Позитивті пост

Әрине өмір ғажапқа толы. Бұған күмәнданушы болма, құрметті оқырман! Қиындық және арпаласумен өткен күнің бір сәтте-ақ көзіңе әдемі көрініп кетеді. Бұл физика немесе химия емес. Кенет жұмыстан шаршап үй табалдырығын аттаған сәтте анаңның күлімдеп тұрып, келдің бе құлыным, кел шәйға дегенін естіп, басыңды қатырған проблема бір мезетте жоқ боп кеткенін байқағандай боласың. Анаға жетер асыл бар ма? Ал оның нұрлы жүзі барлық дерттің антибиотигі секілді. Тату-тәтті отбасыңмен дастрхан басында шүркілдеп «әңгімелетесін». Іштей мұндай бақыт баршаға бұйырмағанын біліп тәубелеп отырасың. Балалы болсаң ол да бір қуаныш. Баланың тілі бал, ал күлкісі тіпті қақ төбеңнен нұр боп жауады. Соңына ұрпақ қалдыру, оған тиісті, дұрыс тәрбие беру – фәнидің мәні деседі. Яғни бұл да әрбір пенденің қолынан келе бермейді. Маңдайыңа жазылған, Құдай қосқан жарыңның да күлімдеген жылы жүзі жүректі әп-сәтте ерітіп жібереді. Кейде өзің де байқамай, қиялдап кетіп, сұп-сұлу жолдасыңды елестетіп, өз алдыңа ыржиып жүресің кейде. Бұл да ғажап қой. «Не ексең, соны орарсың» деп бекер айтпаған. Өз жақындарыңды қорғап, оларға күтім жасап, жақсылығыңды аямайтын алақаны ашық жан болсаң, күллі әлемнің кереметі алдымен сенің жүрегіңе, кейіндеу сенің айналаңа да тарай бастайды. Алланың рақымы шексіз! Барлық таңғажайыпқа лайық болу өзіңнің қолыңда екенін ескер. Әрқашан көңілді болуға тырыс. Жақындарыңды бағалай біл. Жүрек лүпілін тыңдасаң не қалайтыныңды ұғасың. Ал оның орындалуына құдіретті күш әсер етеді. Қорықпа, досым! Бастысы «джәмән» адам болма ;)
Бөлісу:

12 пікір

Ispek92
Не будь унылым го*ном, будь позитивной кака*кой
дегеннің мәдениетті түрі ме :)