Хат, хабар, қуаныш, реніш...

Кеше көзімнің астынын түскен кірпігімді алып тұрып бала кездегі осы оқиға есіме түсіп кетті. Сіздерде қайдам бізде( мүмкін біздің үйде ғана болар, әпкемнің ойлап таппайтыны жоқтын) түскен кірпікті басқа адам саусақпен алып, кірпік иесінің жұдырығының сыртына (кентус, саусақтың буындарының үстіне)осы сөздерді айтып кезекпен басады. Қуаныш сөзіне түссе жақын арада қуаныш, ренішке түссе реніш болады деп сендіретін.
Бөлісу:

9 пікір

Nurgisa
Е-е, ол кездерде интірнет, фэйсбук жоқ, бірақ амалын тауып қызық қылушылық еді-ау. «Пятнашка» деген «гаджет» болатын. Төрт тасқа арналған төрт қатар, жиыны он алты тасқа арналған тақтайша. Бірден он беске дейін нөмірленген тас болады, он алтыншы көзі бос қалады. Жаңағыларды араластырып жіберіп, кейін рет-ретімен қою үшін әлгі бір бос көзді пайдаланып, жинайсың. Күшті еді, «ой-өрісті» дамытатын ойын :)
Қазір ғой, «Балдадан» бастап бәрі бар электронды нұсқада…
Delhi
Мен кірпігім түссе алі күнге дейін солай жасаймын, ))) «Хат, хабар, қуаныш, өкініш» дәл келеді осы
Abilakim
Солай ма? Мен сол кезде әскердегі ағамыз үшін жасалатын шығар деп ойлайтынмын)))
Delhi
жиналыста отырғанда сондай бір адамның кірпігі түскенің көрсем, соны алып осылай жасағым келіп отырады ))))
Zere
Бізде мысалы бір адамның кірпігі түсіп қалады. Оған бір арман ойла дейсің, ол ойлайды. Егер қай көзінен түскенін тапса, арманы орындалады. ))
Abilakim
адамда екі көздің болуына байланысты арманының орындалу-орындалмауы 50 де 50 пайыз десеңізші
alisha
иә-иә! біз де солай істейміз! «Хат, хабар, қуаныш, реніш» деген де бар бізде)))
TOTY
Бізде де сондай үрдіс болатын…