Google-дан жас жұбайларға жаңа қызмет


Google бұл жолы жас-жұбайларға арналған бір қызметін ашты. Жастар енді өз тойларына арнап жеке сайт аша алады, суреттерінен альбом құра алады, той бюджетін немесе шақырылатындар тізімін де реттей алады. Барлығы тегін.

google.com/weddings

Ал, мен ақылы қызмет ұсынамын. Егер қазақ тілінде жас-жұбайларға арналған жеке сайт тапсырғыңыз келсе хабаоласуыңызға болады. Жас жұбайларға арналған сайт жасаймын. Мұны үйленгендер өздері де немесе тойға сыйлық ретінде де тапсырыс беруге болады. Той суреттері, тілек бұрышы т.б беттерден құралған мұндай сайттың үлгісін мына жерден қарай аласыз: abzal-gulmira.kz
Бөлісу:

8 пікір

Zilola
Жақсы дүние екен, тапсырыс жасармын таяу арада болмаса да осы жылы :)
monti
уау супер кен)))) той жасап уақыт/ақша кетіріп жүргенше, витер той жасап жіберу керек ғо осылай))))
asaubota
интеренттеніп келе жатқан бұл заманда той альбомді де интернеттендіру керек.
Huan
Өте жақсы идея, дамуы үшін сайтты адемілеу керек безендіріп, дизайны мыкты болуы керек, 4-5 шаблон болса, сосын музыкалық сүйемелдеу, керек болмаса ажыратып тастайтын, тек фотоны шертіп көріп қана емес, сосын видео альбом ретінде фотоларды коруге болса, егер болса лав стори ілінсе или SDE Same Day Edit қысқаша тойдан бейнебаян, тек тілек жазылып емес, видео тілектер ілінседе қонақтардың, + (сүреттерді редактировать етсе фотошопта) біршама тер төгу керек енді, сосын ұялмай айқайлап тұрып жарнамалап, бундай бастамалар жоқтын қасы
aza
Арчи, нақты баға саға, басқа да керек жарақтарын түгендеп бізге ата салсаңызшы, азамат-табылдиевимайл, ру тапсырыс берушінің бірі мен шығармын!
asaubota
бағасы жұмысына қарай. тапсырыс берушінің материалдарына байланысты. жоғарыда айтылғандай видеоларды да қосуға болады. яғни барлық нәрсе тапсырушыға байланысты, нені қаласа солай істеймін. соған байланысты ақысын да жеке келісеміз. менің контактілерім сайттың оң жақ колонкасында бар.
sammita
Тақырыптан ауытқимын аздап. Біздің шағын қалада (басқаларда да барына күмәнім жоқ) Роддом маңында орыс балалар жүреді ақылы видео түсіріп, өңдеп, әдемі естелік жасап береді музыкасымен күшті етіп. Қазақ ертегілерінен қосып арасына. Кәдімгідей естелік. Немересін шығарғанда шешем жасатыпты ақшасына да қарамай қызығып. Бұл осыдан алты жылдай бүрын болған. Ал мынадай той сайттары да ертең үлкен сұранысқа ие болары анық.