Дала заңы

Мен әкеммен шешіліп сөйлесіп көргенім жоқ. өтірік айтамын. Екі-үш мәрте ғана ашық сөйлескен болармыз. себебі, мен әке-шешемнің емес ата-әжемнің қолында өстім. Бұрынырақта да жаздым ғой, қайталап айтын не қылайын. Айтпағым басқа.
Сол, атының артына мінгесіп өскен атам былтырдан бері қаты ауырып жүр. Былтыр қыстың аяғына қарай «Келмесстанға» кететін болар деп жүргенімізде саумал мен қымызға ілігіп, жілігіне май барып аман қалған болатын. Орнынан тұрып, қонаққа да өз аяғымен және таяғымен баратын дәрежеге жеткен еді. Сол, даланың қыңыр шалдарының тұяғы, менің атам, былайғы жұртқа «сары шал» биыл тағы да төсекке таңылды. Жұрт жаңа жылды қарсалып жүрген кездерде біз атамызды шығарып салармыз-ау деген уайыммен жанында отырдық. Ия, іштей дайын болғанымызбен, қимайсың. Сол сары шал, барлық ұл-қызын жинап алып, соңғы сөзін айтқандай болды. Бұдан кейін айта аламыфн ба жоқ па деп уайымдаған болкуы керек.
Өзінің үлкен ұлын, менің әкемді қасына шақырып үш рет басынан иіскеп «Айналайын» деп кеудесіне басты. «Сені, иіскей де алмап едім, басқаларын жақсы көрдім еркелеттім, сен „әкем мені неге жек көреді?“ деп ойларсың. Мен сені жек көрмеймін, жақсы көремін. Қу Нұрқанның көңілі үшін өмір бойы маңдайыңнан сүймедім» деп әкеме өзінің тәспісін табыстады. Әкемнің де көңілі босап, жылап жіберді. Мен де маңқам аққанша жыладым-ау деймін. Себебі, сол… Әкем екеуміздің арамыз қалай болар екен?! Ол менің басымнан қашан иіскейді, мен оның кеудесіне қашан басымды қоя аламын, қашан ол киген шапанды иығыма жамылып тұра аламын?! Менің баламның ішкі жан дүниесі ертең осы сезімдерді бастан өткерер ме екен?! Ол да менің жылы сөзімді күтіп, менің еміренуімді аңсар ма екен?!
Бөлісу:

7 пікір

neoaskar
Әке деген балаға сәл салқындау болады шешеге қарағанда, үйдің екіншісі болған соң ба әкем мені қатты жақсы көреді, үлкенін қашан да сен үйдің үлкенісің ғой, деп өзімен қатар ұстап жүргені. әйтпесе, ағам екеуміздің арамыз екі-ақ жас.
007
көңілім босап кетті
VKM
Абилаким, атаңыз сияқты асыл адамдар,қариялар болады. Соған қуаныңыз.Менің нағашы атам да сүйткен,90 жаста болғанда, барлығын шақырып алып,қайтыс болардан 1 күн бұрын, ақылын айтып, заттарын таратып берген.
Өз атам тілге келмей, жүрегі тоқтап, тым ерте қайтыс болды.Соны ойласам, жылағым келеді. Маған айтары бар еді ол кісінің
Abilakim
Айтары барын қайдан білдің? немесе, жобамен не айтатынын білесің бе?
VKM
Мен атамның ееееең жақсы көретін немересі болғанмын. Ал атам менің еееең… жақын адамым болған.Хэх, атам…
zholantai
Атамды сағынып жүрмін,
neoaskar
Аталарыңды көрген бақытты екенсіңдер. мен тек әжемді ғана көргенмін. әжеміздің алдына отыру мен үшін талас-тартыс. қалғандарын қайдам барлығынан әжемді қызғанып жүретінмін. қайратты болатын. көтеріп ала қоятын. арқасына салып жүре беретін. сосын бақшадан шыққан кезде біз үшін бір той еді. етегіне үш-төрт әңгелек, он шақты қияр алып шыққанда одан артық дәмділер болмайтындай көрінетін. ал нағашы әжем туралы онша көп айта алмаймын. немерелері өте жақсы деп айтқанымен түрінен қорқып қашып жүретінмін. сұсты көрінетін маған. ұрыспаса да. әйтеуір неге екенін қайдам нағашымның ауылан барғанда үлкен үйге бармай қашқақтап, басқа үйлерге барып жүретінмін.