Атеист имам Серік Эдуардұлы: "Жұмысымнан кетпеймін!"

Өткен жұма құтпасында өзінің атеист екенін айтқан Жангелді мешітінің имамы Серік Эдуардұлы облыстағы жаңа дін жанжалының басталуына негіз болған еді. Өз бетімен жұмыстан кетпей отырған имам кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Серік Эдуардұлы:
— Мен профессионал адаммын. Өз жұмысымды адал атқарудамын. Мен атеистпін бе, емеспін бе ешкімнің басы ауырмауы керек. Бұл да мемлекеттік қызметтің бірі. Мен бірнеше жыл бұл істің білімін алған адаммын. Шетелден білім алып келдім, түрлі курстардан өттім. Бұл мешітке сайланар алдында да сынақтардан өттім. Менің жеке өміріме және көзқарастарыма ешкімнің шаруасы болмау керек деген пікірдемін. Кітаптарда қалай жазылса мен дәл солай жамағатқа намаздарын оқытып келемін, уағыздарым да тек рұқсат етілген әдебиеттерден алынған. Мұны бір жұмыс ретінде қабылдаймын, жұмысымды да профессионалша істеп келемін.

Қарап тұрсаңыз қоғамда көптеген салада келеңсіздіктер бой алуда. Неге солармен айналыспайды, маған тиіскенше? Аттестациялардан пара беріп өтіп жатқандар қаншама? Әскерге бармай-ақ әскери қызметте жүргендер қаншама? Қазақ тілін жақсы меңгермесе де тіл комитетінде отырғандар қаншама? Ойбай-ау, кейбіреулер Ұлттық Құрамада футбол ойнап жүр ғой! Ң әріпін айта алмайтын қаншама жүргізуші бар ТВ, радиоларда? Тіпті журналист атанып жүрген қаншама сауатсыз адам бар елімізде? Міне осылармен айналыссын.

Жұмысымнан өз еркіммен кетпеймін!

Осы сөздермен мәслихатын аяқтаған Серік имам екінді уақытының келіп қалғанын айтып, асығыс мешітке кетіп қалды. Атеист имам туралы Жангелді аулының жергілікті тұрғындарының пікірлерін білген едік:

Жұмағали (41 жас, кәсіпкер):
— Серік баурымызға еш өкпеміз жоқ. Бүгінге дейін еш оғаш қылығын байқамадық. Діни сауатты жігіт. Жамағат риза. Нағыз жұмысына берілген жігіт.

Нұрберген (15 жас, оқушы):
— Серік ағай тек имам ғана емес, ол жақсы ұстаз. Араб тілін және жалпы дінді ол кісідей түсіндіретін ешкім жоқ. Бұрынғы имам дін туралы айтқан кезде қорқытып айтатын, тыңдағымыз келмей қашатынбыз. Ал, қазір Серік ағайдың арқасында мешітке келетін балалар көбейді.
bk
Бөлісу:

102 пікір

a63a1
Дұрыс айтады, жұмыстың жеке өмірге қатысы болмағаны жақсы. Жұмысына жанымен берілмесе де тәнімен берілген адам.
nurkanibek
Мен түсінбейм мұндағылардың бәрі дерлік осыған қалыпты келісіп отыр. ИӘ өз жұмысы деп қояды. АТАҢНЫҢ БАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫ, әй айналайндар — ау діннен 3 км алыс тусаңдар да осылай келісуге бола ма екен? ЭХ сендер!!! ЕНДІ КӨРЕЙІК негізінен 1 — ШІ ЖӘННӘТТІҢ КІЛТІ НаМаЗДА, НАМАЗДЫҢ КІЛТІ ДӘРЕТТЕ деген. ол кісі мыңдаған кісілердің алдында имам болып тұрып жұма намазы т.с.с. намаздарды оқығанда жамағат болып оқиыды, бүкіл адам оған ұйып артында тұрады емес пе? ал ол кісі кім білет дәрет алмаған шығар, дарет түгілі Ғұсыл дәреті де жоқ шығар (ғұсыл — ол адам жыныстық қатынаста немесе шахуаты оянған жағдайда немесе естен танғанда шомылуы керек иненің ұшындай жерді де қалдырмай толық шомылу) осы тазалыұтары болмай Алад молда болып намаз оқыса ойлай беріңдер қаншама адамның намазы қабыл болмағанын.
a63a1
ә солайма? Білмеппін енді, маған нәғылдисың? Мен кінәлімінбе? Әр-кім өзі үшін жауапты емеспе? Бір адамның дәреті барлық адамның дәретін бұзады деген фантастикалық ғылыми жоба жүргізіп көріппең?
nurkanibek
ол осдан 15 ғасыр бұрын айтылған — ғой бауырым. Сен өзің жұмаға барып имамға ұйып көрдің бе? сонда іштей адам ниет еткенде ұйыдым осы имамға дейді де тек имаммен бірге қимылдарды қайталап тұрады, басқа кезде озің оқисың/ әй жарар, мен емес сені тура жолға салар.
a63a1
Салшы мені тура жолға, джипиесім істемейді, ойынсыз рас айтып отырмынү
Сосын мен сақалы жоқ шалды көргем.
Оу ата ақсақал дейін десем сақалыңыз жоқ қой — деген едім
-Балам, сақалым болмасада ұрпаққа берер өнегем көп — деді де сақалын сипап, тостағандағы қымызын бір ұрттап қолына қара домбырасын алып, құлақ күйін келтіруге кірісті
nurkanibek
өзің бір қырсық екенсің
a63a1
ия, қандай жолы бар бұл пәледен құтылудың?
nurkanibek
негізінен бұл қырсықтықтың пайдалы кездері көп дұрыс пайдалансаң /
Marco
Намаз оқуға барып тұрып, өзегенің дәреті туралы ойлап жүресіз бе?
omarbirat
Бұл молдекеңнің фишкасы сол — барлығын шариғатқа сай істейді, бірақ Құдайға сенбейді.
qyzylordalyq_jigit
әкесінің атына қарасаңдаршы. неге мұсылман болғысы келмейтіні осыдан белгілі
Nurgisa
Егер халық қолдаса — отыра беру керек.
NursultanSS
мұндайда қызық кісілер өмір сүреді екенғой) мен шіркеуге ешқашан поп болып бармас едім қанша жерден қатты білімді болсамда сол салада
asaubota
қазіргі уақытта жұмыс табу оңай емес қой замандас. мен бұл кісіні жақсы түсініп отырмын.
NursultanSS
жүрекпен емес мимен жұмыс істеу керектіктің айқын дәлелі ме сонда?
asaubota
бар болса әрине мимен жұмыс істеген дұрыс.
konvict
Серік бауырымыздың пікіріне мен де қосыламын. Әр салада өз ісінің мамандары болса қандай керемет болар еді. Мәселен, көлік жүргізуші жұмыстың жоқтығынан емес, машина айдаудан рахаттанғаны үшін істесе. Тәшкі итеретін бала, ақша таппай қалғандықтан емес, сондай әрекет ұнаған соң солай жұмыс істесе Қазақстан әлдеқашан дамып кетер еді. Серік Эдуардұлы секілді имамдар елімізде көп болса екен
temir1986
Басқа айтқаның дұрыс ақ болсын. Бірақ мына екіжүздіні қолдағаның өкінішті екен
konvict
Тәке, оны екіжүзді деуге келмес. Ол шынын айтып отыр ғой
bizbike
Медицинаның күшіне сенбейтін дәрігерлер көп болса, жоқ бәрі сондай болса қалай болар екен ә? Химия, физика заңдарына сенбейтін химиктер мен физиктер болса ше?
konvict
Медицина күшіне сенбей, бірақ сәтті ота жасап жүрген мамандар болса несіне қарсы боламыз? Дәл сол секілді физикада да болса…
bizbike
ол сенбесе қалайша сәтті жасамақ? қисынға келмейтін нәрсе ғой.
Aidakonya
Алгаш иномаркалар шыкканда «Жана казак» имамды отыргызып келедi: И-терезесi калай ашылады? ЖК-Казiр «О, Алла, терезенi ашшы» и байкатпай ашты, И- О, сум дуние-ай, сонда Алла шынымен бар ма???
NursultanSS
смайлды қоймағанда мүмкін күлерме едім
Zhanetta
Ойлап таппайтыны жоқ осы автордың :-) кей жорналшылар тағы да жыләп қалмасын :-))))
Rafaello
Жазбаның журналистер туралы екенін тек журналистер түсінген сияқты
nurjanbay
сен айтпасаң шын көріп отыр едім *54
temir1986
Оттаған екен Серігің. Бұл қандай адам. Көтін айыру керек.
Adiletshu
Бұл қандай адам.
Мен профессионал адаммын. Өз жұмысымды адал атқарудамын.
Marco
Молданың айтқанын істе, жасағанын істеме деуші ме еді? Мынау осы сөзге дәл келіп тұрған мысал ғой. Ай, қазағым біліп айтқан ғо бәрін!
ken
белсендi нұротаншылар есiме түсiп кеттi
ruben
90-дарда шөп сатқан, наркобизнеспен айналысқан имамдарды да көріп, естігенбіз. Атеисті оның жанында ойнамай қалады. Жақсы сұхбат. Ел осындай батыл азаматтарын тану керек. Әйтпесе айта алмай жүргендері қаншама десейші
Simona

Бiздiң aуылдың aлғaш имaмы кезiнде пәле iздеген, сотқaр оқушы, кейiннен aлқaш, нaшaқор, әрқaшaн төбелес aрaсындa тaбылaтын, бiр әйел шығaрғaн пенде едi. Aрaбия-Түркиядaн жынын қaққaн бaқсыдaй боп келдi.
Кейiннен Құрaнның бiр әрпiн дұрыс оқымaсaқ aлaқaнымызды көк шыбықпен осып жiберетiн.
ruben
Тәубақорлар туралы айтпаған едім. Имам болып жүріп бейимами әдеттерін тастамаған таныстарды меңзедім.
Не ше, Памукта ма еді, оңтүстік-шығыс Анадолыда, әйтеуір, 40 жыл имам болған армян туралы бар еді ғой. Мұсылман емес екенін сүйекке түскендер ғана білетін соңында  содан тәуір енді имамымыз
ruben
Айтпақшы, Рафаның шабыт алған қайнарын таптым десе де болады. Таныс, өте таныс қайнарлар
aues
Өте төмен адам екен. Атеисттер мүлдем құдайға сенбейді емес пе? Аллаһтың бар екеніне сенбейтін адам қалай имам болып жүр? Иманы жоқ, кәпір адам мұсылмандарға имам болып жүр ме? Бұл не деген опасыздық? Сөз жоқ…
Rafaello
Заң бойынша қарайтын болсақ бәрі дұрыс қой. Имамдық — мемлекеттік жұмыс. Өзіндік міндеттері бар. Соның барлығын орындаған және дұрыс істеп отырған адамға қалайша кет дейсіз?
sigma
Үкіметке сенбесе де үкіметтік жұмыс істеп жүргендер сықылды ғо.
nurjanbay
Имамдық — мемлекеттік жұмыс
Қазақстан Республикасы өзін діни мемлекет деп жариялап, дін істері министрлігі құрылып па еді?
ruben
агенттік. қазірше ғана. жүйеге келтірсе, діни істері министрлігі де болып қалады. Қайырбекұлы мырзаның командасы осы мәселемен айналысып жатыр. ол күн де алыс емес. имамдар да шенеунік болады, түрік моделіндегідей: бір ұлт, бір дін, бір мазхаб.
bizbike
атеист имам деген ислам терроризмі деген сияқты кереғар ұғым болды ғой
pessemist
Мына қыз біледі. микрофонды беріңдер анасс
zholantai
өзіне тиімді ой екен, дұрыс
Blogshy
Мысалға профессионал паталоганатом: «мен өз жұмысымды жан-тәніммен сүйем, адамдарды сойып, ішек-қарнын ақтарғаннан ләззат аламын» десе көпшілігі «е, дұрыс қой, жұмысын солай жан-тәнімен беріліп істеу керек қой» дер ме еді әлде жағаларын ұстап шошыр ма еді? Меніңше бұл бауырымыз атеист бола тұра мұсылманға тән қылық жасады, шындықты жасырмай айтты. Ар жағы өзінің еркі, жұмысын адал атқарса болды емес пе…
asaubota
мәселе қылықта емес профессионализмде болып тұр ғой.
bizbike
мында жұмысы ұнаған-ұнамағанында емес қой әңгіме, ол өзі сенбейтін нәрсеге қалғандарды иландырғанында. Сол сіз айтып отырған патологоанатом адамды сойғанынан еш нәтиже шықпайды, неден өлгенін мен бәрібір біле алмаймын десе, ол жұмысын қалайша атқарады қызық
VKM
Рафаэль, респект.Ойландыратын тақырып)))Қай салаға да келе береді екен
berik
Ақырзаман боларды арамза молда көбейеді деген, мына жігіт таза оңбаған екен. Ммұсылман болсам да, мен намаз оқымаймын, бірақ мына жігіт имам ретінде жамағатқа уағыз айтып отырып, оған өзі сенбесе… қалай сонда?! Дым ақылға сыймайтын зат екен, мүлде қате! Бірақ қолдарыңнан келсе кесіп алыңдар деп отырған батылдығын мойындау керек.
a63a1
Ақырзаман боларды арамза молда көбейеді деген
иә ақиқатын ақырттың боғырееем(((
ken
орта мектептердегi кейбiр тарих мұғалiмдерi адам эволюциясы теориясына сенбесе де оны оқу бағдарламасы бойынша оқушыларға оқытып жүргенi секiлдi ме?
VKM
сурет имамдыкі ме әлде Рафаэллоныкі ме?
Armanjan
Осы мен ойлаймын Рафа суреттерін Қырғыз жақтан әкелеме деп. (БыКы сәлүт )
Adiletshu
Мен де сөйтіп ойлаймын. Көздерінің шеттері сығырайған болады ғой қырғыздардың. Марсель Көшімханның көзі де дәл сондай)
ken
немесе монголдар
Rafaello
Өздерінің суреттері.
bizbike
мен шын екен дееееееееееп, отырсам, мәссаған!!!
vebred
мен де аубаста шын екен деп ойлап қалдым))))))))))
Onlasyn
Сәл не удачный пример
UMYTYLGAN
өмірінде арақтан аузы босамаған адам о дуниеге барғанда жұмақтан бір-ақ шығыпты, онысы нес десе әр стақанды көтерерде "құдай кешірегөр мені озің осылай жараттың" деп айтадкен деп аяқтайтын әңгімесін біз жақтағы ішкіш ағайындар. өзін мұсылман санап ішіп-шегіп жургеннен осы дурыс сияқты. ал атеисттер құдайға сенбесе де бір жаратылыс (жеткізіп бере алмай отм) бар екеніне сенеді. (стақандас атеисттің сөзі)
bizbike
оларды басқаша атайды, ұмытып тұрғаным ды қараш. Ал атеист — ешқандай жаратушының барына сенбейді.
patick
Қызыл революция әлі болмаған кез. Мен бірінші дүниежүзілік соғыста окоп қазудан елге оралған кезім. Сауат ал деген соң әкем молдаға берді мені. Сонда әлгі молда топас балаларға қатты ашуланса: Пилять! — деп айқайлайтын. Мен арабтан келген қасиетті сөз деп ойлап, жаттап алсам…
asaubota
пікірлерді оқып, жылап отырмын.
Zhanka
Осы рапайело деген алдында да осындай ойдан құрап-сұрап футболистер туралы бірдеңе жазып, оны бір газет көшіріп басқанын оқып едім осыннан. Мынаның да өтірік екенін бірінші сөйлемін оқығаннан-ақ түсіндім. Типа, ойы «Керектегіні» көшіріп жазатын журналистерді тағы да алдап түсіру. Арзан, тым арзан. Енді дінді мазақ қылмасаңшы, бала.
pessemist
Имамдарың осындай оңбайсыңдар қазақтар!!!
Hetrou
Имамдарың осындай оңбайсыңдар қазақтар!!!
Ашуыңды бас, өтірік әңгіме.
KILYZAMAN
"Қалаймақанды тоқтату мүмкіндігі жоқ болса оны күшейте түс, сонан соң басқара бер" — деген тұжырымы бар бір «пысықайдың»…
torebars
ЭМОЦИЯga berilmei, birinhi oz-ozimizge surak koiaiyk* Men ozim hynaiy senem be sol kudaiyma?* Mumkin bizde senemin dep* профессионально* gurgen hygarmyz?
phdyereke
Негізінде Серік өте қателеседі! Бұл имансыз адам неге дінімізді қол жаулық қылып отыр?
kazkozha
Мұнда барлығының пікірін оқығым келген бірақ шыдамын жетпеді. Қазағым көр соқыр болып қалған ба??? Мынау не сұмдық? Басқа басқа мешітті яғни АЛЛАХтын үйін атеист басқары отыр деген не сұмдық??? Ол өз ісінің профиссионалы болуы мүмкін, бірақ ол имам емес араб тілі ғылымының докторы болсын, не шығыстанушы болсын. Қалай айтсақ та бұл қасқырға қой бақтырғанмен бірдей болып саналады!!!
bireumin
ай казагым ай. Сонда имамга уйыган жамагат боска енкейiп тонкайып журда а
torgai
Бір молда таксиге отырыпты. Таксист шоқалақтан өткен сайын әке-шешеден жібереді екен боқауызды. Шыдамаған молда: «Балам, боқтағанша Алла сақтасын десей, көмектеседі», депті. «Кешіріңіз» деп жүргізуші әрі жүреді. Сәлден соң көлігі шұңқырға түсіп, 4 дөңгелегі 4 жаққа ұщып кетеді. Таксист «Алла сақта» дегенде дөңгелектері орнына қайтып келсе керек. Сонда молда тұрып: «Да ну нах» депті ғой… Бұл да өз айтқандарына сенбейтін жандар жайлы ғой.
SweetDana
Бұл қай жақта орын алып отырған масқара??? Қай өңір???
SweetDana
Бұл жайында нақты фактілер көрсетілмегендіктен (облыс, мешіттин аты, типти имамнын теги де аталмаган) бұл ақпараттың шындыққа жанасатынына күмәнім бар!!!
Adiletshu
Имамға қауіп төндірілуі мүмкін деген сақтықпен жарияламаған болар
SweetDana
Авторы кім бұл жарияланымнын?
Adiletshu
Автор өзін де құпия ұстауда.
Barsa
Оқиға Қазақстанда орын алмаған сияқты. Қырғыздар яки қарақалпақтар деп ойлаймын.
Marco
Жаңа мүфти келгесін мына кісінің жағдайы қалай болар екен?
salamat
мемлекеттік қызмет деген пікір дұрыс емес.
құдайға сенбейтін адамның уағыз айту қисынсыз!
басқа жерден нанын тауып жеу керек шығар,
жаратушының барына сенбесе кету керек!
torgai
Кәдімгідей «ауызша төбелес» болып жатыр ғой мында
DiasBisengali
немен бітті екен мына оқиға?
Rafaello
Қазір Астанада. МОНнан 2 тендер алды, Қосшыдан үй салып алды
nurbergen_makym
Сәкең – молодес жігіт қой! Оған бірдеңе айтпас бұрын, әуелі, Сәкеңдей болып алсаңдарш…