Айқап.kz сайтының дизайнері — Ринат Темірболатұлы деген жерлесім өзінің Фейзбуктегі парақшасында түрлі, әдемі, әрі өнегелі суреттерді өзі жасап, жариялап тұратыны бар. Әсіресе "Қазақстың сөздәйегі" атты нақыл сөздер топтамасында Алаш арыстарының тәрбиелі, әрі мотивациялық сөздерін дизайнерлік шеберлігімен үйлестіріп жасаған суреттері қатты ұнады. Соларды сізбен бөлісуді жөн көрдім:
Қазақты жылқысыз және домбырасыз елестету қиын. Біздің жақта Жолдыбай атты атбегі кісі бар. Сонау Кеңес заманынан бері қосқан аты бәйгенің алдын бермеген деседі. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, екі мыңыншы жылдарға дейінгі қосқан жүйріктерін көріп жүрдік. Оның қосқан атынан ат оздыру деген керемет мәртебе еді. Ол мәртебеге біздің ауылда менің ағам Ахмет және Жолтай деген құдамыз ғана ие болды. Ахмет ағамыздікі анық оздыру еді. Ол кісінің қосқан жүйріктері де бәйгенің алдын бермейтін болып шықты. Кішкентайымнан өзім бәйгеге шапқан буырыл атының әр аяғына құлынды бие байлаған Жолдыбайдың бетін қайтарғанын өз көзіммен көргенмін. Дегенмен, біздің айтпағымыз басқа әңгіме.
Енді, Жолтайдың Жолдыбайдан ат оздырған оқиғасына келейік. Бақ дегеніміздің өзі құс секілді ғой. Біреудің басына ұзақ қонады, біреуге тіпті қонбауы да мүмкін. Жолдекеңнің бағы тайды дей алмаспыз. Бірақ, бір жылдары қосқан аттарының бәйгеге ілікпей қалған кездері болды. Аттары көңілінен шықпаған соң, Жолдекең басқа жақтан жылқы сатып әкеледі. Ол жылқысын баптап, біреудің алпыс жылдығана ма әйтеуір бір дүбірлі тойға қосады. Ол тойға Жолтай құдамыз да үкілеп бір ат апарады. Шамасы 40-50 ат шапқан бұл бәйгеде Жолтай құдамыздың да Жолдыбайдың да аты ілікпей қалады. Бірақ та осы жарыстан соң біздің ауылда «Оздырдым-ау әйтеуір» деген сөз тіркесі пайда болды. Мәселенің мәнісі былай екен. Жолтай құдамыздың аты бәйгелі болмаса да атақты Жолдыбайдың атының алдында келіпті. Мұны көрген Жөкең «Жолдыбайдың атынан оздырдым-ау әйтеуір» деген екен-міс…
Баяғының балалары әкесі арқасынан сегіз өрім қамшымен сабап жатса да әкесіне қарсы шықпайтын көрінеді. Қазір ғой "ә" десе «мә» дейміз. Мына видеода да әкесіне қарсы шыққан баланы көреміз.
Әкелі-балалы Балғабек және Балқан Смағұловтар арасындағы күй тартыс.
Ә, айтпақшы, тақырыпқа келсек. Негізі "Әкесінің аузынан түсе қалған" деп жазғым келген. Сіздер де осы төмендегі нұсқамен оқи салыңыздар.
14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Атырау университетінде өткен форумда жасаған баяндамасында Қайрат Лама Шариф «діни дәрістерін» одан ары жалғап, жастардың Құранды дұрыс оқи алмайтынын айтты.
18-нші наурызда еліміздегі көне қалалардың бірі Оралға сессиялық емтихан тапсыруға барған мен, қаладағы ескі және белгілі нысандарды фотосуретке түсіріп алған болатынмын. Фоторепті мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. Енді назарларыңызға қала өмірі туралы фотоларды ұсынсам деймін. Суреттер аз емес, бірақ тек 30-ын жүктедім.
P.S. Фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.)
У ішіп өлген тіл, өлі рза болмай, тірі байымайды
-Жамағат тілімізді қазақшаға келтірейік,
-Қай жерлерде?
-ФБ, МАЙЛЫ РУ, ТВИТ, ВКАН да.
-Орыс тілі қайтеді?
-Ауылға кетед)
-қалай?
-Өткенде ауылдың кіре берсінде екі қыз жанымнан өте бере орысша періп тастад)
-Д,, Гүлбану. Сұраныс бар десей онда да)
-Типіә,
Құдыреті күшті құдыреттің тілсім күшімен пернетақта бетіне қазақша крыл харпімен экранға қазақша жазыла бастады.
Бір түнде барлығы дерлік сайрап, жазып, сызып кетті,
Ертесі Әлеуметтік желілер жарыса жазды
--Бәурімммм, братан компьютеріміз ауыр қазаға ұшырады.
-Үйбәй көтек, ұлып не болды? кім тағы,,,
-кетті келмеске,
-Кім ей?
-ор… брат қой
Оралдағы жергілікті ТДК 42 жеке телеарнасынан көрген және өзіме ұнаған жобалардың бірі «Егіздер шоуы». Әлемге белгілі хиттердің қазақша нұсқалары клип ретінде көрсетіледі. Ұйымдастырушылар Парасат Ибраев, Бауыржан Рахимов және орындаушы Медет Өтегенов — қазақтың Энрике Иглесиасы.))