Ескі жылдың соңғы премьералары

Сонымен бізге қиял-ғажайыбы бар, атыс-шабысы бар, күлкісі бар, мұңы бар түрлі фильмдерді сыйға тартқан 2012 жыл бірнеше күннен соң «шаң басқан архивтерден табылады». Өткен жылға Киностан үлкен көлемді шолу жасап жатыр (әлемдік фильмдерге, қазақстандық туындыларға және 2013 жылы елге келетін премьераларға), оны сіз, құрметті оқырман, осы апта бойы сайттың «Мақала» атты бөлімінен тауып, оқып отыра аласыз (ол жерде басқа да «ммуа» материалдар бар).

Бүгін біз жылдың соңғы аптасында қазақстандық кинотеатрлардың төріне шығатын туындылар туралы азды-көпті әңгіме айтамыз.

Cirque du Soleil: Алыстағы әлемдер / Cirque du Soleil: Сказочный мир в 3D

Әрі қарай

Өлкетанушы және ақырзаман



I бөлім

Ғалым, өлкетанушы А.Ф. Шаповаловтың күнделігінен үзінді

Мәскеу қаласының орталық мұрағатынан. Мұрағаттың ресми келісімі арқылы реставрацияланған түпнұсқаның көшірмесі тұңғыш рет баспа бетінде жарияланып отыр.
Әрі қарай

Қайран жеңгем!

Anuarbekkyzy-ның постында ағайындыларды біраз жерге апарып тастадық-ау деймін. Осы жеңшелеріміз туралы айтайық енді. Әрине, жақсы жағын. Өзі менің жеңшелерім көп-ақ! Солардың бірнешеуінің жақсы жақтарын айта кетейін.
Әрі қарай

КерекИнфо-2012. Жыл қорытындылары.



Жыл қаласы: Астана
Биылғы жыл астаналық керекшілердің көбейген жылы болды. Көбейіп қана қоймай бірнеше іс-шараларды ұйымдастырды да астаналықтар. Басқа қалалардағы керекшілерге қарағанда биылғы жылы астаналықтар көбірек белсенді болды.

Жыл жиыны: Блог-құрылтай
Ешқандай талассыз биылғы жылдың үздік жиыны деп Блог-құрылтайды атауға болады. Осымен 2-ші рет, Астанада 1-ші рет өткен Құрылтай жақсы өтті. Құрылтай арқасында достық қатынастар нығая түсті.

Жыл флеш-мобы: Домбыра-пати
Өнерді және қазақылықты насихаттау мақсатында жасалған бұл флешмоб алдағы уақытта кең көлемді болады деп ойлаймын. Күзде аз уақыт қана болғанымен ел есінде қалған қозғалыс болды.

Жыл мазағы: Рафаелло құрбандары
Немесе жыл жазасы. КерекИнфода жақсы дамып келе жатқан стеб стилін ұстанушылардың бірі Рафаеллоның тұзағына түсен БАҚ өкілдері жылдың басты кейіпкерлеріне айналды.

Жыл креативі: Кино-пати
Киностан жігіттерінің ұйымдастырумен басталған Алматыда өткен кино-патилер жылдың үздік идеясы, креативі.

Жыл суреті: «Гол жіберсеңдер қатынсыңдар»
Австрия — Қазақстан матчының соңғы минуттарында стадионда керекшілер көтерген бұл жазу әлеуметтік желілерде ең көп шейірленген, ең көп әңгіме болған сурет болды.

Менің ойыма түскендер осылар болды. Бірге жалғастырайық.
Әрі қарай

Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.

  • KazNET


Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.
Әрі қарай

Талантты гитарашы Чигинцев

Ютубта талай керемет таланттар бар ғой. Бірақ мен үшін Макстың жөні бөлек, неге екенін білмеймін мен Максим Чигинцевтің талантына ғашықпын. Оның орындауындағы әрбір әуен нотаға дәл түсіп, адамды еріксіз елітеді. Гитараға аздап әуестігім болғасын ба сағаттар бойы тыңдай беруге жалықпаймын.
Сілтеме: www.youtube.com/watch?v=ljFlfsNcfU0
Сайты: 4igi.ru
Әрі қарай

Әнуарбек құданың қызымен сұхбат

Таныс болыңыздар: Anuarbekkyzy

Қала: Ақсай, БҚО
Сала: Аударма

— КерекИнфоға қалай келдің?

Негізі студент кезімде тарих пәнінің оқытушысы «Керек Инфо» газетіне жазылыңдар, оқыңдар деп жүретін. Сол газетті іздеп осы сайтқа тап болдым. Шынымды айтсам, сол студент кезімдегі дебат ойындарына, түрлі конференция, жастар мәслихатының қатысушылары болған жастармен аралас-құралас болған уақытты жоқтаймын. Сол жоғымды осы блог жүйесінен тапқан секілдімін.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?

Бұл жерде қазақтар жиналған. Маған сонысы ұнайды. «Бұл не айтып отыр, айналасында қазақ аз ба?» деп ойлап отырған шығарсыз. Шынымен де, қазақтар жетеді, бірақ олардың біразы орыстілді. Рухани шөлдеп жүремін, сол шөлімді КерекИнфода қандырып аламын қолым бос уақытта.
Әрі қарай

Хоббит: Күтпеген саяхат


«Келер күннен жақын жоқ, өткен күннен алыс жоқ» деген сөздің растығы тағы дәлелденді – кеше ғана қол жеткізбестей болып көрінген «Хоббит: күтпеген саяхат» бүгін (тура мағынасында, яғни 2012 жылдың 19 желтоқсанында) ел экрандарына жол тартты. Осы аптада қасына қара ілестірмей (басқа бірде-бір жаңа туынды жоқ) премьераға жалғыз шыққан фильм туралы Киностан тарқатып бергелі отыр.
Әрі қарай

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді. Одан айырылып, жабырқаған сәттерде мұңымды бөлісетін адам табылмай қала ма деп қорқам. Мұндай жағдай бұған дейін болған… Мәселе мынада. менің ер бала жолдастарым көп. Қыздармен бөліскенше сол сырларымды ер баламен бөліскенім әлдеқайда жақсы. Өз ойым, олар ешқашан сенің арқаңа түкірмейді, әрдайым қысылған, қиналған сәтте жаныңнан табылады. Бірақ сол достарымның уақыт өте келе маған деген достық адал сезімдері махаббаттың сезіміне айналуына қапа болам. Сөйтіп олар менің досым емес, маған ғашық адамға айналады… Біртіндеп арамызды суытамын да жоғалып кетемін, себебі олардың сезіміне солай жауап бере алмаймын.
Айтайын дегенім, осы бойжеткен қыз бала мен жігіттің арасындағы достық сезімді қалайша сақтап қалуға болады? сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді күтем. Себебі тағы бір досымды жоғалтқым келмейді…
Әрі қарай

Атеист имам Серік Эдуардұлы: "Жұмысымнан кетпеймін!"

Өткен жұма құтпасында өзінің атеист екенін айтқан Жангелді мешітінің имамы Серік Эдуардұлы облыстағы жаңа дін жанжалының басталуына негіз болған еді. Өз бетімен жұмыстан кетпей отырған имам кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Серік Эдуардұлы:
— Мен профессионал адаммын. Өз жұмысымды адал атқарудамын. Мен атеистпін бе, емеспін бе ешкімнің басы ауырмауы керек. Бұл да мемлекеттік қызметтің бірі. Мен бірнеше жыл бұл істің білімін алған адаммын. Шетелден білім алып келдім, түрлі курстардан өттім. Бұл мешітке сайланар алдында да сынақтардан өттім. Менің жеке өміріме және көзқарастарыма ешкімнің шаруасы болмау керек деген пікірдемін. Кітаптарда қалай жазылса мен дәл солай жамағатқа намаздарын оқытып келемін, уағыздарым да тек рұқсат етілген әдебиеттерден алынған. Мұны бір жұмыс ретінде қабылдаймын, жұмысымды да профессионалша істеп келемін.
Әрі қарай