Қазақстан жұлдыздары "Валентинді" жарнамалады ма?
Кеше астаналық циркте Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен өткен "Ғашықтар әлемі" концертіне бардым. Кеш «Сәлем» радиосының ұйымдастырылуымен өтті. Негізгі моменттерді атап өтсем:
1. Жоспарланған кейбір әншілер (мысалы, Айгүл Иманбаева, т.б.) келмей қалды. Сірә, Валентин күнін жарнамалап жатыр деген сөзден қашса керек.
2.«Провал года» Мадина Сәдуақасова «Сәлем» радиосының «Ақсүйек» бағдарламасын «Ақсұңқар» деп шатастырып, тағы күлкіге қалды. Талай көрермен орнынан атып тұрып: «Пажалыста, ты только пой! Артық сөйлемеші!» деп айқайлағысы келіп кетті ғой деймін))) А так, сұлу ғой, сұлу…
3. Ұйымдастырушылар шоу жасауға тырысыпты. Әсіресе, "Ұлар" тобының әніне көмектескен «Ақ желкен» студенттік театрының көрінісі әсерлі шықты. Күнделікті абыр-сабыр тірлікпен жүрген алуан-алуан адамдар әуеннің белгілі бір тұсына келгенде сол күйінде қозғалмай қатып қалады, тура картина сияқты)) Біраз уақыттан соң тірліктерін сол жерден жалғастырып әкетеді. Ішіндегі кіп-кішкене балаға дейін өз ролін ыждағаттылықпен орындауы таң қалдырды. Жанды клип көріп отырғандай күй кештім.
4. Жоғарыдағы бөлек сахнада «Сәлем» радиосының жүргізушісі Өмірбек келген қонақтармен сұхбат жүргізіп отырды. Кейін өзі де ән айтты. Цирктің акробат қыздарымен бірге аспанда ұшып, обшым, әсерлі шықты)))
6. Алмас Кішкенбаев, Алтынбек, Еркін Мәулен, Әлішер Кәрімовтер де концертті жандыруға тырысып бақты.
7. Маржан Арапбаева жұбайымен ән айтты. (Жұбайының әжептәуір даусы бар екен).
8. «Ақсүйек» бағдарламасының көмегімен танысып, отау құрғандар бар екен, олар да келді.
9. Жарнама-парнамасын қайдам, өзіме концерт ұнады, тәуір демалып қайттым. В принципе, ол жерде Әулие Валентин жайлы сөз болған жоқ)))
Пы сы: 1 наурызда астаналық циркте Маржан Арапбаеваның жеке концерті өтеді екен.
1. Жоспарланған кейбір әншілер (мысалы, Айгүл Иманбаева, т.б.) келмей қалды. Сірә, Валентин күнін жарнамалап жатыр деген сөзден қашса керек.
2.

22 пікір