Қарағандыда жаңа мешіт ашылды!

Қарағандының қақ төріндегі этнобақта жаңа мешіт бой түзеді.Төрт мың адамға арналған құдай үйінің сәулеті Ақордадан кем емес. Бүгін Алла қаласа елбасы келіп тұсауын кеспек. Фотосын сосын саламын.

Джек Лондон мен Санжар Сұлтанов



«Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу) — Санжар Сұлтановтың алғашқы кинотуындысы. Картинасына Джек Лондонның үш шығармасын негізге алыпты: «Just Meat» (Тек қана ет), «To Kill a Man» (Кісі өлтіру) және «Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу).
Әрі қарай

Ең алғашқы аунағаным...

«Ер аунаса із қалар, ат аунаса түк қалар» деген ғой ата-бабамыз. Бізде аунап бақтық жас кезде. Ең алғаш аунағанда сегіз оқимын-ау деймін. «Минск» мотоцикілім болды деп ем ғой бір жазбамда. Ауылда сонымен тарылдатып жүретінмін. Алдыма Жомарт атты киікке екі аяқты «Уралымен» шығатын жігіт ағасы ғана түсетін шығар.«Иж-планетасы» бар 74-ші жылғы ауылдас жігітті тақтайдай тегіс жолда бір жолықтырсам деп жүрген кезім. Осы үшеуімз ауылдың бас каскадерлары.Обшым, походқа шығамыз деп келістік. Біраз балалар жеңіл машинамен алдымызда шығып кетті.
Әрі қарай

"До" дегенде келетін "О"

Бала кезімнен бір естелік жазғым келіп отыр. Әкемнің інісі Мағауияның жанына жатып, тракторының алдынан жүгіріп шығатын болыппын кішкене кезімде.Бұл, шамамен 3-4 жасымда. Әріпті бес жасымда танығанымен, үш жасымда кей сұрақтарды меңгереалмайтын болыппын. «А» дегеннен басталатын сөз айтшы дегендерге «Аптобыс» деп мәз қылып жүрсем керек. Әріптер кезегі «О»-ға келгенде «До» дегенде келетін «О» деппін…
Әрі қарай

ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Әрі қарай