Джек Лондон мен Санжар Сұлтанов



«Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу) — Санжар Сұлтановтың алғашқы кинотуындысы. Картинасына Джек Лондонның үш шығармасын негізге алыпты: «Just Meat» (Тек қана ет), «To Kill a Man» (Кісі өлтіру) және «Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу).

Фильм Қазақстан киносына тән емес сарында түсірілгенін аңғару қиын емес. Өйткені, фильм шетелде, шетелдік актерлердің қатысуымен және шетелдік жазушының шығармалары бойынша түсірілді емес па? Бұл қуантты. Жо-жоқ, теріс түсінбеңіз — қазақылыққа тән элементтердің болмай шыққанына емес, әлемдік деңгейге ұмтылыстың болғанына қуандық.

Әрине бұл жерде бірінші кезекте рахметті Джек Лондон марқұмның өзіне айту керек секілді. Мазмұнды, толымды сюжетке оның шығармаларының арқасында қол жеткізілді деп есептеймін. Дұрыс құрастырылған диалогтар, психологиялық сәттер — жазушының шығармаларына тән құбылыс. Екінші кезектегі алғысты әрине, актерлер құрамына айту қажет. Фильм көркемдік идеясына сәйкес мақсатына жете алды деп айтар болсақ, бірінші кезекте актерлердің шеберлігі аталып өтілері сөзсіз. Роберт Неппер, Пол Калдерон, Эдриан Коуан секілді әртістер фильмде өз рөлдерін толықтай алып шыға алды деп айта аламын. Бұларды әлемдік деңгейдегі мықты актерлер санатына жатқызбас бұрын жақсылап ойлану керек шығар, бірақ өз деңгейлерінде көрерменге көрініп қалған тұлғалар. Жалпы, әртістер фильмнің идеясын түсініп, Джек Лондонға аса құрметпен қарайтын секілді. Өйткені, барынша тырысқандарын байқау қиын емес.

Үшінші кезекте рахметті декораторларға айтар едім. Сол ХХ ғасырдың басына тән реквизиттер молынан пайдаланылыпты. Фильмді көре отырып, сол кезеңнің жазушылары жазған шығармаларды оқығанда мида қалыптасатын «суреттерді» визуалды түрде тағы да танығандай болдық. Әр ұсақ-түйек ойластырылған, бәрі өз орнында. Тіпті, классиканың иісі сезілгендей болады.

Әрине, осының бәрін үйлестіре білген Санжар Сұлтановтың режиссерлігіне рахмет. Алғашқы туынды үшін бұл тіптен жаман емес. Фильмнің бюджеті әр түрлі айтылып жүр. Біреулер 200 мың доллардың төңірегіндегі соманы атаса, біреулер жарты миллионға апарып тірейді. Картинаны көріп болғанан кейін соңғы аталған қаржы көлемі ақылға қонымдылау көрінеді. Өйткені, 200-250 мың долларға әлгі ретро, ретро емес-ау, тіпті көне деп атауға тұрарлық көліктер, қару-жарақ, киім-кешек пен басқа да реквизиттерді жалдау мүмкін емес секілді. Оның үстіне түсіру тобы мен актерлердің еңбекақысын қосыңыз. Егер дәл осы фильмді Қазақстанда түсірер болса, бюджеті шамамен кем дегенде 2-3 миллион доллардың басын құрар еді.

Айтып өтер кемшіліктері де жоқ емес. Оператордың жұмысы көрермен күткен деңгейден сәл төмен болған секілді. Бір кадрды дәл сол ракурсында бірнеше минут бойына ұстап тұру көрерменін біртүрлі шаршатып жібереді. Кадр бір орында, ракурс сол күйінде, тек актер ғана қозғалып жүр. Бұл бір жасандылықтың, арзанқолдылықтың, сапасыздықтың алғышарттары секілді. Сондықтан ауыспалы кадрларын көбейтсе — тіптен керемет болар еді.

С. Сұлтановтың алғашқы туындысынан туған ой осындай. Жалпы тұрғыда фильм жаман емес. Ең бастысы оқиғалары қызықты. Қаншалықты нашар немесе қаншалықты күшті туынды — өздеріңіз көріп бағалай жатарсыздар, менікі тек субъективті ой ғана.
Бөлісу:

19 пікір

Zilola
Алдын «уақыт күттірмейді» деген киносы бар еді ғо иә
patick
дәо осы
Zilola
аты өзгеріп кеткен ба?
patick
Дәлірек айтсақ аты жоқ: Түпнұсқа атауынан сөзбе сөз аудармасы — «Күн жарығын өртеу», орысша дубляжынан аудармасы — «Уақыт күттірмейді».
Nurgisa
Burning Daylight дегені «күн сәулесінің жандырып бара жатқаны» ғой мұндағысы.
patick
онлайн тілмәштардың ұсынғаны ғой маған :)
Nurgisa
«Күн жарығын өртеу» дегенді өзімді бір түрлі қиын елестетемін :) Күн жарығын өртеу физикалық тұрғыда қиын процесс пе деймін :) Алдымен материя ретінде құтыға жинап, сығу бар, кейіннен ол сығындыны өртеу…
Nurgisa
«Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу)
«Шақшиған күн» деуге келе ме екен…
patick
қайдам, ағылшын тілін қақпайм :)
Zilola
Кешірім өтінемін, мен алдын да оқып жүргенмін жазғандарыңды бірақ аты басқаша деп ойлап, тіптен ілмектерге көңіл де бөлмеппін.
Әйтеуір осы жігіттің Қордайлық екенін біліп, өзімше болып жүргенмін :)))
patick
сен үшін бәрін кешіремін :)
omarbirat
Шынымен де 200 мың долларға анандай декорация алу реально емес сияқты. Тамыр-таныстары тегін пайдалануға берген болмаса.
omarbirat
Әлде актерлер тегін түсті ме екен…
patick
Роберт Неппердің өзі жүз мыңдай алды дейді білгіштер.
omarbirat
Е-мое, сонда қалған жүз мыңды қалай жеткізді екен? :)
Zilola
Багана анонстарда корiп калып едiм, коремiн деп кутiп отрм.
Кай арнада екенi есте калмапты, уйкылы ояу едiм ))
Zilola
31шi арнаны косындар, казiр басталады!!!