Жағдайың болмаса үйлен!

Пайғамбарымыздың заманында бір мүмін: «Уа, Алланың елшісі менің жағдайым болмай жатыр, кедейліктің азабын тартып жүрмін» деп мұңын шағып барыпты. Оған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Онда үйлен!» деп кеңес береді. Үйленген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Екінші рет тағы келсе, оған: «Тағы да үйлен!» деп айтады. Екіншісін алады. Өз басын зорға алып жүрген мүміннің жағдайы жақсара қоймайды. Үшінші рет Пайғамбарымыздың алдына келеді, оған тағы да "үйлен!" деп кеңес береді. Төртінші келгенінде тағыда "үйлен!" деп айтады. Міне осы төртінші әйелі ғана пысықтау болып, олар бірлесіп жұмыс жасап, жағдайын түзеп, оңалады. Бұдан шығатын қорытынды, болашағың әйеліңе тікелей байланысты. Түрлі пікірлер болуы ғажап емес, бірақ: «Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге, жаман әйел төрдегі басын есікке жетелейтінін» атам қазақ тегін айтпаса керек.
Бөлісу:

27 пікір

neoaskar
қой екінші іздейін, әлде төртке дейін бірақ тоқтайын ба, негізі үйленген дұрыс
Adiletshu
Қайдан алдың, көрсет. Ойдан соғып отқан жоқсын ба
Arys_arlany
Сенімді адамнан алдым, негізі, ортаға тасталған тақырып көп, оның барлығын тізіп шығу мүмкін емес
Adiletshu
Сенімді адамың кімнен алды
Serzha
жағдайың болмаса несие ал деген сияқты болды ғо
satibaldi
Куәлік еткен сақабаның аты аталмаған. Медиақоқыс.
Arys_arlany
медиақоқыс емес екенін ертең дәлелдеп беремін, дәлелдей алмасам өшіремін!
Arys_arlany
Сахих Муслимнен жеткен
satibaldi
Куәгерлер классификаторында бұл кісі «онша сенімді емес дереккөз» делінген екен, ендеше нашарлау ма деймін.
Adiletshu
Сахих Муслим кітап.
satibaldi
Енді соны куәгер етіп отырған жоқ па?
Serzha
чота таба алмадым, хадис нөмірін айтып жібермейсің ба?
Adiletshu
Мен қайдан білйін. Arys_arlany деген жүгермектен сұра. Соның посты ғой
Arys_arlany
фб дағы нигіңді айтша Adiletshu
Adiletshu
Кет-ей нақ! Реалда тауып алып, қыздығымды алып жүрсең тағы
Arys_arlany
сен әлі "қызсың" ба?
Abilakim
дұрысы «Жағдайың болмаса жағдайлы жердің қызын ал» шығар
a63a1
қатын алма, қайын ал дегенғой
Tyulpan
бұл сөз қыздарға да қатысты ма?
satibaldi
Қазір Сақық Мұслымның жоғалған беті табылып: «Еее, қыздарға да қатысты айтыпты» деп, сақалын сипайд, қара да тұр
Arys_arlany
пензетс көтіпкел шығарсың
bizbike
«болашағың әйеліңе тікелей байланысты» емес, кейбіреулер әйелсіз боққа да жарамайды деген сөз ғой
Adiletshu
Тағы да бастадыңыз ба