Үнхабар: Блог Құрылтайдың болғанынан боладысы қызық

Өткен жұма күні Dabai Kerekinfo болмай тұрған кезде Мақпалдың жазып алып, әзірлеген үнхабары.

Ескерту: Арнайы еш дайындықсыз жазылды.

Неге тіркелу керек?
Қандай тақырыпта презентация жасаған дұрыс
Құрылтайда ақша жоғалтып алсаң не істейсің
Блог Байқауға қатысыңдар!
т.с.с. тақырыптарды түртіп өтеміз.

Керекшілер қажетіне жаратар.

Скачать с podkazt.kz


Скачать с podkazt.kz
Әрі қарай

Керекше достық - ерекше достық.

Иә, «ат айналып қазығын табар» демекші, бұл керекинфоның қайта оралу әңгімесі қызық болды ғой… Керекинфоның алғашқы тәй-тәй басқан кездерінде, интернет технологияларында қазіргідей мүмкіндік жоқтың қасы еді… Тіпті қазақша мәтінді мониторға шығарудың өзі қаншалықты қиын іс еді десеңші..Қазір, алыс емес, сонау 2000 жылдары интернетте қазақ әріптері оқылмайтын, жазылмайтын десең, ел бетіңе бажырайып қарайтын шығар… Бірақ, сондай кезеңдер бастан өтті..Қолда 1,3 Мб дискетаға көшірілген сайттың «хтмл» беттері, интернет кабинеттерін жағаланып жүрілді ғой талай…
Әрі қарай

Дігідік-дігідік шабамын...

Елбасымыз өзінің шабысынан танбады. Арасында аяңға салу сары желіске ауысу жоқ бұл кісіде. Тек дігідік-дігідік….Лингвистикалық коммисиядан шауып өтті.
Осы лингвистикалық комиссияның не керегі бар?! Талапшыл болса депутаттарды, жоғарыдағы министрлерді тексерсін. Қазақ ұлтына қызмет ететіндердің құрамында олар да бар ғой. әйтпесе басқа елдерге сапарлап барған адамның (биліктегі) осы комиссияның төбесіне көтеріп отырған тілінде сөйлеп жүрмегендері анық. Біз сол тілімізден секіріп өткен жоқпыз ба? Ауып қалмасақ нетті?
Бұл кісі елдің тізгінін қолына алған жылдары туған балалар үйленіп жатыр. Немерелері немқұрайлы қарай бастады қазақ тіліне. Ал, ол кісі дігідік-дігідік шауып бара жатыр…

Мақала мына жерден алынды, осы жерге салынды.
Әрі қарай

Қазақстан жұлдыздары "Валентинді" жарнамалады ма?

Кеше астаналық циркте Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен өткен "Ғашықтар әлемі" концертіне бардым. Кеш «Сәлем» радиосының ұйымдастырылуымен өтті. Негізгі моменттерді атап өтсем:

1. Жоспарланған кейбір әншілер (мысалы, Айгүл Иманбаева, т.б.) келмей қалды. Сірә, Валентин күнін жарнамалап жатыр деген сөзден қашса керек.
2. «Провал года» Мадина Сәдуақасова «Сәлем» радиосының «Ақсүйек» бағдарламасын «Ақсұңқар» деп шатастырып, тағы күлкіге қалды. Талай көрермен орнынан атып тұрып: «Пажалыста, ты только пой! Артық сөйлемеші!» деп айқайлағысы келіп кетті ғой деймін))) А так, сұлу ғой, сұлу…
3. Ұйымдастырушылар шоу жасауға тырысыпты. Әсіресе, "Ұлар" тобының әніне көмектескен «Ақ желкен» студенттік театрының көрінісі әсерлі шықты. Күнделікті абыр-сабыр тірлікпен жүрген алуан-алуан адамдар әуеннің белгілі бір тұсына келгенде сол күйінде қозғалмай қатып қалады, тура картина сияқты)) Біраз уақыттан соң тірліктерін сол жерден жалғастырып әкетеді. Ішіндегі кіп-кішкене балаға дейін өз ролін ыждағаттылықпен орындауы таң қалдырды. Жанды клип көріп отырғандай күй кештім.
4. Жоғарыдағы бөлек сахнада «Сәлем» радиосының жүргізушісі Өмірбек келген қонақтармен сұхбат жүргізіп отырды. Кейін өзі де ән айтты. Цирктің акробат қыздарымен бірге аспанда ұшып, обшым, әсерлі шықты)))
6. Алмас Кішкенбаев, Алтынбек, Еркін Мәулен, Әлішер Кәрімовтер де концертті жандыруға тырысып бақты.
7. Маржан Арапбаева жұбайымен ән айтты. (Жұбайының әжептәуір даусы бар екен).
8. «Ақсүйек» бағдарламасының көмегімен танысып, отау құрғандар бар екен, олар да келді.
9. Жарнама-парнамасын қайдам, өзіме концерт ұнады, тәуір демалып қайттым. В принципе, ол жерде Әулие Валентин жайлы сөз болған жоқ)))

Пы сы: 1 наурызда астаналық циркте Маржан Арапбаеваның жеке концерті өтеді екен.
Әрі қарай

Гераклдың ерліктері. Алтыншы ерлік: Авгийдің атқорасы (Екінші нұсқа).



Стимфалия құстары Пелопонесте жаратылған құбыжықтардың соңғысы болды, Эврисфейдің билігі Пелопонестен әрі жүрмегендіктен, Геракл патшаға қызмет көрсетіп болдым деп ойлады.

Алайда Гераклдың ғаламат күш-қуаты тектен-текке өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Ол ерліктер жасауға құмартты, ол тіпті Копрей келгенде қуанып кетті.
Әрі қарай

Google-дан жас жұбайларға жаңа қызмет


Google бұл жолы жас-жұбайларға арналған бір қызметін ашты. Жастар енді өз тойларына арнап жеке сайт аша алады, суреттерінен альбом құра алады, той бюджетін немесе шақырылатындар тізімін де реттей алады. Барлығы тегін.

google.com/weddings

Ал, мен ақылы қызмет ұсынамын. Егер қазақ тілінде жас-жұбайларға арналған жеке сайт тапсырғыңыз келсе хабаоласуыңызға болады. Жас жұбайларға арналған сайт жасаймын. Мұны үйленгендер өздері де немесе тойға сыйлық ретінде де тапсырыс беруге болады. Той суреттері, тілек бұрышы т.б беттерден құралған мұндай сайттың үлгісін мына жерден қарай аласыз: abzal-gulmira.kz
Әрі қарай

II тур: Сканерді не десек?

Сонымен, термин нұсқаларын дауысқа салу әдісін өзгертуді ұйғардық. Себеп, пікірлер ішінде негіздемесі мықты ұсыныстардың пайда болуы. Сканерге байланысты екінші тур ұйымдастыруға тура келді. Әрине, мұнда бірінші турда өміршең боп көрінген нұқсалар қалып отыр.

Атап айтқанда, Gastarbaiter ұсынысын былай негіздейді:
менде мынадай ұсыныстар бар. Қосам десең өзің біл.
Ең біріншісі Сканер күйінде қалса, бірақ аздап өзгеріске ұшыраса. Скәнір — Яғни қазақша артикуләтсиямен айту. Еш күлкісі мәмбеттігі жоқ. Корейлер, Филиппиндер, Малазийліктер, Тагалдар «сканер» «секано» «сыкхано» деп түрліше атайды.
Тілі туыс түріктер мен әзерилер Тарайджы (қателеспесем) деп айтады.
Менің тағы бір ұсынысым, "Қаралғы". Ол менің азғындалған фантазиямнан туған сөз емес. Көптеген елдердің тіліне түпнұсқаның ағылшындардың scan-scnaner деген сөздерін аударып шықтым.
Соның ішінде қазақ тіліне scan — сөзі көбіне мұқият қарап шығу, көз жүгірту деп аударылады.
Орыс тілінен басқа тілдердің кейбірінде «Зерттегіш», деген сияқты боп аударылады екен.
Еуропалық тілдерде әлгі филиппиндер мен корейлер секілді, Скануар, Сканор, Сканир деген сияқты версиялар басым.
Қаралғы — қарап шығатын құрылғы — яғни басты етістіктің түбірі мен есімнің жұрнағынан туып отыр.
Қазақтың морфологиясына бұндай сөз жасам түрі жат емес.
Қаралғы. Қаралғыдан өткізіп алу.
Сканировать — Қаралғыдан өткізу, қаралғылау


Сонымен, шешім өздеріңізде, бауырлар.
Әрі қарай

Wikileaks: жаңа, поп-секрет жанры

"...Қызыл кітап, бұл өзі — қызық кітап:
Сырты — жұқа, ал іші — қалыңырақ..."
© Қадыр Мырзалиев

Осы сайт жаһанды дүрліктіріп, дегбірімізді қашырды. Қалтырайтын жөніміз бар: енді Обаманы өз арамызда «қарабала» деп айтудан да қалатын түріміз бар.


Поп-тарих

Кімнің есінде болса, 90 жылдардың аяғында – 2000 жылдардың басында, кейін «фолькс-хистори», «поп-тарих» деген баға алған жанр қалыптасты. Ендігәрі бір ауыз тұжырым жазу үшін, мұрағат қопарып, қайсыбір ғасырдағы қабірді қазып, дулыға-сауыттардағы бедерлерді тіміскілеудің қажеті болмай қалды. Отыра қаласың да, Манаш Қозыбаевтың көзін ала беріп, жазып тастайсың. Ең қызығы: бетің бүлк етпейді.
Поп-тарихтың зерттеу аппараты да қызық еді. Ол тіпті сөздердің ұқсастығына да сүйеніп, фундаменталды тұжырым жасай беретін. Мысалы, Суворовты орысқа қимай тұрсаң, аласың да – «атасы Суыр деген қазақ болған екен» дей саласың. Тұжырымның сырттай абсурдтығына қарамастан, осындай «тарихпен» бір толқын өсті десе болады. Айтпақшы, Астананың қақ ортасында «телевизорды ойлап шығарған қазақ екен» деп жүрген біреу бар. Сірә, поп-тарих жанры әлі де жалғасын тауып жатса керек.
Әрі қарай

Гераклдың ерліктері. Алтыншы ерлік: Авгий патшаның мал қорасы (Бірінші нұсқасы).

Бүкіл Элида жерінде ғана емес, Пелопоннесті тұтастай алғанда Гелиостың ұлы Авгий патшадан бай адам болмаған екен. Оның мал қорасында бұқалардың өзі бес жүзден асатын. Әр бұқаға он бас сиырдан келді, ал әр сиыр жыл сайын бір бұзаудан әкелетін. Авгийдің орнында басқа біреу болса көрші патшалармен байлығын бөлісіп немесе бұзауларды малшыларға таратып берер еді. Бірақ бай болған сайын сараң бола түседі деп бекер айтылмаған ғой. Авгий мал ауласын берік қоршаумен қоршап қойды және малын ұрлатып алудан қорқып күн сайын оларды санаумен айналысты. Бұқалар бір орында тұрмағандықтан, Авгий есептен жаңылып, оларды қайтадан санай бастайтын. Сондықтан да малдың тезегін тазалауға уақыты болмады. Бұзаулар қоймалжың қиға бата бастады, бірақ Авгий бұған мән бермеді. Ол санаудан басқа ештеңе істемеді.
Әрі қарай