Екі KZ мульт: "Ақ қаз" және "Аңшы"

Шедевр деуге келмес, бірақ бала-шағаға көрсетуге болатын сияқты. Сонымен,

Ақ қаз


Фильмнің директоры: Еркежан Байбосынова
Редакторы: Ерлан Төлеутаев
Сценарийін жазған: Тұрдыбек Майдан
Қоюшы режиссер: Тұрдыбек Майдан
Қоюшы суретші: Тұрдыбек Майдан

Аңшы


«Аңшы» — Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясы студенттерінің дипломдық жұмысы ретінде жасалған мультфильм екен. Аталған анимациялық туынды халықаралық сыйлықтарды жеңіп алған көрінеді. Туынды «Astana film» жастар киностудиясына тиесілі.

Сценарийін жазғандар: Абай Абельдинов пен Жәнібек Нұрбекұлы
Қоюшы режиссер: Абай Абельдинов
Қоюшы суретші Жәнібек Нұрбекұлы
Рөлдерді дыбыстаған: Асанәлі Әшімов, Ермек Балжігіт, Елдос Мәсәлім

Видеоларды көшіруге рұқсат бергені үшін «Мінбер» ұлттық газетіне, соның ішінде kazprose -ға рахмет.
Бөлісу:

19 пікір

qisyq
Афффтор, рахмет. Өткенде қызыма "Құйыршықты" көрсетіп едік, тапжылмай бір сериясын қарады. Екіншісінде қылжақтап, үшіншісінде шаршап қалды. бірақ, қысқа мульттарды көрсетуге болады екен. Мынау жақсы болды.
Abilakim
Рахмет! «Аңшыны» ана жолы көргенбіз. «Ақ қазды» көрелік
KILYZAMAN
Немеремнің Патеке ағасына деген Рахметін жеткізейін… Өркенің өссін!
KILYZAMAN
Керекте сәбилерге арналған ыңғайлы бұрыш КЕРЕК!!! Аршат бауырым, қалай қарайсың?
KILYZAMAN
Кейде — «ата әлгі мультик ше ...» сарынындағы сергелдеңге салатыны бар. Әрине, ол Керекинфодан!
asaubota
Ертегі қауымдастығы бар, сол сияқты Мультиктер қауымдастығын ашып қойыңыздар.
AKY
Аңшыны қарадым. Сүйкімді кейіпкерлер:)) Аңшыдан басқасын айтам
Abilakim
ана батыр судың астында демалмай джынды жүріп қояды екен
Abilakim
Мысық туралы мульт бар еді ғой. «Шал, насыбай берш» деп айғайлайтын
Zako
«Ақ қаз»-да қандай лицензиясыз музыка пайдаланылған? Менде ашпай тұр «Лицензиясы жоқ» деп.
Abilakim
айтсақ тағы соттасып жүрерсің біреумен))))
Ерлан Төлеутай ағамыз Қарағандыдан жақсы кетіп қалды Қазақфильмге
Sabions
ақ қаз емес аққу ғо
patick
мен де қаз екеніне күмәнданып отырмын.
mars1
Соны айтам, қателесіп қаз дегенба?
Abilakim
Әкесі қаз, шешесі аққу деп атыр…
AL-ASTER
«Аңшының» графикасы мен объекттер қозғалысы жақсы жасалыпты. Дипломдық жұмыстарына осындай туынды әзірлеген мықты жігіттер екен дегеннен басқа айтар жоқ.
mars1
Қыз өзі қазба әлде аққума?
Erlan
аққуға көбірек ұқсайды