Бұта отырғызу

Подъезімнің алды көк тақыр. Көршілес подъездерде бұталар өсіп тұр. Біздегі алаңқайдың тақырға айналуына не себеп екенін кейін білдім — кезінде бірінші қабатта тұратын біреу машинасын өз балконының түбіне қою үшін тал-теректерді жұлып/кесіп/опырып тастаған. Алайда қатты дауыл кезінде жақын маңдағы ағаштардың біреуі сынып, ауыр бұтақ (!) машинасының үстіне құлапты-мыс. Сол кезден кейін есік алдындағы тақыр бос тұр.

Подъездің түбі — автотұрақ, гараж, қойма емес. Ол да жалпыға ортақ территория. Оны бәрі түсінеді, бірақ адамның эгоизмінде шек бар ма? Келесі «умник» келіп, жекеменшік паркингке айналдырғанын күтіп жатқым келмеді. Бірдеңе егіп тастайын дедім.

Осы сенбі-жексенбі соның қамымен өтті. Жер қазып жатқанымды көріп, біреулер мақтауларын жеткізді, тіпті көмекке келген көршілер де бар. Ашық жеріне гүл, көгал егейік деп ұсыныс айтып, қоршау мәселесін қамдайық деген көрші де табылды. Өспей қалады-ау деген скептик те бар екен көршілер арасында, ұрлап кетеді-ау деді бір өткінші. Мені қорқытқаны — өспей қалатыны емес, ұрланып кету ықтималдығы және аяққа тапталып сынып қала ма деген қауіп. Білмеймін, көре жатармыз.

Ал, мынау сол шаруаның видеосы:


ТОЛЫҚТЫРУ!
Кіреберістің екінші жағына да ағаш отырғызылды. Ағаш дегенде сол — бұта ғой ол да. Ақпан айында үйдің жанында бұрыннан өсіп тұрған талдардың бұтақтарын кесіп алып, суға салып қойған болатынмын. Солардың басым бөлігі тамыр жайды. Үш-төрт талдан біріктірдім де, төрт түпке бөліп отырғызып тастадым.
Әрі қарай

Позитивті пост

Әрине өмір ғажапқа толы. Бұған күмәнданушы болма, құрметті оқырман! Қиындық және арпаласумен өткен күнің бір сәтте-ақ көзіңе әдемі көрініп кетеді. Бұл физика немесе химия емес. Кенет жұмыстан шаршап үй табалдырығын аттаған сәтте анаңның күлімдеп тұрып, келдің бе құлыным, кел шәйға дегенін естіп, басыңды қатырған проблема бір мезетте жоқ боп кеткенін байқағандай боласың. Анаға жетер асыл бар ма? Ал оның нұрлы жүзі барлық дерттің антибиотигі секілді. Тату-тәтті отбасыңмен дастрхан басында шүркілдеп «әңгімелетесін». Іштей мұндай бақыт баршаға бұйырмағанын біліп тәубелеп отырасың. Балалы болсаң ол да бір қуаныш. Баланың тілі бал, ал күлкісі тіпті қақ төбеңнен нұр боп жауады. Соңына ұрпақ қалдыру, оған тиісті, дұрыс тәрбие беру – фәнидің мәні деседі. Яғни бұл да әрбір пенденің қолынан келе бермейді. Маңдайыңа жазылған, Құдай қосқан жарыңның да күлімдеген жылы жүзі жүректі әп-сәтте ерітіп жібереді. Кейде өзің де байқамай, қиялдап кетіп, сұп-сұлу жолдасыңды елестетіп, өз алдыңа ыржиып жүресің кейде. Бұл да ғажап қой. «Не ексең, соны орарсың» деп бекер айтпаған. Өз жақындарыңды қорғап, оларға күтім жасап, жақсылығыңды аямайтын алақаны ашық жан болсаң, күллі әлемнің кереметі алдымен сенің жүрегіңе, кейіндеу сенің айналаңа да тарай бастайды. Алланың рақымы шексіз! Барлық таңғажайыпқа лайық болу өзіңнің қолыңда екенін ескер. Әрқашан көңілді болуға тырыс. Жақындарыңды бағалай біл. Жүрек лүпілін тыңдасаң не қалайтыныңды ұғасың. Ал оның орындалуына құдіретті күш әсер етеді. Қорықпа, досым! Бастысы «джәмән» адам болма ;)
Әрі қарай

"Солнышко" үйірмесі

— Мәке, көрінбей кеттің ғой? — деп Амантай амандасып, асханаға кіріп кетті. Күн сенбі болатын. Қолымдағы бір жапырақ қағазды жетекшіме тапсырдым. Жұмыс уақыты аяқталған соң Мәдениет сарайына жол тарттым. Қарным да аш еді. Соған қарамастан Талия Рафаэлловнаның ашық сабағына қатысуға бел будым. Қаланың тарихы тұнып жатқан мұражайға барған күні «Солнышко» мультипликация үйірмесіне де кіріп шыққан болатынмын. Бұл үйірмеге жиырмаға жуық оқушы қатысады екен. Ашық сабақтан соң ғана бұл ұжымның жұмысымен толықтай таныса алдым.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі

Мультипликация

Өлген тілдің түсіндірме сөздігінде мультипликация сөзіне «көбейту» деген түсініктеме берген. Қазақша айтсам, техникалық амалдар арқылы үстелде жатқан суреттердің ауысу реті бойынша қозғалыстағы суреттер иллюзиясын жасау ғой. Еуропалықтар мұны «анимация» дейді. Француздардың сөзі екені рас, Le Grand Robert деген алты томдық түсіндірме сөздігінде бұл сөзге «тірілту», «жан беру» деген мағына берген. Жалпы, мультипликация туралы орыстар жақсы мәлімет берген. Ал мен ашық сабақ барысында мультфильмнің әлі жарық көрмей тұрып қандай қадамдардан бастау алатынын көргем. Grand Duos-ым көргенімен бөліссін ал.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіАлғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі

Жаттығулар жұмысыМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіБалалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіБұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:


Мына видеода балалардың мультфильмді қалай дыбыстайтынын көрмесеңіз де, дауыстарына қызығатын боласыз. Жаңылтпаштарды сайрай жөнелетін дауыстар әлгі Союзмультфильм туындыларындағы дыбыстауларға өте-мөте ұқсайтын сияқты, иә?!




Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі


Мультфильм

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіНегізі, ашық сабақта көбінесе жаттығумен жұмыс болды. Содан соң мұғалім нобайдағы жұмысымен бөлісті:



Сабақтың соңына таман балалардың пластилиннен жасаған кейіпкерлерін көрдік.Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі

Сабақтың қанша уақытқа созылғаны есімде жоқ екен. Әйтеуір, қарнымның қатты ашқаны анық есімде. Шаршау да болды. Мұнда сонымен қатар «Мечта» сурет өнері студиясы бар еді. Ал оның жай ғана көрмесі өтіп жатты.Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіЕлена Васильевнаның балаларының суреттерін тамашалауға шамам жетпеді. Қарнымның қатты ашқаны әрі қарай шыдатпады. Талия Рафаэлловнаның да пікірін алмай үйге қайтып кеттім. Дегенмен, қаңтар айында дыбыстап, ақпан айына қарай мультфильміміз дайын болады деген.

Ертеңіне жұмысқа жетсем, директор мырза арызыма қолын қойған екен. Жетекшім арқылы жолдаған болатынмын. Айлық та түскен екен. Түбіртекті жыртып тастадым. Өткен айда да осындай жиырма мың теңгенің көлемінде айлық алған едім. Жұмыстан өз еркіммен шыққаныма еш өкінбедім...

P.S.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі
Әрі қарай

Дивани "хикмет" немесе жәдігердің жаңаруы

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дивани хикмет немесе жәдігердің жаңаруы

Есенбісің, достым!

Міне, көзді ашып жұмғанша, тағы бір апта зу етіп, менің 28 күндік жұмыс кезегім де келді. Өзің аңғарып үлгергендей, менің фотореп жанрындағы әңгімемнің кейіпкері басқа емес, бұл жолы кәдімгі көне диван болмақ.

Бәлкім, сен дереу мені «мына ауған неме жамбасын жайғастырып, жантаятын жиһазын да жыр қылды ғой!» деп жазғырарсың. Ендеше, дат, тақсыр!
Әрі қарай

Ұят болд шс...

Досым екеуміз парктен шықтық. Қалтамыздағы соңғы тиын тесіп бара жатқан соң, тәулік бойы істейтін кафетерийге бардық кофе ішуге. Қасымдағы жүгермекті отырғыздым да, өзім кассаға жақындадым. Келісім бойынша кофе ішпекпіз. Кәссерім құлаққапта телефонмен сөйлесіп отыр екен.
— Қарындасым, екі кофе…
Сол кезде әлгі жүгермек жаныма жетіп келді. Оның да телефоны безілдеген соң сыртқа шығып бара жатты. Кетерінде сүтсіз дегенін ұғып қалдым. Есіл дертім кофеге не алсам екен деп әйнектен жейтін нәрселерге қарап тұрмын. Қарындасым кербездене басып кетіп қалды да, екі күрешке әкелді. Біреуінде менің қалауымдағыдай сүтті кофе, екіншісінде пакеттегі шай салынған. Ашуланып кеттім. Ойым «мына қыз естімеді де, шай әкелді» боп тұр.
— Қарындас, мен сізге екі кофе, біреуі сүтсіз дедім ғой!
Ол үндемеді. Сәлден соң барып:
— Сіздер шай дедіңіздер.
— Қалай шай? Не айтқанымызды білетін шығармыз?!
Жеп қояйын деп тұрмын, мына әділетсіздікке. Алғыс-шағым журналын «бояп» тастасам ба деп те ойлап тастадым.
— Мынаны не қыламыз енді?!
Ол да ашулана бастады білем.
— Өзім-ақ ішем алмасаңыздар, қазір кофелеріңізді дайындап берем.
Сол кезде қасымдағы жігіт келді.
— Айтшы-ей сен не заказ бердің, сүтсіз кофе емес пе?
Шайды көрді де:
— Дұрыс қой, шай дедім ғой,- демесі бар ма? Бітімнен от шықты. Ернімді жыбырлатып дайбалопты бұтақтап жібердім. Кәссірім асханаға кеткенде шәйқорым дым болмағандай шәйін алды да, орнына жайғасты. Кетер кезде алған жеріне төгіп кеткендей… Әдейі істегендей. Қайта қыз келмей тұрып салфетка бастым. Қыз кофемді әкеп берді. Ақшасын төлеп чегін алдым. Орныма келгесін қарасам, ақша кофелерге ғана төленіпті. Анауым шәйін сораптап болар емемс. Қолына ақша мен чекті ұстаттым да кассаға қудым. «Шәйіңді адал іш, сыболыш!» Барса басқа қыз шығыпты. Мейлі ғой, қарызымыздан құтылдық. Бірақ масқара болғанда қатты ұялдым. Қайтарда алғыс-шағым журналына шағым емес, алғысым мен кешірім сұрап кеттім.
Әрі қарай

Сатаналық белгі


Негізі кешегі реалда көргенімді бөлісейін деп отырмын. ФБ-дан посттарды ақтарып отырғанмын. ФБ-лық бір әріптесімнің «семинар-тренинг басталды» деген постын оқып, "қатыссам болады ма?" сұрақ жолдадым. «Кел» деп жауап қайтарған ол мекен-жайды көрсетті. Барсам, біраз тренингтер өтіп кетіпті. Біраз ФБ-лық әріптестерім отыр екен. (Оларды көрудің де сәті түсті) Түскі үзілістен кейінгі бірінші тренинг қатысушыларды үш топқа бөліп, «Көшеге шығып өзіңе ерекше көрінген нәрселерді жазып келіңдер. 10 минут уақыт.» деп тапсырма берді. Менің тобымда Нұршат Төкен және Аяулым есімді қыз болды. Семинар өтіп жатқан «Мирас» оқу ғимаратының баспалдағынан түсіп келе жатып-ақ «ерекше» суретке көзім түсті. Бірақ, оны тобымдағылармен бөлісуге уақыт тығыз болды. Далаға шығып, бірнеше ерекше көріністерді түртіп алып, белгіленген уақыт аяқталған соң қайта келдік. Өзіміздің тапсырманы қорғап шыққаннан кейін Есенгүл Кәпқызы апайымыз «Интернет журналистикадағы репортажды пайдаланудың жолдары» атты тренингін жүргізді.
Бірақ, менің ойыма жаңағы көрініс орала берді. ЖОО орны ғимаратында неге «сатананы» сипаттайтын белгі тұрғанын ойыма сыйғыза алмадым.

Рас, «Мирас» оқу ғимаратында орыс тілді білім алушылар көп. Тәрбиелік мәні бар «стендтерді» барлық ЖОО орнынан, мемлекеттік мекемелерден көріп, оқып жүрміз және болуы міндетті дүниелер. Бірақ, дәл осындай "қаратпа бұрышты бейнені" бірінші рет көруім. Және, «сатаналық» белгі кімге керек болды екен. Орысша жазылған ол «стендті» өзімше қазақшаладым.

Біраз уақыт бұрын осы тәріздес мәліметтермен танысқан болатынмын. Айналаңа қарасаң, арамызда екен «олар».
Әрі қарай

Кондиционердің қазақшасы қалай?


Басқа тілден кірген, қолданыста жүрген тұрмыстық-техникалық заттар көп. Телефон, телевизор, сотка, компьютер, колонка және т.б. көп. Енді қазекем өз кезегінде қарап отырмай, осы терминдердің барлығын қазақшаға аударып шығады. Нәтижесінде қазақша жаңа сөздер пайда болады. Естіген құлақ қызық аудармалар көп. Телефон — сымтетік, сотка — ұялы сымтетік, немесе қалтафон, телевизор — теледидар, көгілдір экран деп жатамыз, айта берсең тізбектеліп кете береді.

Бүгін таңертең жұмысқа келсек, әріптес ағамыз (әрі ұстазымыз) екі жаңа сөз үйреніп келдім деп жаңалығын айта отырды. «Кондиционер» сөзінің қазақшасы қандай деп сұрақ қойды. «Салқындатқыш, желдеткіш және тб» сөздерді айттық, дұрыс емес деп жауап қайтарды. ФБ-дан сұрап көрдім, жауап келмеді. Бір уақытта табылды жауабы: «Ауабаптағыш!» біреулеріңіз естіген де боларсыздар, бірақ маған қызық көрінді. Салқындатқыш сияқты көрінеді кондер, бірақ ол толық мәнін ашып бере алмайды, ал «Ауабаптағыш» шынында да сәйкес келетін сияқты, арнайы шектегі ауаны баптайтын міндеті болғандықтан.

Екіншісін айтайын ба? Аға прокурор деген, «кәттә прокурор» екен)))))))))))))))))))))))))
Әрі қарай

50 теңге үшін



50 теңге үшін
Қала ішіндегі маршрутта
-Апа, жолақысын төлеңіз.
-Балам міне дәкүмінт, кәрілік туралы, мен ақша төлемейм.
-Апа, кәрілік туралы дәкүмінт жүрмейді бізге, батыр ана, күміс алқа және тб бәрі жолақы төлейді.
-Сен кәртимейсің ба?
-Тек, соғыс ардагері ғана төлемид, жарғыны әкеп көрсітиін ба?
-Сен кәртимісің ба, кәртиме онда, өле қал, менің жасыма жетпе.
-Апа сізге түсіндірдім ғо, дәкүмінтіізді беріш, көрейін.
-Көрсетпим, жыртып тастисын, мұны мен істеп алған жоқпын, өкімет берді, жыртсаң сотқа жауап бересің.
-Апа, ақша бермисің ба, түс.
-Түсем.
Ощм, екеуіде қайтпад, қайсысына болысарыңды білмисің, апа дейін десең, аузынан оңған сөзі шықпады, баланыкі бір жағынан дұрыс емес, бірақ ол бейшараның жұмысы сол, әркім дәкүмүнт көрсетіп акша төлемей кете берсе оған да дым болмай қалады. Ұзақ жолға шығатын маршрутта да ондай оқиғалар болып тұрады. Жол жөнекей тоқтатқан жолаушылар кейде барын беріп, түсіп қала береді. Ал, кейде шопырлар ашуланса толық төлетіп алады жолақыларын.
Әрі қарай