын көрген болармыз))Сол мектептік жылдарда көптеген қызықты оқиғалар болып жататыны бар. Кейін кластастар кездескенде еске алып отыруға жақсы соның бәрі. Қыз-ұлымыз жиналатын осындай кездерде қыздар неге өткенді еске алмайды?
Мектепте жүргендегі тәртіпсіздіктер мен шамалы бұзақылықты неге ұстаздарға жеткізуге құмар?
Сабақ үстінде жел шығарып алып «Кім осырды ?» деп не үшін өтірік сұрайды?
Қыздар неге сондайсыңдар?
Әрі қарай

Google Earth кереметтері

Бұрын Дәруішөлген сайтында болған бір материалмен бөлісе кетейін. Бояннн деп сөкпеңдер, онсыз да Боянндар блогында тұр.

Жұма күнгі бояннндар: Google Earth кереметтері
Хорватиядағы Галесняк аралы.
maps.google.com/maps?t=h&hl=en&ie=UTF8&ll=43.978535,15.383542&spn=0.011349,0.020106&z=16
Әрі қарай

Қош бол, "Али Сами Йен"!



Қазақта «Мың рет естігенше бір рет көр» деген сөз бар. Оның үстіне Түркияда өмір бақи оқымаймыз, елге оралғанға дейін сол елде аты аңызға айналған Галатасарай клубының стадионын бір көрмесек футбол жанкүйері деген атымызға сын. Міне осы ой көптен бері маза бермей жүрген еді, әйтеуір қаңтардың он бірінші жұлдызында жиырма төрт мың жанкүйермен бірге матчты Али Сами Йен стадионынан көру бақыты бұйырды. Көру бақыты бұйырды деп екпін түсіріп айтуыма негіз де жоқ емес, өйткені дәл осы күні мен түгілі, Галатасарайдың бағзыдан бері келе жатқан бірталай жанкүйерінің өзі билет таба алмай, жер сипап қалған-ды. Енді ше, Али Сами Йендегі соң матч, әр әркімнің-ақ куә болғысы келеді.
Әрі қарай