Бөрібай Бекарыс. Өлеңдер.

Үйiн сатты саудалай,
Картина, зат талғамай.
Жиналған бар қаржының
Бәрiне гүл алғаны-ай…
Далбан-ай, далбан-ай, далбан-ай…
***
— Сұлулық шыңы-ау бұл қыз,
Не ойлайсың, Абдул?
Пiкiрiңнен бiлгiз.
— Ябвдул.
***
Бiреу у iшiп алған,
Бiреудiң iшi қан-қан,
Бiреуде миокард,
Бiреу өтсiз қалған.
Бiреу дольче киiп,
Майқұдыққа барған.
Бiреу жолдан өтсе,
Тормоз ақау болған.
… Ұзақ өмiр сүру — бәрiнде бiр арман.
Осындай жалған.
***
Айнала аппақ. Таң ата.
— Дәрiгер? Мен қайдамын?
— Аурухана. Палата.
— Өзiм де солай ойладым.
Жұмыста отыз төрт едiк,
Кiлең достар, қалың ел.
Офис кеттi-ау өртенiп…
Бәрi аман ба, дәрiгер?
— Бәрi өлдi, бiрi қап,
Аман қыпты тап сенi…
— Тоба! Бәрi тiрi қап,
Мен өлгенiм жақсы едi! :(
Жалғыздықты көргенше…
Кiмдер қалды дос болар?..
— Ойнап айтам, өлген сен,
Аман-есен басқалар. :)
Әдет қылған ойнауды
Приколиспiн бiр қызық.
… Әзiрейiлге айналды.
Қазан кеттi шыжғырып.
***
Бір жан
Ішінде құм боранның
Жылап отырды тым қатты.
Жаратушысы бұл ғаламның
тоқтап,
далада тіл қатты:
«Жәбір көрген пенде жақпын,
Реттеймін бәрін бір демде!
Адал жүрген елге — Хақпын,
Жаратқаныңмын, біл, пенде!
Құсасы көп, шері жаман
кім едің?» болды сұрағы.
«Мен – қазақпын», — деді адам.
Құдай… қосылып жылады.


© Boribay_Bekarys
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше