Жақсы сөз

Жақсы сөз адамның жанын түртеді.
Ішіңдегі зарыңды қуаныш өлтіреді.
Жүрегіңнің терезесін шан басқанда,
Жақсы сөз жүрегіңнің шаңын сүртеді.

Жақсы сөз бесігіңдей тербетеді.
Жақсы сөз ыстық шайдай терлетеді.
Жақсы сөз құлағыңды жайлап сипап,
Жүрегіңнен орын тауып төрлетеді.

Жақсы сөз адамды да өзгертеді.
Көтеріп көңіліңді көлдетеді.
Жақсы сөз жаныңа жылу беріп,
Асқар таудың биігіне өрлетеді.

Жақсы сөз жорытқанда жолдасыңдай.
Жақсы сөз киналғанда жүрер қолдай.
Жақсы сөз жұбатады сенім беріп,
Ісіңе қалғанда қөңілің толмай.

Жақсы сөз тазартады санаңды.
Жақсы сөз жүрек кілтін табады.
Жақсы сөзді айтар болсам қорытып,
Жақсылықтың қайнап тұрған қазаны.

Жақсы сөз шығады тек жүрек жақтан.
Шықпайды жаман тілмен қисық жақтан.
Айыра біл алдам сөзбен жақсы сөзді,
Арзан сөзді айтуға тіспен сақтан.
Әрі қарай

Өтті блогкэмп осылай...

Әне-міне дегенше блогкэмп те өтіп кетті. Блогкэмп маған қатты ұнады. Астаналық блогшылардың біраз тер төккені көрініп тұрды. Осы орайда, Алдан, Админ, Талғат, Сәлімгерей, Айжантабын бастаған бір топ блогшыға рахмет айтқым келеді. Өкінішке орай блогкэмпте бәрімен танысып үлгермедім. Алайда, виртуалда танитындардың бәрін көре алдым. Енді әңгімені көп созбай блогкэмпті менің фотоапаратым қалай көрді екен, соған кезек берсек:

Препати
patick пен Erbol Азанбек
Әрі қарай

Алтын қазық

АЛТЫН ҚАЗЫҚ
Қарттарды көргенімде,
Бір түрлі қалам налып.
Келмеске өздерімен кетеді-ау деп,
Ата-баба ұстанған ғұрпымды алып,
Ана тілім — қазына мүлкімді алып.
Шала қазақ, шұбар тіл олардан соң,
Он есе кететіндей сиқымды алып.
Ақ жаулығы жоғалса шешеміздің,
Жалаң бас қалатындай көрінеді,
Келешектің қара сөз сылқымдары.
Көкірегі — шежіре сырлы сандық,
Қара шалдың қатары сетінесе,
Жетімсіреп қалардай жұртым да азып.
Қазағымның қадірі қартында екен —
Ата жұртқа қағылған алтын қазық!

Үміт Жәлеке
Әрі қарай

Блогкемп 2012-ден Блогкемп 2013-ке



Бісмілләсі былтыр Алматыда айтылған құрылтай биыл Арқа төрінде арқасын кең жайды. Назарбаев Университет іргесін қалағалы блогшылардың осынау шоғырын қарсы алуы алғашқы рет шығар. Әдеттегідей, еріктілердің бейресми/ресми басқосуына ұйытқы болғандар аз болмады. Біріге көтерген жүк жеңілдің кезекті жарасымды мысалы болды бұл.

Былтырғы алматылық мақсаттастарымыздың пәрменіне қарап, елордадағы біздің бастапқыда аздап шайлыққанымыз рас. Дәл сондай деңгейде үйлестірушілік болады ма,
Әрі қарай