Келе жатырсам...
Таңертең ерте сегізде үйден шығып аялдамаға бет алдып. Автобус жоқ, аялдамада адам да көп емес. Сосын такси ұстадым, мен баратын жерге жер қарада 400 теңге еді, бүгін 800 болыпты. Дабай жақсы дедім де, жауя кеттім.
Жарты сағаттан онбес минут артық жүріп келдім. Осы, дым қызық болмаса да.
Әрі қарай
Жарты сағаттан онбес минут артық жүріп келдім. Осы, дым қызық болмаса да.


Алғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.

Балалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.
Бұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:
Негізі, ашық сабақта көбінесе жаттығумен жұмыс болды. Содан соң мұғалім нобайдағы жұмысымен бөлісті:


Елена Васильевнаның балаларының суреттерін тамашалауға шамам жетпеді. Қарнымның қатты ашқаны әрі қарай шыдатпады. Талия Рафаэлловнаның да пікірін алмай үйге қайтып кеттім. Дегенмен, қаңтар айында дыбыстап, ақпан айына қарай мультфильміміз дайын болады деген.


Бүгінгі күннің басым бөлігі ұлымның пайдасына шешілді. Ұйқымызды қандырып, сағат 11-лерде FUNKY TOWN ойын-сауық орталығына бардық. Карточкаға 3000 теңге салып, ойламаған жерден ұтыс купонын иелендік. Сөйтсек, орталықта «Ойыншықтар айлығы» деген акция өтіп жатыр екен. "Ұтыс бүгін сағат 16:00-де болады",-деді кассадағы қыз. Ал біз айналдырған бір сағаттың ішінде карточкадағы тиынның түбіне құм құйып үлгердік. Сағат төртке дейін не істейміз? Оның үстіне үйіміз қаланың ана шетінде...Қайтсек те осында күтуге тура келеді. Содан асқазанымызды аз-мұз алдарқатып, сол ғимаратта орналасқан Арсенал кинотеатрындағы 3Д форматтағы «Гномео и Джульетта» мультфильміне билет алдық. Мені негізі қандай бір нәрсемен таң қалдыру аса қиын емес-тін. Бірақ, 3Д формат мені кереметтей таңқалдырды деп айта алмаймын. Көзілдірікті бір киіп, бір шешіп өзімше сынама жүргізіп отыр ем, кенет кіре берістен оқыған «Көзілдірік бүлінген жағдайда 6000 теңге айыппұл салынады» деген ескертпе есіме түсіп, мұнымды доғара қойдым.
