Ұят болд шс...

Досым екеуміз парктен шықтық. Қалтамыздағы соңғы тиын тесіп бара жатқан соң, тәулік бойы істейтін кафетерийге бардық кофе ішуге. Қасымдағы жүгермекті отырғыздым да, өзім кассаға жақындадым. Келісім бойынша кофе ішпекпіз. Кәссерім құлаққапта телефонмен сөйлесіп отыр екен.
— Қарындасым, екі кофе…
Сол кезде әлгі жүгермек жаныма жетіп келді. Оның да телефоны безілдеген соң сыртқа шығып бара жатты. Кетерінде сүтсіз дегенін ұғып қалдым. Есіл дертім кофеге не алсам екен деп әйнектен жейтін нәрселерге қарап тұрмын. Қарындасым кербездене басып кетіп қалды да, екі күрешке әкелді. Біреуінде менің қалауымдағыдай сүтті кофе, екіншісінде пакеттегі шай салынған. Ашуланып кеттім. Ойым «мына қыз естімеді де, шай әкелді» боп тұр.
— Қарындас, мен сізге екі кофе, біреуі сүтсіз дедім ғой!
Ол үндемеді. Сәлден соң барып:
— Сіздер шай дедіңіздер.
— Қалай шай? Не айтқанымызды білетін шығармыз?!
Жеп қояйын деп тұрмын, мына әділетсіздікке. Алғыс-шағым журналын «бояп» тастасам ба деп те ойлап тастадым.
— Мынаны не қыламыз енді?!
Ол да ашулана бастады білем.
— Өзім-ақ ішем алмасаңыздар, қазір кофелеріңізді дайындап берем.
Сол кезде қасымдағы жігіт келді.
— Айтшы-ей сен не заказ бердің, сүтсіз кофе емес пе?
Шайды көрді де:
— Дұрыс қой, шай дедім ғой,- демесі бар ма? Бітімнен от шықты. Ернімді жыбырлатып дайбалопты бұтақтап жібердім. Кәссірім асханаға кеткенде шәйқорым дым болмағандай шәйін алды да, орнына жайғасты. Кетер кезде алған жеріне төгіп кеткендей… Әдейі істегендей. Қайта қыз келмей тұрып салфетка бастым. Қыз кофемді әкеп берді. Ақшасын төлеп чегін алдым. Орныма келгесін қарасам, ақша кофелерге ғана төленіпті. Анауым шәйін сораптап болар емемс. Қолына ақша мен чекті ұстаттым да кассаға қудым. «Шәйіңді адал іш, сыболыш!» Барса басқа қыз шығыпты. Мейлі ғой, қарызымыздан құтылдық. Бірақ масқара болғанда қатты ұялдым. Қайтарда алғыс-шағым журналына шағым емес, алғысым мен кешірім сұрап кеттім.
Бөлісу:

2 пікір