Рецензиялар шайқасы: "Маймылдар көтерілісі"

Қисық пен Патиктің рецензия түріндегі шайқасы.



Алғаш рет рецензия түріндегі батл! Тақырып: "Маймылдар көтерілісі" фильмі.

Фильмдер үнемі екі жақты пікір тудыратыны белгілі. Біреулер мақтап жатады, біреулер даттап жатады. Біз де тыныш жатып алмай, екеуміз көрген бір фильмге екі түрлі рецензия жазып көрмекпіз.

«Керекинфо» сайтында. Бүгін. Күтіңдер!

Толықтыру: Батлға арналған рецензияларды мына және мына жерден оқи аласыңдар!
Әрі қарай

Mille-feuilles!

Иә, Раббым! Жәрдем бер қысылғанға,
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке, мен АҚҚУ деп оқи берем, сондай әдемі айтылады да, солай айта берсем бола ме екен… тез сауығып кетсін деп дұға етейік. Мен үшін жұма – аптадағы жеті күннің ішіндегі ең сәтті де, бақытты күндердің бірі, Аллаға шүкір! Былайынша айтқанда, мен үшін ТОЙ ғой, бұл күн!
Әрі қарай

Серенада

Өзі соңғы апта «жүдеу де жүдеумен» өтті.
Барлығыңызға демалыс құтты болсын! Алдағы жұмыс аптасы сәтті болсын!
«Типа» әсемдеулерді бітірдім. Ал енді негізгі мақсатқа өтейін! Түңгі 3те қайдан лағып жүр мынау демеңіздер
Менің жағдайым тек қана @Gastarbaiter-дің басына түскен шығар! Әйтсе де өзінен жекеде кеңестер күтем деп қояйын!
Мен оны көргеніме біраз уақыт болды! Мен оны әлі толық білмеймін! Ол да мені аса жетік тани білген жоқ! Әйтсе де оның керемет қыз екендігінде күмәнім жоқ!
Жалпы, Латын Америкасы жігіттерінің арасында мынадай салт бар! Олар ұнатқан қызының балконының алдына барып серенада айтады да қыздың жауабын күтеді.
Әрі қарай

Домбыра Party -де қай-қомус қонақ болды

Сенесіз бе, күн ұзағына күрең тартып, қабағы ашылмай қойған Астананың аспаны дәл Party басталарда шайдай ашылды. Табиғаттың өзі домбыра үнін еститініне қуанып тұр деп жорыдым. Мұндайда көп тұруға болмайды. Бастап жібердік. Жиналған адам қарасы көп болмады. Келмегендердің өз обалы өзіне, біз бір кереметке куә болдық.
Әрі қарай

Линкольнның басын берсін, Гранттың тасын берсін!

Қолдан жасалған фото мен монтаждың тарихы – Сиэтлде “Адоуб” ЖШС өзінің “Фотошопақ” атты тауар белгісін тіркегеннен басталды деу авесттік болар еді, Arhun -сстың. Тарихтың тасақ беттерін аударыстырсақ, монтаждау тарихы сонау фотоға түсіру өнері басталған уақыттарға дейін кететін көрінеді.
Әрі қарай

Сайт жаңа нұсқаға көшті



LiveStreet CMS жүйесіндегі сайтымыз жаңа нұсқаға көшті. Кем-кетік жерлері әлі толықтырылады. Жаңа нұсқаның жаңалықтарын өздеріңіз көре жатасыздар. Басында аздап көз үйренбеуі мүмкін. Бірақ, қолдана келе бұрынғыдан жақсы екеніне көздеріңіз жететін болады. Әзірше жаңа функциялар туралы жазбаймын. Пікірлерде бірге жаза тұрайық.
Әрі қарай