Маскадағы адам

1995 жыл. 1-сынып оқушысымын. Қыстың жаңа түскен кезі болуы керек. Сабақ түскі 1-30-да басталып кешкі бестерде бітетін. 4 сабақты аяқтап мектептен 4 бала болып келе жатқанбыз. Үстімде ағама алған, одан кейін әпкем киген, әпкемнен кейін маған бұйырған капюшоны бар, тіземе дейін сөлеңдеген сұр пальто. Аяғымда қоңыр етік. Етігім өзіме керемет ұнайтын. Аязды күндері қайқайып қатып қалғанда аяңның ұшымен жүрсең майыспайды.

Тылсым дүние: Маскадағы адам

Автовокзалдан өткеннен кейін бізге жекжат болып келетін Сөкен ағаның үйінің артына жақындап қалған болатынбыз. Бір кезде қара девятка тоқтай қалды. Ішінен ақ маска киіп алған адам шығып айқайлап, қолын ербеңдете бастады. Төртеуміз қаштық. Артыма қарауға қорқып жүгіріп келем, жүгіріп келем. Ентіккенше жүгіріп артымызға қарасақ мәшіне жоқ.
Әрі қарай

Стақандастарым. Император Клавдий

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Император Клавдий

— Үш жүз сестерций — деді Клавдий астындағы жәлапты жәукемдеуін тоқтатпастан.
Шошып кеттім шешесс.

— Марстан қорықсаңшы, Клавдий! — дедім мен жалбарына, — қураған бұтағы да жоқ даладағы қуып кеткен халықтар үшін — үш жүз сестерций? Араның ашылайын депті!
Әрі қарай

Раскладушка

Біздер, сонау ұзын арқан, кең тұсау заманының бір пұшпағын көріп қалған, бірақта балалығымыз өліара кезге тап келген ұрпақпыз ғой. Кейде тым болмаса ой арқылы балалық шағыма орала бергім келеді.
Қазақтардың бала туу санын шектемеген тұстары үйдің бір бөлмесіне қаз -қатар көрпе жайып, рет-ретімізбен жата кетуші едік қой. Өзімізше бір-бір жастықты иемденіп, бір-бір көрпенің тұрақты жамылушысы болғанымызға мәз болатынбыз. көрпе ауысып кетсе арты төбелеске дейін барып тұратын. Әбіләкімнің  ауылы: РаскладушкаБіздер, үйдегі майда-шүйде балалар осылай ырду-дырду болып жатқанда ересектеу ағамыз анадай жерде раскладушккасын жайып жіберіп жататын еді. Кей күндері ағамыздың үйде болмайтынын білген кездерімізде, қоңыр материалын жан жағынан серіппелермен тартқылап, әлуминиге бекітілген сол раскладушкаға жату бақытына ие де болып қалатынбыз. Серіппе тартылған жері үзіліп әр жері салбырап, кей жерлері қызыл сыммен, енді бір жерлері қара сыммен бекітіліп тұрған сол қоңыр раскладушка әлі күнге көз алдымда.
Кейін, заман кеңіген бір тұста тәуелсіздіктің алғашқы жылдары маған да бір кішігірім көк раскладушка бұйырған еді. Қуандым әриен. Бірақ, сол раскладушкаға жатқан кезде қоңыр раскладушкаға жатқандай әсер ала алмадым…
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Маған ұнаған ұзын әнек не қысқа әңгіме

Көктіреудің жерлеуі

«Ойбай, Көктіреу Әреңтұрғанов қайтыс болды!» — деп күрсінген елде есеп жоқ. Мәйітті жерлеуге алып жүрген көліктің артынан қара құрым қара мәшинеге сан жетпейді! Осынша қара көлік көктен түсті ме деп есің шығады. Сөйтсек, жерлеу кезінде көштен қалғысы келмегендер қызыл, сары, жасыл көңкелерін қараға сырлап, бояп үлгірмегені қара балшыққа көлігін бір аунатып алып қатарға қосылған екен. Қаралы митингте өксігін баса алмай, ардақты ағасына асыл сөзін арнаған ағайын сай сүйегімізді сырқыратты. Әсіресе, Көктіреу көкесінің арқасында адам болған Киізқазық Жергекіргеновтың, Майлыжер Жалағановтың, Көңілшек Көпбергенованың жүрек жарды жан айғайына егілмеген жан қалмады. Қаралы митингте қабырғасы қайысып, қайғыға батқандардың ішінде Кеңірдек Тоймағанов, Жалғанды Жалмағанов, Әділдік Көрмегенов, Әліпби Танымасов сынды еліміздің бетке ұстар белсенділері де болды. «Айналайын Көктіреу ағам-ай, енді көкті кім тірейді? Енді мені кім сүйрейді?!» — деп аңыраған Тіреусіз Жүреалмасовтың зарынан кейін, көрнекті ақын Арнаубек Одабайдың сөзіне жазылған Күйсыйлап Әнжазардың «Көшеде жатқан Көктіреу жоқ» атты патриоттық әнін елімізде ең көп сүйілген әнші Хошиіс Еміренгенова орындап бола бергенде, табытта жатқан Көктіреу көкеміз ризашылық өксігіне шыдамай шашалып, орнынан тұрып, өзі үшін өкіре жылаған көпке алғысын білдірді! Ақыры, ағасын қара жерге қимаған Майлыжер Жалағановты көкесінің орнына жерлеп, Көктіреу Әреңтұрғановты қолтықтап, қаралы қауым артқа қайтты. Бейіт басынан қайтқан ақ мәшинеде есеп жоқ! Жалт-жұлт етеді!

© Асқар Наймантаев
Әрі қарай

Стақандастарым. Ауылдың оташы-дәрігері Аққали Есембетович

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ауылдың оташы-дәрігері Аққали Есембетович

«Тасақтың рентгені өкпенікіне ұқсайды екен алыстан қарағанда»

— Satibaldi

… Ағып жатқан сумен аралас түсініксіз күбір-күңгір боп естілген дыбыстардың арасынан "… құтты болсын ал, әрі кетсе бір апта жатад. Бұрыңғыдай ырбаңдатпаймыз. Бізде бұл ағымдық операция ғо, " -деген сөздерді анық ажыраттым.
Ішімді біреу сипағандай болды.
Көзімнің әзер ашылған қиығынан бір қолында қайшы ұстап, бір қолымен тігісімді ұстап тұрған бір жас доқтырды көрдім. «Дегенмен әдемі тігіппін,» — деп міңгірледі ол.
Ультракүлгін прожектор сәулелерінің арасынан қолын сүлгіге сүртіп жатқан екінші сұлбаны да крахмалдан қақиған жарты метрлік ақ қалпағынан бірден таныдым — ауылдағы бас оташы Аққали Есембетович.
Әрі қарай

Домбыра патиден естелік

Еліміздің түкпір-түкпірінде өткен домбыра-патиді Ақтауда аяқтадық. Сол Ақтауда өткен жаз бойғы домбыра-патиден естеліктер қарай отырыңыздар. Каспий теңізінің жағасы, самал жел, ашық аспан астындағы домбырашылар мен өнер сүйер халық. Тамаша көрініс, тамаша ән-күй…

Тосын сый деп осыны айт!

Майкл Ди деген полицей мұжық «Тойота Камри» алған екен. АҚШ-та болғасын, әрине, несиеге. «Тойотадағылар» оның 50 миллионыншы сатып алушы екенін анықтап, несиесін өз қалтасынан төлеп беріпті.
Сыйлықтары мұнымен бітпеген екен…
Сатып алған «Камриінің» үстіне, компания тағы «Тойота РАВ4» сыйға тартыпты!
Әрі қарай