Қай жағынан келсем екен?

сурет Сыйымдылық — конденсатор…
Бұл жерде көңілің сиса да басқасы сиамайтынына көзіммен қоса басқа жерлерімде жетті.
Әрине — эелектро… тұрғысынан.
Небір электро(…… ...)айымдар — сіздердің токтырыңыз бөлек табиғат — ренжімеңіздер.
Еркектің тірлігіне араласпаңыздар, дейін десем — Кюри ханымға тарих арнаған Бек пен Рыстарды қайда жіберем?
Олай болса ойларыңызды қосыңыздар ;-)
… Түйіні: Керекшілер — белесебепеттен шаршадым: Қазақша қарапайым арбама қолдану жолында мені сол пәле(конденсатор) жалпамнан түсірмейтіндей амалын айтыңдаршы :-(
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Zhan

Жансая Сыдықбай — Zhan
4 желтоқсан 1980 жылғы, ОҚО, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында туған. Қазір Астана қаласында «Сарбаз» әскери-патриоттық газетінің тілшісі.

– «КерекИнфоға» қалай келдің?
– Жалпы, «Керекинфоға» Журналистер мерекесі қарсаңында 23 маусым күні тіркеліппін. Шынымды айтсам, бұған дейін осы еркін блог жүйесін де, блог, блогшылар деген қауым барын білмеппін. Биыл наурыз айында блог ашқан соң, көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Ол үшін Асхат Еркімбай мен өзіңе көп алғысымды айта кетсем, артық болмас. Бірде «Жансезім» атты алғашқы блогыма Фейсбуктан сен сілтеме жасаған «Орташа есеппен қазақ журналисі» деген жазбаңды көшіріп салдым (авторын сақтап әрине :) ). Себебі, онда айтылған мәселелер өте өзекті, көптен бері менің де ойымда жүрген нәрселер болатын. Бір қызығы, соны осы «Керектен» алып тұрып, «Керекинфо» екенін аңғармаппын. Кейін 24-25 маусымда Назарбаев университетінде өткен «БАҚ-қа жаңа медиа технологияларын енгізу» атты семинардан кейін мән-жайға қаныға түстім. «Керекке» келу тарихымның қысқаша мәні осы. Сосын бір айта кетерлігі, алғашында тосырқап үйрене алмай жүрдім. Өйткені, кілең «мәдениетті» сөздер өріп жүр екен. Қазір үйреніп кеткенім соншалық, әсер етуден қалыпты :)
Әрі қарай

Халық біліп айтады

Бала мазасыз. Көп жылайды. Кірнелеп қалған шығар деп көрші апайға жиі жүгіреміз…
Мазасыз күндер мен түндер өтіп жатыр. Төрт айлық болған кезінде, бауы берік болсын айтып бір достарымыз келіп қалды.
Оларда жас отау еді. Досымның әйелінің емшектегі баласы бар… Қонақ келгендегі қазақы жанұяның әдетіне басып, мен қой сойып, әйелім болса өз тірлігімен тырбыңдап жатқан кезіміз еді…
Тілі жаңа-жаңа шығып сөйлей бастаған қызым «бала жылап жатыр» — деген соң, омыра-уындағы қызы ұйықтап жатқандықтан мен досымның әйеліне «сенде құнажынсың ғой, сүтің бар — үйге кіріп ұлымды емізе салшы» -деген қалжыңымды еш жауап қатпастан, іңгәлап мазасы кеткен ұлымды емізе салмасы барма…
Әрі қарай

Кровь и песок

Бұрындары осы сайтта ара-тұра айтыстар өтіп тұрушы еді. Алиша секілді келіншектермен кеңкілдесіп отырып айтысатын айлы түндер мен күнді күндер кімнің есінде? АКУ-да қалыса қоймаушы еді? Ал, жаңадан келіп қосылып жатқан қыздардың, келіншектердің ішінде ондай өнерлері барлар бар ма екен? Жалпы, қыз-жігіттер бір-біріңді айтысқа шақыра отырыңдар.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - III сөз

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым — солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек — әр қазақтың ойы осы.
Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық. Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады.
Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание — тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп.
Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Оның себебі: әуелі — қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді.
Уә және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді. Уә және әрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе; егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: talgatjez

Талғат Байназаров — talgatjez
Студенттік өмірін Жезқазған қаласында өткізген бұл жігіттің туып өскен жері – Қостанай. 1995 жылы қаладағы енді ашылған 2 қазақ мектептің біреуіне ата-анасы туған тілін үйренсін, оқысын деп берген. Кейін университеттегі оқуын бітіріп, өзінің оқыған С. Мәуленов атындағы гимназиясына математика мұғалімі болып оралады. Қазір Назарбаев Университетінде мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Менің де КерекИнфоға келуіме Блогқұрылтай себепкер болды. Бірақ менің мақсатым — Назгүл сияқты репортаж жасау емес, бәйгеге қатысып жүлде алу деген «арам» ойым болған :). Ал Блогқұрылтай туралы Уордпрессте енді блог ашқанда, кк.уордпресстің басты бетіндегі ең қызықты блогтардың біреуіндегі (қайсында қазір есімде жоқ) баннерден білдім. Сөйтіп, Блогқұрылтайдың жаңалықтарынан хабардар болу үшін Керекке де тіркелдім.
Әрі қарай

Қартайтпайтын һәм жасартатын «әбілхаят суы» қашан пайда болатыны туралы

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ — Адам баласын қартайтпайтын құдірет ойлап табу — бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Өзекті жанға бір өлім барын біле тұра, ұзақ ғұмыр сүруден үмітті адамзат «мәңгілік өмір» кілтін іздеу жолында тер төгуін доғармақ емес. Барлығының іздегені де, көксегені де бір — қартайтпайтын һәм өлтірмейтін «әбілхаят суын» ойлап табу.
Бұл бағыттағы ғылыми ізденістерге Астанадағы Назарбаев университетінің «Өмір туралы ғылым» орталығы да белсенді түрде араласып келеді. Оның тұңғыш жемістері мен соңғы заманауи жетістіктері жайлы сайт тілшісіне «Өмір туралы ғылым» орталығының бас директоры, хирургия профессоры Жақсыбай Жұмаділов әңгімелеп беруге өз ықыласын білдірген болатын.
Әрі қарай