Сайт жаңа нұсқаға көшті



LiveStreet CMS жүйесіндегі сайтымыз жаңа нұсқаға көшті. Кем-кетік жерлері әлі толықтырылады. Жаңа нұсқаның жаңалықтарын өздеріңіз көре жатасыздар. Басында аздап көз үйренбеуі мүмкін. Бірақ, қолдана келе бұрынғыдан жақсы екеніне көздеріңіз жететін болады. Әзірше жаңа функциялар туралы жазбаймын. Пікірлерде бірге жаза тұрайық.
Бөлісу:

160 пікір

mercedes
Бұрынғысынан әлдеқайда жақсы. Әппақ екен. Тезірек көздеріміз үйренсін.
mercedes
Профильді қараған күшті екен
mercedes
Жаңа пікір болса дұрыс ерекшеленіп көрінбейді екен
a63a1
бөлмелер ашылыпты))
meirzhan
Танымай қап, қайта айналып келіппін ))
Иә, көзді үйрету керек.
SaWOK
Қолданушылар бөлімінде Все Онлайн Новые деген жерлерін қазақшалау керек
a63a1
белсенділік ашылып тұр, баяғыдай жағдайлар орын алмайдыма екен?
mercedes
баяғыда не болды?
a63a1
әншейін ойда жоқта белсенділігім артып, ең бірінші орынға шығып кеткем
SaWOK
смайликтер жоқ екен
a63a1
Керек аусысқалы браузерім өзгеріп кеткендей болып тұр
meirzhan
:))) жырқ-жырқ смайл
VKM
Мен мүлде үйрене алмай отырмын
asaubota
бұрынғыдан да тез. профиль қарау қызықтырақ. жаңа пост жазу да оңай және хтмл тегтері түсініктілеу. тағы басқа қызықтарын бірге жаза отырайық. Тікелей эфир күшті болыпты.
VKM
Мысалы, Мейіржанның профиліне кірдім: Жалғас сияқты фетишист екен, сосын 1944 жэылғы екен))))
Өзің туралы жазуға болады екен, біреудің прфиліне жазуға болады екен. Қызық)
meirzhan
Өзің туралы бұрынғы нұсқада да жазуға мүмкіндік болған ;)
SaWOK
Тікелей эфирдегі қолданушыларға мышка стрелкасын қозғалтпай 1-2 секунд ұстап тұрсаң, қандай пікір жазғаны көрініп тұрады екен.
19852407
Мынгау менің көзіме, миыма, бүкіл жеріме соққы болды :)
Бұрынғыға бауыр басып қалыппыз.
Сосын смайылдар қайда, таппай отырмын…
meirzhan
Тікелей эфир жаңартылады, пікірдің свежийлігін қанша минут бұрын жазғанына қарап, анықтауға болады, қауымдастыққа қосылу үшін розетканы іздеудің қажеті жоқ, посттағы жаңа пікірлерге жазылуға болад
AKA
Профиль әдемі көрінеді, ашық көк түс тартымдырақ. «Естелік жазу» деген бар екен.
Rafaello
Таба алмадым. Қай жерде?
AKA
Достықтағы адамның профиліне барсаңыз оң жақта тұр.
AKA
Оң жақтағы жасыл айналатынның астында «жоғары» шығу функциясы бар. Сосын профильге барғанда «онлайн, оффлайн» деп жазылып тұрады екен.
kokbori
Белсенділік дегені жақсы екен, кімнің не істегені белгілі
meirzhan
әрине, жақсы )))
FaraOn1
еее басе жақсы екен!)
FaraOn1
пікірді түзету функциясы жоғалып кетті ғой???
araika
Артық ештеңе жоқ, тып-типыл:)
e_zhalgas
Аршат, іздеу жұмыс істемей жатыр.
SaWOK
пікірді бағалау мен бағасы пікірдің төменгі жағында тұрғаны ыңғайсыздау екен. бұрынғыдай үстіңгі тұсында тұрғаны жақсы ма еді… шатасады екенсің.
Korkem
Тамаша! Көз үйренбей жатыр бірақ, бұрынғысын қимайтындаймын. смайылдар қайдаааа?
Musa
Ески нускасы жаксы еди аттеген-ай.
Adiletshu
Бұл нұсқаның артықшылығы қандай
dark_nazgul
Тачскринға ыңғайлы екен.
dark_nazgul
тьфу, тачпадқа.
satibaldi
Өміріңде бірінші рет понт қумақ болып едің — ол да шықпай қалд
dark_nazgul
осы «беспонтовый» қалпымда қала бергенім дұрыс екен.
Abilakim
қауымдастықтарға қалай қосылуға болады?
meirzhan
Қауымдастықты «оқу» керек.
Zhan
Біраз уақыттан кейін «Керектіктер» мұның да «түбіне» жететін болады, тоесть меңгеріп алады:)
Abilakim
содан кейін меніңше "іздеу" функциясы істемей тұрғандай.Немесе мен жоқ сөздерді іздеген секілдімін.
Nurshat
Құтты болсын! ҚАЗНЕТ кеңістігінде қалықтай берсін КЕРЕКИНФО...
konvict
Әй, ең ұнағаны пүліс минустің астында болғаны болды. Оқып біте салып басына бармай бітіресің
Jacqabaies_Chirac


одмин мына жазбаны калай оқуға болад?
meirzhan
Әбіләкім өз стилінде :) дежавю
Abilakim
оны бағалағандар тек мен ғана емес қое, неге мені ерекшелеп тұрсың?! ))))
Abilakim
осы менің тұзым жеңіл, нақ
Aramza
Айттымғое былтырғыдай болад деп буахахахахахах)))))
sammita
әдемі көйлегін шешіп тастағандай әсер береді алғашында. Жаңа мүмкіндіктерін де көре жатармыз.
Abilakim
әдемі көйлектің астынан әдемі мүсін көре отырыңыз
alisha
Ұнады! Енді үйрену керер
Jacqabaies_Chirac
Құтсыз мекен Аш Дәруішөлген!!!
қосылса деген тілек!!!
asaubota
айтпақшы Дәруішөлген қосылды
rakisheva
Әппақ екен :) Бірақ бұрыңғыдан жақсы сиақты…
a63a1
таңдаулыға қосылған тақырыптардың ілмектеріне қосымша ілмек қосу функциясы бар екен
a63a1
осы тақырыпта Абзал деген ілмек көрінеме сендерге?
meirzhan
жоқ, тек «жаңа», «жаңарту» деген тегтер ғана.
sigma
Не ғо, профильді түзеткенде облыс таңдау деген жерде. Атырау облысы деген жоқ. Әлі сол «Гөрип»,- деп тұр сәбет кездегідей. Мен мен ғо, менен кейінгілер (сәбеттен соң туғандар)елін табалмай адасып кетеді ғо.
Temir-bala
Loginza, Cackle немесе Social Comments, OpenIDны қоссаңыз жақсы болар еді.Менің ойымша қолданушылар, пікірлер саны көбейеді.
Слайдер қоссаңыз кейбір посттар көпшілікке белгілі болушы еді.
asaubota
ескертулеріңізге рахмет, үлгергенімше бүгін түзете бастаймын.

ел және қала аттарын көмектескілер келетін болса хабарлассын. sql файлын салып жіберемін. arshat@arshat.kz адресіне жазыңдар егер география жағын аударамын десеңдер.
sigma
Зайыпты алмай Гөрибіңді өзің түзетіп ал дисің ғо
asaubota
тек ол емес, біраз жер бар
sigma
Мен де тек соны нұсқамап едім, түзетілмейтін пікіріңдісс
asaubota
Яндекстің іздеу жүйесі қосылды, былай жаман емес ;)
Temir-bala
livestreetcms.com/addons/view/136/
Мына іздеу жуйесі қайда жақсы, бірақ сәл озгерту керек болады қодты.
Temir-bala
auto complete ғана екен )
asaubota


hoster.kz Sphinx қоймай отыр, ол болса ішкі іздеу мәселесіз шешілер еді. амалсыз Яндекс қойдым.
Temir-bala
Лайвстритпен жұмыс істемегеніме біраз болды. Яндекс жазуы мен фонын алып тастасаңызшы  немесе AceMySearch деген плагин бар.
Temir-bala
AceMySearchта Sphinxты қондырмасаңызда болады
asaubota
тақырыптың атын оқыған болсаң жаңа нұсқаға көштік деген сияқтымын. жақсы білмейтін нәрсең туралы сөз қозғама ең дұрысы
asaubota
 смайликтерді тексеріп жіберейік
saginaeva
Басқа сайтқа кіріп кеттім деп қалдым Дизайн ұнап отыр, кең, ыңғайлы екен.
bakhyt
Құтты болсын! біріншісінде түсінбей, екінші рет кайтара қарадым. Әлі көзім үйренбей отыр. Бұрынғысы жақсырақ па еді деп қоям
asaubota
бұрынғысына көз үйреніп қалғасын ғана жақсы деп ойлап отырсыздар. ал мынау функционал жағынан мықты бұрынғыға қарағанда. кейін үйреніп кеткен кезде көресіздер.
ademi_alem
ой, қызық, түсінбей қадым ғой қайда кіріп кеттім деп. ))) Көзім енді-енді үйреніп келе жатқандай.
dark_nazgul
Негізі, бұрынғысында да, мынада да бір нәрсе жетпейді маған. «Пікір жазу» деген батырма екеу болса. Жазбаның дәл астында және барлық пікірлердің соңында.
sammita
бар ғой бұрын да болған: пікірдің астында және жазба соңында.
AKA
 
sammita
АКА, қарын ашып кетті, шыж-быж еткізші бірдеңе
konvict
Жаңа жазылған пікірдің түсін жасыл етуге болмай ма? Мынадан қайсы жаңа, қайсы ескі екенін айыра алмай жатырмын
sammita
иә, тез көзге түспейді. өз пікіріміз де))
konvict
Осыны дұрыстап жіберсе
asaubota
бөлісу, таңдаулыға қосу, бағалау әдемі орналастырылған посттың астында
Onlasyn
ЕЕбааа, жынннды!
Құттықтаймын, сайт тамаша болып қалыпты
Onlasyn
Көптен күткен ту-топ кнопкасы да пайда болыпты
MickThatsMyNick
Адаптацияланудамыз.) құтты болсын жаңару!
mercedes
Онлайн отқандар негізгі бетке бір бұрышына шығып тұрса екен бұрынғысындай
asaubota
күтіңдер, ол да болады.
Rafaello
Жоғарыда болса жақсы көрінер еді
omarbirat
Бұрынғыға қарағанда жылдам болып қалған сияқты. Жоғарыда баннер тұратын жердің кішірейіп қалғаны бір түрлі болып тұр әзірге.
VKM
Бәрі күшті, тек сайт атын үлкенірек қылып жазу керек сияқты, Аршат аға)
asaubota
Тікелей эфирде жазылған пікірдің бас жағын көрсететіні жақсы. маңызды емес болса «ааа» деп қоя саласың сілтемеге өтпей
omarbirat
Сонысы қатты ұнады.
asaubota
уақыт үнемделеді және серверге де жүк аз болады. жылдамдығы бұрынғыға қарағанда 25 % тез сияқты. жаңа нұсқасында жасаушылар көптеген керек емес нәрселерді алып тастаған ішкі кодтарынан.
berkut
жзаңа нұсқа жақсы екен. тек ошки киіп қарап отырмын…
araika
Бұл жаңару маған алғашқы осында тіркелген кездерімді еске түсіреді

Сосын жабық қауымдастықтарда да не боп жатқанынан аз-маз хабардар бола алады екенсің
Marationok
Жалпы жақсы, көз біраз үйрене алмай жүр, тым ақ болғасың ба, бірақ тезірек істеп жатыр екен. Әлде солай көрінде ме. Пікірді түзету функциясы болса жақсы болар еді. Кейде қателер кетіп жатады, кейді пікірді толықтырғың келеді… дегендей.
aikarakoz
О-о! Өзгеріс… Бұрынғыға әбден үйреніп қалған екенмін.
omarbirat
қалта телефонымен кіре алатын болдым
ken
жоғарыға бірден өтуге арналған батырманың қосылғаны жақсы болыпты.
bake
Marationok қосылам, пікірді түзету функциясы болса екен. Мысалы өзім асығыс жазамын
Abilakim
жазылып жатқан мақаланы «алдын ала қарау» тетігі істемегендей болып көрінді…
asaubota
пікір түзету қосылды. жазылған пікірді 10 минут ішінде түзетуге болады. егер жауап жазылған болса онда түзете алмайсыз.
FaraOn1
Пікірді обновиттау функциясының үстінде қала беретіні ұнамай тұр. бұрынғысы жағсы ед)
kokbori
ол браузерден екен, менде де солай болған. Бірақ браузерімді тазалаған соң қалпына келді
FaraOn1
қалай сонда барлық бетті жауып тастау керек па?
Marationok
Браузердің cash-ін тазалау қажет.
Aigolek
Кешеги бир такырыпты жогалтып алдым. «Есепте жоқпыз әзірге..» деген. Силтемесимен барсаммм кате дит. Неге?
alisha
Өзіме қажетті ақпарды алдым да, өшіріп тастадым. Былғанғым келмеді, түсінген шығарсың
Aigolek
ЕЕЕ дурыс кой. Баскага кажети жок кой
alisha
Әрине, ал сен неменеге ат терлетіп іздеп жүрсің?
Aigolek
Уакыт болип жазган пикиримнин менин гана емес кооп адамдардын пикиринин зым зия жок боп кеткени окиништи. Алдекен аганын бир бет кып терген кайран пикири десенш. Копшиликтин енбегине бир тукирип ошире салу да ерлик негизи
alisha
Зым-зия болған жоқ, көкесі, айттым ғой өзіме алдым деп… Жол сұрағанымда жөнін айтқан жандардың жазбалары өзімде…
Aigolek
бир жаксысы менин минустарым да кетипти
alisha
Ия, пікірлеріңмен қоса зым-зия болды Аман жүрші!
Daniar-Alan
менің шәпкім қайда???
alisha
Бурабайда қалып қоймаса?
Daniar-Alan
жоооққ… шәпкі шәпкі… тьфу, логотип… қиын сөздерді айталамайм ше
Onlasyn
Бұл нұсқаға дұрыс келмейтін шығар
Armanjan
Сайттың жаңа нұсқасы жақсы екен, алда да қосымша жұмыстар атқарыла жатар. сосын қалай еді әлгі есіме түспей қалғаны, сайттың төменгі жағында тұратын, шік еткізіп басып, бұрынғы жазбаларды да оқып отыратын. соны да қосып қойса.
Onlasyn
Бұрынғы нұсқасы қайда?
Nurgisa
Жаңа әлемге — жаңарған Керекинфо!
ademi_alem
маған ана жапырақ қатты ұнап отыр!
asaubota
кішкене асығыстау болып жатыр. әзірше тест етейік, кем жерлерін ертең түзетемін.
kokbori
охо, керім боп қалыпты ғой, жақсы екен, баяғы күндер есіме түсіп жатыр
ken
бірден соңғы жазылған пікірге баратын мүмкіндікті қайта қосып қойсаң
salamat
Қазақтың әріптерімен жазбайтын «айгүлдерді» бұғақтап, кіруіне тосқауыл қою керек!
ruben
бұғақтап
елестетіп көрдім, бұ-ғә-ә-әқ, тоқ ішек айналдырасың ше
Aigolek
Сиз маган сынгансыз по ходу. Айтпесе мени жайыма калдыратын уакыт болды гой енди
salamat
сенен басқа қазақ тілінде саналы түрде қате жазатын ешкімді байқамадым!
құрбы құрдастарың сенің мініңді айтудан қорқады-ау шамасы
a63a1
«айгүлдерді» бұғақтап, кіруіне тосқауыл қою керек!
Бұғақтап емес бұғаулап дейді
a63a1
Бұғақ деген иекпен мойынның ортасындағы тамақты айтады. «Бойдақ қойда құйрық қалды, бойдақ қызда бұғақ қалды, қырлан ақпан қырлан!» деп атамның атасы айытып отырушы еді жарықтық, иманы саламат болсын!
salamat
терминкомға хабарласып едім олар бұғаттау дейді
қалай десек те мен қателесіппін
aza
Жақсы! тілек: тек түсі ғана қою көк, осыны көңілді, жеңіл түске ауыстырса Әкімшілік…
alisha
Құтты болсын! Енді көз үйрету керек
konvict
Маған сен-үшін сайтының дизайнын еске түсіріп отыр))))
asaubota
сайтқа логиндерімен кіре алмай отырғандар сайт адресін www-мен немесе www-сыз жазып көрсін.
Armanjan
мысалы Ареке менде мындай жағдай боватыр, авторизация бірден нетілмейді, алдымен бір постыға кіріп, сосын пікір деген жерге басып барып кіріп отырмын.
asaubota
енді дұрысталған болу керек. енді тек kerekinfo.kz болып ашылады, www-cыз.
Aldeken
Ооо, қоныс ауыстырған тек мен бе десем, керекте үй ауыстырған екен ғо, құтты болсын!
asaubota
Іздеу жүйесі істемей тұр. ақылы плагин алу керек. 10 доллар. кім демеуші болғысы келеді жекеге хабарлассын.
a63a1
мен бір қателік таптым, ол пікір жазушының астына жазған пікірге жауап жазсаң алғашқы пікір жазушыға жауап ретінде кетіп қалады, «Мұрат Әбеновтың сұхбаты туралы» деген жазбадағы Отариусқа жазған жауабым Әбеновке кетіп қалыпты
a63a1
жоқ кешірім өтінем, өзім шатысып отырм