"Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013" форумы төртінші рет өтеді

  • kazjur
Қадірлі достар, сіздерге Алматы қаласындағы «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013» форумы өтетіндігін хабарлаймыз.
Интернет-форум Алматы қаласында 2013 жылдың 23-24 мамырында «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы) өтеді.

Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

Форумға онлайн-тіркелу жалғасуда. Шараға қатысу тегін. Егер сіз форумға қатысқыңыз немесе журналист, блогер ретінде тіркелгіңіз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз.

Форумның алғашқы күні конференция түрінде өтсе, екінші күні сарапшылар екі қатарлы сессия айналасында мастер-кластар өткізеді. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электронды үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ.

Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры — Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты — Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы — Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.

Сонымен қатар, «Айтабер» сайтының админі Садық Шерімбек, «AppleSinn» техникалық көмек көрсету және бағдарламалармен қамтамасыз ету орталығының Бас директоры-Нұрлан Құлымбетов және тағы да басқа танымал қазақ блогерлері баяндама оқитын болады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад
Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Барлық сұрақтар бойынша MediaNet ХЖО жоба және PR үйлестірушілері Василина Ворковаға (vassilina.vorkova@gmail.com) және Дінмұхаммед Зиядинге (aliziyadin@gmail.com) сонымен қатар +7 727 261 66 69, 261 27 90 телефондарына хабарласыңыз.
Достар! Барлығыңызды форумда көремін деген үміттемін! Кездескенше
Әрі қарай

Ұлы шовинизм!

Шовинизм — (французша chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы сарбаз Николя Шовеннің аты-жөніне байланысты шыққан сөз) Солдат Николя Шовен өзінің басшысына кез келген сәтте, кез келген жерде шектен тыс адал болған. Аңызға сай, ол өз басшысын ешбір жауға сатпаған екен. Қазіргі таңда бұл сөз — шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы мен саясатты білдірсе керек. Шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты. Шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам. Ол өзінің ұлтшыл екенін білдірмеу мүмкін, бірақ шовинист басқа ұлт өкілдеріне көмектескен кезде де өз ұлтының мүддесі мен мәдениетін ескереді, соны жанама түрде насихаттап жүреді, басқаларды қызықтыруға тырысады. 1815-нші жылдардан кейінгі «Бурбон жаңғыртуы» кезеңінде бонапартизмнің онша танымал болмағанына қарамастан, аңызға сай, сарбаз Шовен Наполеонның нағыз жақтасы болады, тіпті жаға қайырмасына шегіргүл таққан, бұл аластатылған басшыға беріктік белгісі іспеттес. Жартылай аңыз тарихқа сай, Шовен кедейлігіне, еңбекке жарамсыздығына және мазақ етушілерге қарамастан «фанатты адал солдат» болған. Ол патшаны құдайға теңеп, оның кез келген сөзін дұрыс деп санап, онымен бірге бүкіл әлемді жаулап алуға дайындығын білдірген.
Әрі қарай

Божая каропка

Бала кезіңіз ауылда өтсе божая каропканы( қызғылт, сарғылт, ақшыл түсті (басқа да түстері болады екен, мен осыларды ғана көрдім) арқасында теңбілдері бар қанатты қоңыз) (божья коровка) білмеуіңіз мүмкін емес. Кей жақтарда «Хан қызы» деп айтып жатады.Әйтеуір ұстап алып «Ханның үйіне бар, ханның үйіне бар» деп айқайлап ұшырып жіберетінбіз. Мұрынымызда ақ боз ат пен көк боз ат қатар шауып жүрген кездері бұл жәндік жайлы «неге божая каропка, каропкаға ұқсайтын жері жоқ қой» деп ойлайтынбыз. Сөйтсек бұл божья коровка екен ғой.«Божьясының» себебі, бұл қоңызды ешкімге зияны жоқ, қорғансыз, өз-өзімен тіршілік етушілер қатарынан екендігінен және көрген адамның есінде қалатындай кейіпінің барлығынан болса керек. Әйтеуір, бұл жәндікті білетін елдердің көбінде атауын құдайға немесе әулие-әнбиелерге бағыттап қойған екен. «Коровкасының» сыры бұл қоңыз өзінің жауларынан сақтану мақсатында аяқт буындары арасынан сүт түстес сұйықтық бөледі екен. Кезінде адамдар сол сұйықтықпты ауырған тістеріне жаққан да екен. Әсері жайлы мәліметтер жоқ секілді. Осы тектес шыбын-шіркей, ұсақ жәндіктермен қоректенетін құстар үшін Хан қызының сұйықтығы өзінің жеуге жарамсыз екенін білдіретін белгі болса керекті. Арақты ішуге болмайтынын білсе де ішетін адамдардың барлығы секілді оны жеуге болмайтыны білсе де жеп қоятын құстардың да табылуы заңдылық. Бірақ, ол байғұстардың өңеші (тамағы" күйіп қалады екен.
Әлемде 5000 нан астам Хан қызының түрлері бар екен.
Әрі қарай

Құс қанат ғұмыр

Орындаушы: Мейрамбек Беспаев

Өмiрдiң мәнiн кiм бiлген
Бiр күнiм ұқсас бiр күнмен
Таң атса күннiң батарын
Бiлсем де бейқам жүрдiм мен
Тағы да мiне, таң атты
Шапағын тегiн таратты
Манаурап естi жиғанша
Масайрап мезгiл барады

Қ-сы:
Таң атса болды, күн батты
Ұршығын мезгiл зырлатты
Құс қанат менiң ғұмырым
Қанатын тағы бiр қақты

Тұсаудай тұтам тiрлiкте
Тентiреп текке жүрдiк пе?!
Жойылып жерден кетер ме ек
Жобасы түскен бiр нүкте
Не алдым елге, не бердiм
өтеусiз бе едi келер күн
Қырандай баулып өсiрген
Халқыма ендi не дермiн?!
Әрі қарай

Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс

Шілденің аяғы болатын. Қараңғы түн. Сырдарияның жайылым иіндеріндегі тоғайлық. Біздің лагерь тұрақтаған жер алыс емес, әрі кетсе жарты шақырым. Тәуекел деп тоғайлықпен тіке тарттым.

Бес-он қадам басқан соң-ақ, өкіне бастадым. Қалың өскен жиде мен шеңгелдің тікенегі қол-аяқтан сау тамтық қалдырмады. Бірақ, кейін қайтуға намысым жібермей, сұрақ белгісі сияқты бүгіліп, аңдар салған жалғыз аяқ жолмен ілгерілей бердім. Тастай түнек тіпті қоюлана түскен сияқты. Қолымдағы қалташамның жарығы да әлсіреді. Алдымдағы ирелеңдеген шытырман cүрлеу, белгісіздік үңгіріне бастап бара жатыр. Адасқанымды білдім… Тоғай іші жым-жырт. Алыстан бір дыбыс талып жеткендей болды. Үн қатып едім, шегірткенің шырылынан басқа жауап болмады. Амал жоқ тағы бір қуыс жолға түсіп, жылжып кеттім. Бүгілген былай тұрсын еңбектеуге көштім.
Әрі қарай

домбыра пати блогкэмп

Блогкэмпте түсірген видеоларым жинаулы тұр. Алдын фб-ға лақтырған едім біраз видеоларды, ішінде «мафия» ойыны да бар. Енді біртіндеп осы жаққа лақтырамын! Қазір Назгүлдің ән айтып отырған видеосын жіберемін!
Әрі қарай

Жағдайың болмаса үйлен!

Пайғамбарымыздың заманында бір мүмін: «Уа, Алланың елшісі менің жағдайым болмай жатыр, кедейліктің азабын тартып жүрмін» деп мұңын шағып барыпты. Оған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Онда үйлен!» деп кеңес береді. Үйленген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Екінші рет тағы келсе, оған: «Тағы да үйлен!» деп айтады. Екіншісін алады. Өз басын зорға алып жүрген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Үшінші рет Пайғамбарымыздың алдына келеді, оған тағы да "үйлен!" деп кеңес береді. Төртінші келгенінде тағыда "үйлен!" деп айтады. Міне осы төртінші әйелі ғана пысықтау болып, олар бірлесіп жұмыс жасап, жағдайын түзеп, оңалады. Бұдан шығатын қорытынды, болашағың әйеліңе тікелей байланысты. Түрлі пікірлер болуы ғажап емес, бірақ: «Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге, жаман әйел төрдегі басын есікке жетелейтінін» атам қазақ тегін айтпаса керек.
Әрі қарай

Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Әрі қарай

50 теңге үшін



50 теңге үшін
Қала ішіндегі маршрутта
-Апа, жолақысын төлеңіз.
-Балам міне дәкүмінт, кәрілік туралы, мен ақша төлемейм.
-Апа, кәрілік туралы дәкүмінт жүрмейді бізге, батыр ана, күміс алқа және тб бәрі жолақы төлейді.
-Сен кәртимейсің ба?
-Тек, соғыс ардагері ғана төлемид, жарғыны әкеп көрсітиін ба?
-Сен кәртимісің ба, кәртиме онда, өле қал, менің жасыма жетпе.
-Апа сізге түсіндірдім ғо, дәкүмінтіізді беріш, көрейін.
-Көрсетпим, жыртып тастисын, мұны мен істеп алған жоқпын, өкімет берді, жыртсаң сотқа жауап бересің.
-Апа, ақша бермисің ба, түс.
-Түсем.
Ощм, екеуіде қайтпад, қайсысына болысарыңды білмисің, апа дейін десең, аузынан оңған сөзі шықпады, баланыкі бір жағынан дұрыс емес, бірақ ол бейшараның жұмысы сол, әркім дәкүмүнт көрсетіп акша төлемей кете берсе оған да дым болмай қалады. Ұзақ жолға шығатын маршрутта да ондай оқиғалар болып тұрады. Жол жөнекей тоқтатқан жолаушылар кейде барын беріп, түсіп қала береді. Ал, кейде шопырлар ашуланса толық төлетіп алады жолақыларын.
Әрі қарай