50 теңге үшін



50 теңге үшін
Қала ішіндегі маршрутта
-Апа, жолақысын төлеңіз.
-Балам міне дәкүмінт, кәрілік туралы, мен ақша төлемейм.
-Апа, кәрілік туралы дәкүмінт жүрмейді бізге, батыр ана, күміс алқа және тб бәрі жолақы төлейді.
-Сен кәртимейсің ба?
-Тек, соғыс ардагері ғана төлемид, жарғыны әкеп көрсітиін ба?
-Сен кәртимісің ба, кәртиме онда, өле қал, менің жасыма жетпе.
-Апа сізге түсіндірдім ғо, дәкүмінтіізді беріш, көрейін.
-Көрсетпим, жыртып тастисын, мұны мен істеп алған жоқпын, өкімет берді, жыртсаң сотқа жауап бересің.
-Апа, ақша бермисің ба, түс.
-Түсем.
Ощм, екеуіде қайтпад, қайсысына болысарыңды білмисің, апа дейін десең, аузынан оңған сөзі шықпады, баланыкі бір жағынан дұрыс емес, бірақ ол бейшараның жұмысы сол, әркім дәкүмүнт көрсетіп акша төлемей кете берсе оған да дым болмай қалады. Ұзақ жолға шығатын маршрутта да ондай оқиғалар болып тұрады. Жол жөнекей тоқтатқан жолаушылар кейде барын беріп, түсіп қала береді. Ал, кейде шопырлар ашуланса толық төлетіп алады жолақыларын.
bk
Бөлісу:

4 пікір

neoaskar
Негізі былай, Заңды дұрыс білу керек, әсіресе зейнеткерлер мен кондукторларға, мысалы Алматы қаласы бойынша Қалалық тұрғын 70-тен асқан болса, онда ол 1-200-ге дейінгі маршруттармен тегін жүре алады. ал одан жоғары маршруттар қаланың сыртқы жақтарына қатынайтын болғандықтан жолақысын төлеуге міндетті. мейлі ол 105 жаста болсын. өйткені, зейнет жасына арналған жол жүру билеті арзандатылған бағамен сатылғандықтан жол жүруде ұмыт қалдырған болса да төлеуге міндетті.
bake
Кейбір қалалық маршруттық автобус жолаушылары «троль» дейсің, үнемі бір маршрутпен жүреді, сол маршруттағы барлық кондукторлардың жүйкесін тоздырғанды міндет қылып алған секілді. Тақырып тапса- автобус жолаушыларын екіге бөліп, ұрыс шығарып ортасында қалып мәз-мейрам болады
torgai
Кәрілігін салмақ қылмау керек сияқты. Негізі әдемі қартая білу де өнер. Егер кондуктор сен айтқандай сыпайы сөйлесе, апаныкі қате болған екен. Қарғап-сілемей өтіне салса болар еді. Өз басымызға келмегенше түсінбейтін де шығармыз бәлкім
bake
әдемі қартая білу де өнер
жақсы айтылған