Бөрібай Бекарыс. Өлеңдер.

Үйiн сатты саудалай,
Картина, зат талғамай.
Жиналған бар қаржының
Бәрiне гүл алғаны-ай…
Далбан-ай, далбан-ай, далбан-ай…
***
— Сұлулық шыңы-ау бұл қыз,
Не ойлайсың, Абдул?
Пiкiрiңнен бiлгiз.
— Ябвдул.
***
Бiреу у iшiп алған,
Бiреудiң iшi қан-қан,
Бiреуде миокард,
Бiреу өтсiз қалған.
Бiреу дольче киiп,
Майқұдыққа барған.
Бiреу жолдан өтсе,
Тормоз ақау болған.
… Ұзақ өмiр сүру — бәрiнде бiр арман.
Осындай жалған.
***
Айнала аппақ. Таң ата.
— Дәрiгер? Мен қайдамын?
— Аурухана. Палата.
— Өзiм де солай ойладым.
Жұмыста отыз төрт едiк,
Кiлең достар, қалың ел.
Офис кеттi-ау өртенiп…
Бәрi аман ба, дәрiгер?
— Бәрi өлдi, бiрi қап,
Аман қыпты тап сенi…
— Тоба! Бәрi тiрi қап,
Мен өлгенiм жақсы едi! :(
Жалғыздықты көргенше…
Кiмдер қалды дос болар?..
— Ойнап айтам, өлген сен,
Аман-есен басқалар. :)
Әдет қылған ойнауды
Приколиспiн бiр қызық.
… Әзiрейiлге айналды.
Қазан кеттi шыжғырып.
***
Бір жан
Ішінде құм боранның
Жылап отырды тым қатты.
Жаратушысы бұл ғаламның
тоқтап,
далада тіл қатты:
«Жәбір көрген пенде жақпын,
Реттеймін бәрін бір демде!
Адал жүрген елге — Хақпын,
Жаратқаныңмын, біл, пенде!
Құсасы көп, шері жаман
кім едің?» болды сұрағы.
«Мен – қазақпын», — деді адам.
Құдай… қосылып жылады.


© Boribay_Bekarys
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Дәуіт Линч. "Мүгедектер"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Дәуіт Линч. Мүгедектер
— Байзыл, э Байзыл…

— Не нақ? Болмайд дейм…

— Байзыл, келіп тұрмын ғой енді…

— Қой дейм! Саған негізі үшінші группа да берілмеу керек! Аппетитің жаман! Анау-мынау тексеріс болса, үшінші группадан да алып тастайд!

— Екінші группа қылып бер енді, Байзыл…

— Лібә, антикоррупционщиктер мына жақтан (төбесін көрсетті), внутренний безопасность мына жақтан (тасының түбін көрсетті) қос қолдап ұстап тұрып, айдап жатыр! Ар жағындағы он бір мың үшін сен де нақ…

— Он бір мың бізде ақша, Байзыл! Жақсылыққа — жақсылық қайда, Байзыл? Бастығыңа жақсы көріну үшін — киіз үйімді алғанда, ау салғанда, қайығымды алғанда — бермейтін уәдең болмайды осы! А так сен — квартираға кезекке қойып берем дегенсің, исчо! Квартира қолыңнан келмейді, ол көрініп тұр. Қолыңдағы нәрсені сұрап тұрмын, Байзыл!

— Сукі, тағы бір түсіндіріп көрейінЧ. Саған үшінші группаны қалай алдық? Башпайы астына қайырылып өскен дедік. Ал сен екі күннің бірінде базарда шауып жүресің! Базар — толған құлақ. Сосын, ішівалсаң — «баражняг ақша алып, үкіметтің аузын тігіп отырм» деп лепіретінің бар. Екінші группа саған ниқоя келмейд…

— Жігіт емеспін десейші үйтіп марал оқығанша, Байзыл! Ай лібәәә, біліп едім! Бросты мойындашы, жігіт емеспін деп — мазаңды алмайм!

— Ахх… Ой лібәәә… Тұра тұршы…

— О, әне біздің Байзыл! Қазір ам алын табады Байзыл! Байзыл жігіт қой…

Байзыл Гольдштам әбден мезі еткен Қарамеңді Ейсвудқа қарап-қарап, қарап-қарап, қарап-қарап тұрды да, құлағына қал амын, кеңірдегіне қарындашын сұғып алды.
— Ой сукі, байқамай бірінші группа қылып жіберген сияқтымын — деді сосын.

— Бірінші группа елу жеті мың ба еді… — деді Қарамеңді сұлап бара жатып. Дегенде, дедім деп ойлады, әйтпесе дыбыстың орнына — қарындаш қадалған тұстан қан интонациясына сәйкес қорқ-қорқ еткен ғана болатын. Қас қылғанда қалам қадалған құлағымен құлап, жан-тәсілім етті…
Әрі қарай

Кәсіпкерлерге «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде

Алматы облысы: Кәсіпкерлерге  «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде
Кәсіпкерлерді қорғаудың ерекше бір түрі «Қамқор» мобильдік қосымшасы. Оны әрбір іскер азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне тегін жүктеп, заңсыз тексерістің алдын ала алады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілі баяндады.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. «Қамқор» мобильдік қосымшасын «Googleplay» және «AppStopre» қосымшалары арқылы жүктеп, тексерудің шынайы тіркелгендігін білуге болатыны айтылды.
«Онлайн режимінде берілген өтініштер прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді. Бұл дегеніміз кәсіпкерлердің сенімділіктерің нығайту. Осы инновациялық жобаның тиімділігі туралы облысымызда да мысалдар бар.
Мәселен, «Қамқор»-ға «Талдықорған комфорт» ЖК азамат Д. Талипов Талдықорған қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкеріне заңсыз әрекеті туралы арыз түсірген. Осы заңсыз араласу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды», — деді Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Алмас Қыдырбайұлы.
Кәсіпкерлікті дамыту экономиканың негізгі қайнар көзі болғандықтан, оны барынша сауатты қорғау басты міндет.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Астанада 26-30 маусым аралығында Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада 26-30 маусым аралығында Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтеді

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің бекітілген кешенді бағдарламасына сәйкес, Ақтөбе облысының мәдениет күндері 2017 жылдың 26-30 маусым аралығында өтеді.

Облыстың мәдениет күндерінің ашылуы 26 маусым күні сағ.21.30 «Экспо» аумағындағы амфитеатрда Ақтөбе облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Ақтөбе – құтты мекен» гала-концерті өтеді.

Театрландырылған концертте құрамалы оркестр, вокалистер, алдыңғы қатардағы би ұжымдары, ақтөбелік эстрада өнер жұлдыздары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Есенгелді Ырза, Өмірқұл Айниязов, сонымен бірге жерлесіміз Ресей Үлкен театрының /Москва қ./ опера әншісі Светлана Касьян және бірнеше дүркін халықаралық ән орындаушылар байқауының, Қытайда өткен «I am singer» байқауының жүлдегері Димаш Құдайберген қатысады. Концертте ақтөбелік композиторлардың шығармалары мен әндері орындалып, өңірдің тарихи-мәдени ерекшеліктері көрсетіледі.

Облыстың мәдениет күндерінің бағдарламасына сәйкес, Астана қаласы «Қазанат» ипподромының аумағында орналасатын этноауылда 26 маусым – 10 шілде аралығында облыс атынан 2 киіз үй тігіледі. Бір киіз үйде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан ұлттық этнографиялық бұйымдардан тұратын «Ақтөбе өңірінің жауһарлары» атты көрме жасақталып, «Экспо» штабы ұйымдастыру комитетінің сұрауы бойынша көрме 8 шілдеге дейін жалғасады.
Осы этноауылда орнатылған сахнада 27 маусым күні сағ.15.00-20.00 аралығында облыстың, қаланың және ауданның мәдениет мекемелері өнерпаздарының қатысуымен этноконцерт өтеді. Концерт облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбльдері, дәстүрлі әншілері, «Аққу» би ансамблі, эстарадалық әншілерінің, «Достық сазы» фольклорлық ансамблі және халықаралық байқаулардың лауреаты Жадыра Арыстанованың, облыстық драма театрының М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясынан, «Алақай» қуыршақ театрының «Жайна, жадыра, достар» арнайы бағдарламасынан тұрады.

26 – 30 маусым аралығында «HasSanat» көркемсурет галереясында ақтөбелік танымал суретшілердің еңбектерінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінде облыстық кітапхананың «Ақтөбе – тарих толқынында» кітап көрмесі, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Дулығалы дала перзенттері» көрме экспозицияланады.

«Бәйтерек» монументі алаңында 28 маусым күні қалалық мәдениет бөлімінің, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 29 маусым сағ.19.00 де «Студенттік» саябағында этно-мәдени орталықтардың концерті ұйымдастырылады. 30 маусым Астана қалалық әкімдігі ғимараты алаңында облыстың өнер ұжымдарының концертімен аяқталады.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар аясында «Қазанат» қалалық ипподромының аумағындағы этноауыл жұмысына өңірлер шеберлерінің қатысу кестесі бойынша Ақтөбе облысының күндері 1-10 шілде аралығы болып белгіленді.

Астана жаңалықтары: Астанада 26-30 маусым аралығында Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтеді
Әрі қарай

Күрделі жөндеуден өткен "Бәйтеректе" не өзгерді?

Монументтің қабырғалары мен еденіне төселген мәрмәр тастар мен аңыз құстың кейпіндегі аспалы хрусталь шам «Байтерекке» маңғаздық рең беріп, жалтыраған күйге енгізді. 

Атақты «Президент қолы» да толық жаңартылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың алтынмен жалатылған оң қолының жоғары бедерлемесін жасауға Өскемендегі монет сарайының шеберлері еңбектенді, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Демалыс күндері «Бәйтерек» монументі келушілерді қайта қабылдауға дайын. Жарты жылға созылған күрделі жөндеу жұмыстары жақында толық аяқталды. 

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Билет құны 200 теңгеге өсті. Үлкендерге  – 700 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға  – 300 теңге. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне,  аз қамтылған отбасылардың балалары мен мүгедектерге кіру тегін. Билеттерді ғимаратта орналасқан терминалдар арқылы алуға болады. 

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Монумент толық боялып, коррозияға қарсы жабынмен өңделді. Конструкцияның жоғары жағы нығайтылды. 

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Күмбездің жарықтанып кеткен ескі шыны пакеттері жаңасына ауыстырылды. Бірегей құрышталған шыны-хамелеон күн сәулесінің түсуіне қарай күмбездің де түсін өзгертіп, құбылтып тұрады. Екі шынының ортасындағы камера жылыны сыртқа шығармауға тосқауыл болатын арнайы газбен толтырылған.

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Ғимараттың ішкі безендірілуі де түбегейлі өзгерді. Дизайн жұмыстары көпқырлы стильде жасалған, ал қабырғалар мен едендерге төселген мәрмәр «Бәйтерекке» ерекше қайталанбайтын заманауи рең береді. 

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

«Бәйтеректің» ішіндеLED-экраны бар заманауи өнер галереясы ашылды, сонымен қатар монументтің фойесіне габаритті иілгіш LED-экран қойылды.

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Жаңа безендірудің тағы бір ерекшелігі — күмбездің астына орнатылған хрустальды аспалы шам. «Аялы алақан» компазициясына негізделген аңыздағы Самұрық құс, Қазақстанның тұңғыш Президентінің оң қолы  бедерлемесі чехиялық таза мөлдір шыныдан жасалған. Алтынмен жалатылған «Аялы алақан» композициясы Өскеменнің монеталық ауласында қалпына келтірілді. 

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?

Жөндеуден кейін 97 метр биіктікте орналасқан «Бейтеректің» күмбезінен келушілер Астананың көрікті жерлеріне көз тіге алады.   

Астана жаңалықтары: Күрделі жөндеуден өткен Бәйтеректе не өзгерді?
Әрі қарай

Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр

Астана жаңалықтары: Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр

Алдағы демалыс күндері, 17-18 маусым, «Қазақстан» спорт сарайының тұрақ алаңында (Қ.Мұңайтпасов, 7) кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жолы үш мыңнан астам көкөніс, ет, сүт балық, шұжық өнімдері, сұйық май және өзге де көптеген тауарларды Алматы, Атырау, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер елорда тұрғындарына арзан бағамен саудалайды.

Жәрмеңкеге 151 отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына үшоблыстың шығармашылық өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынады.
Әрі қарай

EXPO билеттеріне қатысты 7 сұрақ

Астана жаңалықтары: EXPO билеттеріне қатысты 7 сұрақ

EXPO-2017 билеттері туралы сұрақ көп. Ең бастыларына тоқтала кетейік.

1. Билеттер қаншадан?
3 түрлі билет түрі бар. Нақты күні көрсетілмеген демалыс күндеріне арналған, жұмыс күндеріне арналған және нақты бір күн белгіленіп алынатын билеттер. Демалыс күндерінің билеттері 8000 тг, жұмыс күндерінікі 6000 тг, нақты бір күндікі 4000 тг. Мысалы, алдын ала бір демалыс күні кіремін деп алып қойсаңыз, 8000-ға аласыз. Кез келген жұмыс күні барғыңыз келсе, 6000 тг төлеп алдын ала алып қоясыз. Ал егер ертең немесе нақты бір жұмыс күнін белгілеп алсаңыз, 4000 теңгелік билет аласыз.

2. Балаларға тегін бе?
6 жасқа дейінгі балаларға көрмеге кіру тегін. 6-дан 16 жасқа дейінгілерге 50% жеңілдік. 12 жастан асқан балалар мектептен анықтама әкелулері керек.

3. Бір билетпен күні бойы кіріп шығуға бола ма?
Бір билетпен Көрмеге тек 1 рет қана кіре алады. Көрме аймағынан шығып кетсе, қайта кіру үшін жаңа билет алуы қажет.

4. Билеттер қайда сатылады?
Билеттерді онлайн tickets.expo2017astana.com сайтынан және арнайы сату нүктелерінен алуға болады. Мына жерден қараңыз.

5. Студенттерге жеңілдік бар ма?
Студент билетімен 50% жеңілдікпен билет ала алады.

6. Билет кімдерге тегін?
— Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері және 1 алып жүруші;
— Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
— Барлық топтағы мүгедектер және 1 алып жүруші;
— Жетім балалар және 10 балаға дейін топқа 1 алып жүруші тегін.

Сондай-ақ зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, 4 және одан артық бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 50% жеңілдік.

7. Көрменің жұмыс режимі қандай?
Көрменің жұмыс уақыты сағаты 09.00 — 01.00 дейін. Келушілер көрмеге сағат 22:30 дейін кіре алады.
Әрі қарай

EXPO-2017 ашылуына барасыз ба?

ЕХРО-2017 халықаралық көрменің ашылуына 2 күн қалды. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да алдағы бірнеше ай бойы бұл басты тренд тақырыптардың бірі болмақ. Бұл ауқымды шараға бару жоспарыңызда бар ма?

Астана жаңалықтары: EXPO-2017 ашылуына барасыз ба?

EXPO-2017 билеттерін мына жерден онлайн сатып ала аласыз: tickets.expo2017astana.com/kk
Әрі қарай

Таксометр қосылмаса, сапарыңыз тегін

Арам пиғыл танытқан такси жүргізушілері ЭКСПО қонақтарын тегін тасымалдайды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Елорда басшылары «Экспо» көрмесі кезінде шетелдік қонақтарды қарсы алу барысында такси жүргізушілері бағаны өздері асыра көтерген жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын айтты.

Барлық бірыңғай такси қызметтерінде әуежай мен вокзалдан елорда нысандарына дейінгі аралықта сапардың шамамен бағаланған құны көрсетілетін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған парақшалар болатынын Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова медиа орталыққа хабарлаған болатын.
Астана жаңалықтары: Таксометр қосылмаса, сапарыңыз тегін

-Жолаушыларға назарына: егер сіз бірыңғай такси қызметтерімен таксометрді қоспай жол жүрсеңіз, сіздің сапар тегін болатынын айтқым келеді» — дейді М. Бектұрова.

Сондай-ақ ол таяуда орын алған венгр азаматын Астананың оң жағалауына дейін 40 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісінің оқиғасына қатысты пікір білдірді.

-Біріншіден, ол таксометрі бола тұра, оны қоспаған. Екіншіден, турист барғысы келген бағыттың сапар бағасы такси қызметінің нұсқаулығында көрсетілген. Сәйкесінше, таксист сапар құнын әдейі көтерген. Көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындап және өтеуін төлеп, өкінгендіктен біз оны жауапкершілікке тартқан жоқпыз. Алайда, бұл жағдай оған және оның әріптестеріне сабақ болады деген ойдамын», — деп Бектұрова өз сөзін жалғастырды.

Шетелдіктен қомақты қаражат алған жүргізуші бірыңғай такси қызметіне жақында жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

-Бұрын ол жеке такси жүргізушісі болған, кейін заңдастырылғысы келген. Алайда, ауру қалса да, әдеттері әлі қалмаған екен, — деп әзілдеді Бектұрова.

ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өз жұмысын 10 маусымнан бастайды.
Әрі қарай