Ликвидатор. Трейлер.

Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильмінің трейлерін тауып алдым. Бұл фильм жайында алғаш естігендер үшін, түсініктеме бере кетейін:

Қазақфильм:

боевик, 2011

Трейлер:

Фильм 2010 жылдың 15 ақпанынан түсіріле басталды. Оққағар болып қызмет көрсететін Арсен атты жас жігіт үлкен ағасы қайтыс болған соң, оның кездейсоқ өлім еместігі туралы ақпаратқа тап болады. Осы сәтте әлдебір ұйым қауіпсіздік агенттері арқылы онымен байланысқа шығып, оның күдігін растайды. Енді ол қайткен күнде де шындықтың бетін ашпаққа бел буады. Қитұрқысы көп бұл істе ағасының өліміне жауаптылардың ұштығы жоғары жақты меңзейді. Тіпті бұл істің шет-шегі көрінбейді. Ал, істі аяғына дейін жеткізуге оның шамасы келе ме, күш қажыры жете ме?

Өндірісі: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Сатайфильм» кинокомпаниясы
Сценарий: Т. Жақсылыков
Қоюшы режиссер: А. Сатаев
Қоюшы оператор: Х. Қыдыралиев
Қоюшы суретші: Д. Жангарашев
Композитор: Р. Гайсин
Рольдерде: Б. Айтжанов, Қ. Мұхамеджанова, А. Бейшеналиев, М. Өтепбергенов, В. Ашанин, М. Токарев, Т. Аралбай, А. Креженчуков, В. Джонс (Ұлыбритания).
Бөлісу:

4 пікір

omarbirat
Берік Айтжановқа боевикте ойнаған жақсы жарасады екен :)
akpatscha
1 минут 28 секундта креслоға таңылған адамды ұрып жатқан актердің аты-жөні қалай? Осындай рөлдерге мықты келеді.
janbolat
ата анаммен бірге көремін )
Erlan
Мықты екен түсірілімі!