Патриарх Кирилл әкей тағы кесекке кірді
Сурет Ridus.Ru сайтынан алынды.
Орыс Православ Шіркеуі дінбасыларының жылтыраққұмарлықтарын, ізгі христианинге тән емес қылықтарын жиі айтып жатады. Ал патриарх болып Кирилл тағайындалғанда, қоғам тіптен жынданып, оны көбісі мойындамады. Себебі Кирилл әкей өте қымбат тұратын көліктерге, әсіресе қолсағаттарға құмарлығын ертеден білдіріп қойған Исаның мүмміні екенін барлығы білетін
Әрі қарай

Сегіз бітіретін жыл. Гимназия-лицейлер жаңа ашылып, гүрлеп жатырған кез болатын. Бір күні апай (класс жетекші) бір бума листовка алып келді. Қазақ-Түрік лицейінің жарнамасы екен. Жазылымға қарағанда бір жыл тіл үйретіп алады екен. Үйге келіп, соған түспекші болдым. Барлық құжатты мектеп дайындап берді (табель қырт-сырттың көшірмелері). Емтиханға келіп, алғаш рет тест (ол кезде тест болмаған) тапсырдым. Еш қиын болмады, кешке нәтижесін қарауға келсек 80-нің 78-і дұрыс екен. Келесі күні жақсы балл жинағандарды шақырып жиналыс өткізді. Үйдегі активист әкем екеуміз. Жиналысқа әке-шешем бірге барды. Айналып келгенде әлгілер бір жыл бойы ағылшын мен түрік тілін үйрететін болды. Әрмен қарай сабақтар ағылшын және түрік тілінде болады демесі бар ма. Келген жеріміз сол болды. Мен дым түсінбеймін, әке-шешем үйге келгенше ұрсысып келді. Әкем маған -Оқисың ба?!- деп қояды арасында. Шешем -Бала не біледі?- дейді. Обшым түсініп отырсыздар, мен ол мектепке содан кейін бармадым.

Бүгін «Отызгазетонжурнал» холдингінің Президенті Сыпатай Ульрих ерекше көтеріңкі көңіл-күйде. Үйде жалғыз жүрсе де бөлмелердің есіктерін пафоспен ашып, салтанатпен жауып, маңғаздан-кербездене алшаңдап жүр. Тіпті атылас халатының ілгектерін ағытып тастады. Императорлардай желкілдетіп-желбіретіп жүру үшін. Үйді әрі бері кезген соң, өзінің обрызы өзіне ұнай бастады. Тіпті бір-екі рет рухани бітіріп алды.