Үзік-үзік ойлар

***
Денсаулық-зор байлық. Осындай ұран іспеттес, нақыл деуге де келетін мәтелді денсаулық мекемелерінен жиі көремін. Кейде осыған қарап отырып «Зор байлық-денсаулық» деп жазса не болар еді деген сынды ойға шомамын…
***
Бұл денсаулық дегеніңіз адамзатқа Құдайдан берілетін сый секілді. Сый деген әркімге беріле бермейді ғой. Денсаулық та дәл солай. Қанша жерден күтінсең де ауыруға шалдыға беретін кездер болады. Қарапайым ғана мысалдар келтіре кетсем.
Біздің үйдің балалары қыста далаға шыққанда жемпірдің сыртынан свитір қабаттап, қалың пәлтесін киіп, мойнына шарпы орап, киіз ұлтарақ салынған етіктерін аяғына іліп, буынып-түйініп шана тебуге шығады. Көрші үйдің балалары күзгі күртемен, жеңіл – желпі киіммен қалай болса солай шыға салады. Біздің үйдің ең кішкентай баласы астына көрпе төселген, одеялмен қымталған шанада отырады. Көрші үйдің сол шамалас баласы астына сабан төселген боқ шығаратын кәритада жатады. Ертеңіне, тымауратып, суық тиіп, сабаққа бармай қалатын біздің үйдің балалары. Ауырмайсың деп тұмшалай беруге де, өбектей беруге де болмайтын шығар. Бірақ, дәл ана балалар секілді жеңіл –желпі киініп шығып, ауырып қалып жататын да сол баяғы біздің үйдің балалары.
***
Біздің ауылда Тайкен деген азамат болды. Мен ес білгелі жалғызбасты. Тайкеннің отбасысы болған еді деген әңгімені естімеппін және ол жағына бала болған соң ба бас ауыртпаған екенмін. Сол Тайкен тереңдігі 3-4 метр болатын құдықтарды жалғыз өзі бір күнде қазып тастайтын. Біз ол кісіні күші қайта бастаған кезде көргенбіз. Құдықтың түбінде тұрып, дымқыл сазды құдықтың ауызынан ары 4-5 метр жерге лақтыратын жарықтық. «Денсаулығы бар кезде Тәйкендерің бұндай саздарды 10-12 метрге лақтырушы еді. Қартайыпты.» деп үлкендер бас шайқап отырушы еді. Денсаулығы қайтқандағы түрі қылшылдап тұрған жігіттерді жолға қалдырып кететін. Құдайдың сыйы емес деп көріңізші енді…

***
«Ақша болса болды, қалғанын сатып аламыз» деген қалжың-шыны аралас тіркесті жиі естіп қаламын. Бос сөз секілді. Рас, қатты ауырып жүрген, қымбат дәріге, қымбат отаға ақша таба алмай жүрген адамдарға солай болса солай шығар. Бірақ, жағдайлы адамдарға да медицинаның көмектеспей қалатын кездері көп. Менің атамның немере інісі ҰҚК ұзақ жылдар қызмет еткен болатын. Мен білетін шені полковник. Сол кісі зейнеткерлікке шыққан соң өзін-өзі керемет күтті. Оған дейін де күтініп жүрген адам деп естігенмін. Мен ол кісімен қызметінен кетер кезден бастап араласа бастадым. Қарағандыға оқуға келген кезімнен бастап дегенім дұрысырақ болар. Ия, сонымен, ол әкеміз өзін қатты күтетін. Тағамдарды талғап жейтін. Жылына екі-үш мәрте денсаулығын тексертіп отыратын. Шипажайларға бас сұғуды да ұмытпайтын. Өзі менің атамнан бір он жас шамасында кіші. Менің атам қайтыс болғаннан кейін үш айға жетер-жетпес уақытта ол кісі де кетті ғой…
***
Жұрттың күтініп жүрген қатындары бала туатын кезде түрлі аурулары шығып, ем қабылдап барып бала көтеріп жатады. Ақ қар, көк мұзды к*тімен ерітіп қайыр сұрап отыратын анабір халықтың қатындарына таң қаламын. Жылда бала туатын секілді өздері. Емшегінде бір бала, жетегінде жеті, етегінде екі бала. Әлде, ол балалар олардікі емес пе? Әй, сонда да денсаулықтары мықты әлгілердің…
Әрі қарай

Ертеңгі матч-2

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2
ХАЛА МАДРИД !!! Испан Ла Лигасының кезекті 3-ші турына шолу жасамақпын. Осы турдан Мадридтіктердің бабына қаншалықты келгенін байқауға болады. Себебі қарсылас анау мынау Бетис пен Гранада емес, Испан елінде абыройлы саналатын басктерден құралған Билбаоның Атлетигі(Атлетикомен шатастырмаңыздар). Бірақ, қарсылас қанша мықты болса да Реалдың дәл осы жолы сүрінуі мүмкін емес секілді меніңше, өйткені Реал өз алаңында Ла Лиганың соңғы өткен 45 матчта ұтылмаған екен(Атлетикодан жеңілу Испан кубогында орын алғанын ескертеміз!!!).
Әрі қарай

Ертеңгі матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
ХАЛА МАДРИД !!! Интернетті ашып-жапқанша мінекей бір апта да өтіп кетіпті. Еуропада Футбол маусымы қызуға бетбұрыс жасап жатыр, трансферлік терезе жабылысымен қыза түсетініне сенім берік. Сонымен іске көшейік, Мадридтік Реал ертең гранадалық Гранадамен Нуэво Лос Карменес стадионында Ла Лиганың 2-турын жабады.
Әрі қарай

Салфетка

Ақын емес болғандықтан азулы,
Бос сөзде де білмейді екем қажуды.
Таусылғандай әлемде бар тақырып
Тапқан екем мен де нені жазуды!

Сүртейін бе не қолымды, бетімді,
Салфеткамның түрлері бар не түрлі.
Пайдалану осы жұмсақ қағазды,
Мәдениеттің көрінісі секілді.

Әне жатыр салфетканың құрғағы,
Міне жатыр антимикроб-ылғалы.
Жол жүруші адамыңа бұл нәрсе,
Аса қажет жарақ болып тұрғаны.

Пах, салфетка! Демеңіздер далбаса,
Шала біткен ақын жырын арнаса.
Мына өлең шықпас па еді жарыққа
Жазатұғын бір салфетка болмаса.
Қаңтар, 2010
Әрі қарай

Судья 3.14дараз

Кеше Шымкентте Ордабасы Ақтөбені қабылдады.
Футбол, тек қана футбол!: Судья 3.14дараз
Ойын жақсы басталған осылай, әнұранмен. Бірақ, Ордабасы біз күткен ойын өрнегін көрсете алмады. Ақтөбе негізгі құраммен ойнамаса да, бір есте қаларлықтай мардымды шабуыл жасай алмады. Ойлап, қоям, негізгі құраммен келгенде ірі есеппен ұтылатын ба едік. Ощм, дәрменсіздік танытып, жанкүйерлерінң алдында жерге қарап қалды.
Әрі қарай

Сурет әлемінде жаңа стиль

Малайзиялық суретші Винс Лоу сурет салудың жаңа стилін ашты. Суретші-иллюстратор сурет салу кезінде қолын сурет парақшасынан алмай(яғғни қаламды көтермей) сурттер салған. Төменде суретшінің үздік портреттеріне шолу:
Әрі қарай