Жаралы менің жүрегім
Негізі өлеңңң… дәл уақыты есімде жоқ енді 2010-2011 жылдары ақынсымақ боп жүргенде жүректі жарып шыққан ғо. Мәтіні төменде. Оқып бағасын бере жатарсыздар.
Жаралы менің жүрегім
Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.
Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?
Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?
Жаралы менің жалындап жанған жүрегім…
Әрі қарай
Жаралы менің жүрегім
Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.
Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?
Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?
Жаралы менің жалындап жанған жүрегім…


Үшінші ойыннан кейін іле-шала
… Жаңалық ашқандай болып отырмын, әдеттегідей. Бұл туралы бәрі білгенімен, Өзім жаңа білдім, демек Мен үшін жаңалық. Мына 2 әнді үнемі бірінің артынан бірін тыңдап жүргеніме біраз болған. Керменбаевтың клипі бір фильмге саундтрек екенін білгеніме біраз болған, ол фильмге барғым да келген… Шақырушы да болмады, атын естіп «Давай, кеттікс»-дейтін де жан табылмады. Сонымен, Жанайдың әнінің клипін көрейін деп отырсам, сол фильмдегі кейіпкерлер жүр.))) Демек, 1 фильмге қатысы бар 2 ән екен. Ғаділбектің әнін тыңдаған сайын «Ееееех, өмір-ай!» деп, әбден шимайланған парақты, қайта ағарту мүмкін емес екеніне көз жеткендей ме?! Қысқасы, бұл ән мені «Селк» еткізді!


Орыслан Медальбек ел артында жұрттың тасынша мынадай ұрандарын бұрышқа салды:

