Курстық жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақжайық - Ақтөбе 1:1


Оралдағы сырттай оқуымда 30-ншы наурызда курстық жұмысымды қорғап, бірден Динамо стадионына тарттым. Кіру тегін болғандықтан, халық нық толы болды. Ақтөбеде тегін футбол болмағалы қай заман?! Болмай-ақ қойсын да.) Оның үстіне бірінші тайм өтіп кеткен, екінші тайм 1:1 есебімен енді басталайын деп жатырды. Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер өте көп шықты, алайда фотосетке тек 30 сурет жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақжайық — қызыл, Ақтөбе — ақ түсті формада.

Әрі қарай

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУГЕ ҰСЫНЫС

Классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz. Ол роман, герман және басқа тілдердердің жазбаларының негізі.

Кейбір тілде белгілеуге сәйкес латын әріптері жоқ дыбыстарды белгілеу үшін латын әліпбиі кеңейтіледі. Кеңейтудің мынадай әдістері бар:
Әрі қарай

Дала заңы

Мен әкеммен шешіліп сөйлесіп көргенім жоқ. өтірік айтамын. Екі-үш мәрте ғана ашық сөйлескен болармыз. себебі, мен әке-шешемнің емес ата-әжемнің қолында өстім. Бұрынырақта да жаздым ғой, қайталап айтын не қылайын. Айтпағым басқа.
Сол, атының артына мінгесіп өскен атам былтырдан бері қаты ауырып жүр. Былтыр қыстың аяғына қарай «Келмесстанға» кететін болар деп жүргенімізде саумал мен қымызға ілігіп, жілігіне май барып аман қалған болатын. Орнынан тұрып, қонаққа да өз аяғымен және таяғымен баратын дәрежеге жеткен еді. Сол, даланың қыңыр шалдарының тұяғы, менің атам, былайғы жұртқа «сары шал» биыл тағы да төсекке таңылды. Жұрт жаңа жылды қарсалып жүрген кездерде біз атамызды шығарып салармыз-ау деген уайыммен жанында отырдық. Ия, іштей дайын болғанымызбен, қимайсың. Сол сары шал, барлық ұл-қызын жинап алып, соңғы сөзін айтқандай болды. Бұдан кейін айта аламыфн ба жоқ па деп уайымдаған болкуы керек.
Өзінің үлкен ұлын, менің әкемді қасына шақырып үш рет басынан иіскеп «Айналайын» деп кеудесіне басты. «Сені, иіскей де алмап едім, басқаларын жақсы көрдім еркелеттім, сен „әкем мені неге жек көреді?“ деп ойларсың. Мен сені жек көрмеймін, жақсы көремін. Қу Нұрқанның көңілі үшін өмір бойы маңдайыңнан сүймедім» деп әкеме өзінің тәспісін табыстады. Әкемнің де көңілі босап, жылап жіберді. Мен де маңқам аққанша жыладым-ау деймін. Себебі, сол… Әкем екеуміздің арамыз қалай болар екен?! Ол менің басымнан қашан иіскейді, мен оның кеудесіне қашан басымды қоя аламын, қашан ол киген шапанды иығыма жамылып тұра аламын?! Менің баламның ішкі жан дүниесі ертең осы сезімдерді бастан өткерер ме екен?! Ол да менің жылы сөзімді күтіп, менің еміренуімді аңсар ма екен?!
Әрі қарай

Ханшатырда «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кеші өтеді


Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы тарапынан ұйымдастырылған ТHY және Temtur демеушілігімен жүзеге асырылған «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кеші 2012 жылдың 25 қараша күні сағат 14.00-те Қазақстанның ең ірі сауда орталықтарының бірі Хан шатырында бүкіл халыққа есігін ашады.
Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы атынан сізді «Демалыста Түркияда болдым» атты марапаттау кешіне шақырамыз!
Әрі қарай

Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!


Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға «көн шалбары көтіне қатқан» бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады.

Әрі қарай

Адамның күні адаммен

Жұмыстан келе жатқанымда мені үйіміздің ауламызда бір келіншек тоқтатты. Сіз осында тұрасыз ба? — деп сұрады алдымен. Осы көппәтерлі үйде тұратындығымды айттым. Сізден көмек сұрайын деп едім, — деді. Содан кейін оның мектепте оқитын қызын осы үйде тұратын ұл бала ұрып, оның миы шайқалып, оған дәлел болатын медициналық қорытынды да бар екенін айтып, көрсетті де. Менен сұраған көмегі — сол бұзақы балаға мінездеме жазу еді. Сөз арасында арыз бергеннен бері бір ай өткенін, одан бері іс қозғалмай жатқанын, ол баланың әке-шешесі мүмкін құқық қорғау органдары өкілдерінің ауыздарын майлап қойғанын, бірақ куәгерлердің көп болғанын, олардың куәлік еткенін де айтты. Ал мен не істедім? Бұл сөзіне ойландым да, мен ол баланы білмейтіндігімді, бұл үйге жақында ғана көшіп келгенімді айттым. Бірақ мен өтірік айттым, өйткені мен ол бұзақы баланы танитынмын, оның анасын да. Ол баланың үлкендермен салғыласып тұрғанын, тас лақтырмаңдар дегендерін тыңдамай, керісінше істеп тұрғанын да көргенмін. Бірақ бәрі сатылып алынған болса, менің жазған бір парақ қағазымнан не пайда болар деп ойладым.
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
Әрі қарай

Шымкенттің салқын алкогольсіз сырасы

Шымкенттің салқын сырасы!
Көрдің бе ішіп, құрдасым?
Мөлдіреп, тұнып тұрғасын,
Қалайша шыдап тұрасың?!
Шөлдеген кезде – жолдасым,
Шаршаған кезде – сырласым.
Ішкенде жаным кіріп,
Бойымда қаным жүріп,
Өмірдің мәнін ұғарсың!

Қайырмасы:
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын.
Туласын жүрек, туласын!
Ішейік Шымкент сырасын!

Шымкенттің салқын сырасы!
Сүтіндей қойдың қорғасын,
Еріксіз еске аларсың,
Бабаңның ішкен бозасын.
Ыдыстың алып тәуірін,
Сыраңнан құйшы, бауырым!
Шаттықтың ордасында,
Достардың ортасында
Қызықпен өтсін дәуірің!

Қайырмасы:

Шымкенттің салқын сырасы!
Жастықтың албырт куәсі.
Тағы да құйшы, бауырым,
Қалмасын менің көңілім.
Ішкенде дәмі кетпейді,
Көңілде көктем көктейді.
Достым, сен сенесің ба?
Шымкенттің сырасына
Ешқандай сыра жетпейді!

Қайырмасы:
Әрі қарай