Алты сөзден құралған 18 әңгіме

Ал сол кезде...: Алты сөзден құралған 18 әңгіме
Бірде Эрнест Хемингуэй: кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтын ең қысқа әңгіме жаза аламын, деп біреумен бәстескен екен.
Ақырында: «Балалар аяқ киімі сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn») деген әңгіме жазған жазушы бәсте ұтыпты.
Міне, содан бері осы бір қысқа әңгіме жазу әрекеті көпшілікке тыным бермей келеді. Талай адам оқырманды таңқалдырып, тебірентіп, толғантатын тұтас оқиғаны бар-жоғы 6 сөздің ішіне сыйдыруға тырысады. Бәрі болмаса да, бірді-екілісінің жазғаны сәтті шығады.

  1. Бейтаныстар. Достар. Жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныстар.
  2. «Сіз нөмірден қателестіңіз», деді таныс дауыс.
  3. Жолаушылар, сендермен сөйлесіп тұрған капитан емес.
  4. Өз жартымды кездестірдім. Бірақ, ол елемеді.
  5. Парашют сатамын: ешқашан ашылмаған, аздап қанданған
  6. Бұл алтын тойымыз. Бір орындық дастархан.
  7. Бүгін тағы да өз анама өзімді таныстырдым
  8. Жихангез дабыл жіберді. Жерден жауап жоқ.
  9. Үйіме раушан әкелдім. Кілтім сәйкес келмеді.
  10. Анам маған қырынуды үйретті.
  11. Шытынаған маңдай әйнегінде «жас жұбайлар» деп жазулы.
  12. Біздің төсек. Екі дауыс. Есік қақтым.
  13. Секіріп кеттім. Артынша ойымнан айныдым.
  14. Менің бейнем қазір ғана маған көзін қысты
  15. Ренжіме, сарбаз. Аяқ киімді жұбымен сатамыз.
  16. Мұның әйелін өлтірушіні бөтелкемен тамақтандырады.
  17. Есейген адаммын деп елестеттім. Есейдім. Елесімді жоғалттым.
  18. Дәрігер науқасты құтқарды. Науқас Құдайға алғысын жаудырды

дереккөз: ADME
Превью мен посттағы сурет Freeimages сайтынан алынды

Егер қысқа әңгімелер қызықтырса, бұған дейін жариялаған мына екі постты оқыңыз:

1. Аз әріпті 9 әңгіме
2. 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман
Бөлісу:

32 пікір

zholantai
осы ал, мен өзім де кейбіреулерін түсінбей қалдым, орысшасының өзінен,
сонда да аудардым,
merekeee
Түсінікті-ақ аударғансың, тек сөздер саны сәйкес емес кей жерде — 7, кей жерде — 6 емес :)
zholantai
есесіне кей жерде бесеу,
Beytanis
Түсінікті-ақ аударғансың,
депті.
Өз жартымды кездестірдім. Бірақ, ол елемеді.
дүмше аударма
MERmukhanov
Жезделеріме жайқалған жайлауға сапарлап келдім. Марста жүргендеймін.
Дальтоник екенімді білмейді олар.
MERmukhanov
Балақай, балмұздақ, кәмпит әперген әкең тамаша кісі екен! Қалайша «бұл ағайды танымаймын»?
MERmukhanov
Хирург операция кабинетінен шығып, маңдайындағы терін сүртті. Маған қарай келе жатыр…
MERmukhanov
Балам, өз бөлмеңде кіммен сөйлесіп жүрсің?
MERmukhanov
Маған сенің адамгершілігің, парасатың, әзіл түсіну сезімің ұнайды.… Төменірек, иә, иә…
MERmukhanov
— Петрович, винтті өшір!!!
TAEKM
Қызық екен! Бір шетінен біртүрлі екен
MamaAya
Шықырлағанға қуанған еді, сөйтсе жай квиток екен. (өмірлік практикамнан)
satibaldi
(өмірлік практикамнан)

Сенің әңгімелерің мына бір әнекті еске түсіреді.

Заңгер о дүниеге келе сала, байғұсты шайтандар тозаққа дедектетіп әкетіп бара жатқан көрінеді.

— Бұл не? Мен өмір бойы заңмен жүрдім, заңды сақтадым! Мен жұмаққа баруым керек! — деп бұлданады заңгер бақырып.
Ақыры қоймағасын, шайтандар Күнәлар Департаментінің бастығын шақырады. Бас шайтан келіп:
— Былай. Сен неше жасыңда қайтыс болып отырсың?
— Жетпіс…
— Сен почасовой оплатамен жұмыс істедің, солай ғой?
— Солай…
— Енді қара: егер сенің жұртқа берген шоттарыңдағы сағаттардың барлығын қосcақ, сенің жасың 300-де болуы керек екен ептібайымайд! Бар тозаққа!

Сол сияқты, егер сенің тасыңнан «кешкендеріңнің» барлығын жинасақ, сен қазір 80-дегі кемпір болу керексің
patick
Қағаздың таусылғанын кеш білдім
Daniar-Alan
Таң. Түскі ас. Автобус. Смартфон. Секс. Өмір.
Rafaello
Хэменгуейден кейін желание жоқ :)
VKM
Хэменгуейден кейін желание жоқ :)

мхм
MamaAya
Алайда, құрылғыдан шарананың жүрек соғысы естілмеді…
merekeee
— Қанша жылым қалды?
— Ку-к…
— Неге тым а…
Ispek92
«жоқ» — деп ол өзінің келіскенін білдірді…
MickThatsMyNick
«Ойындағы жоспарын планнеріне сақтап үлгермеді, ұмытты...»
MickThatsMyNick
«Жазбасына комменттер емес, қып-қысқа әңгімелер қалдырылды.»
MERmukhanov
Ол кезде оның нашар шөпір екенін кім біліпті?..
salta
жиырма апта. наркоз. қапшық. ұл болыпты…