Ойдан шығарылған компаниялар

«Америка -анау, Америка — мынау». Бірақ бәрібір американың мәдениетіне тас ұрамын. Айталық, кино өнеріне. Ал киноларының ішінде өз тасым — қайдағы ойдан шығарылған компаниялар үшін фирстиль, логотип, тіпті дресс-код жасайтындары үшін қатты құрметтеймін. Өзімше, кино қымбат болуы тиіс деп есептейтінім де сол. Қаззақтар мен олардың өзбек мердігерлері бұлай ешқашан кино түсірмейді, түсіре алмайды да. Тіпті кино түсіруді қылмыс деп жариялап, тиым салса екен деймін. Одан өткен мәдени қылмыс болатын киноларды ендігәрі көрмеу үшін, кешкелгенкөктемінсстің.

Америкалықтардың киноларындағы, эпизодтық компаниялардың өзіне жасалатын фирстиль мен логотиптер біздердің тіпті ұлттық операторларда жоқ, кедентранссервисакционерлікқоғамынсстың. Сонымен, өзім ести, көре қалғанда, өзімше «сауатты жасалған» деп есептейтін, монитордың жақтауына бітіртетін қияли компаниялар.

1. Бірінші орын әрине, әрине, «Терминатор» фильміндегі — «Cyberdyne Systems»!

Атауы: «Cyberdyne Systems»
Саласы: Әскери технологиялар мен мемлекеттік тапсырыспен есептулер жүргізу.

Қаззақтардың санасына түсініктілеу қылып айтатын болсақ, «Cyberdyne Systems» — жыл сайын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан Мемлекеттің «SkyNet» Бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге тиын сыныдырып алып, үнемі тендерді жеңіп алатын компания. Компанияда 1982 жылы болашақтан келген Терминатордың қолы мен чипі сақтаулы. Ақыры осы қол мен чип Терминатор-2-де компанияға хуяк болып жабысады.

2. «UMBRELLA» корпорациясы.

Әлдекім зертханадағы тәжірибе жүргізген тышқанынан айырылып қалып, ертеңіне көшеде тірі өліктер, әлемде белгісіз аурулар қаптап кетті ме? Ендеше, ол зертхана — «UMBRELLA» мегакорпорациясына тиесілі, нақтардың! Легендасы бойынша, дәрі-дәрмек шығарып жүріп, бір күні сол дәрі-дәрмектердің арқасында әлемді билеу сияқты жақсы ой келетінге ұқсайды. Киноларда, бұл корпорацияның ғақылия мүкәммал уәсасуа вә мұғжыза жоспарларына түрлі уақытта — Мила Йовақызы, Чарли Мартинұлы, тіпті кәрі есек Уильям Шатнер (осы пяншік тірі ме екен?) сияқты актерлер теңгелеген, епті — сомдаған кейіпхерлер қарсы тұрады. Ал бұл қияли корпорацияның аты тікелей, жанама, қиғаштап, бұқпантайлап аталған видеогеймдерде тіпті сан жоқ. Табысты, алғыр компания, тек жаман жері — кісі өлтіред, ептібайымайдтар.

3. Pharmacom

Бір уақыттарға дейін дәрі-дәрмек шығарып, басы ауыра қалатын қатындардың, басқа да аурушаң жұрттың алғысына бөленіп жүрген. Кейін со баяғы — вирус таратып, кейін оған қарсы антивирус сатып, әлемді билемек болды. Бұл ойлары тіпті аз-мұз жүзеге асып қалды да. Алайда іске Киану Ривз сомдаған Жәнібек-мнемоник кірісіп, компания ламаға теріс мінгізіліп, қызметкерлері «елім-айлап», Қаратаудың басына кері қарай шығып кетті.

4. «Бутя-капитал» инвестициялық приватизациялық қоры.
Бұл… Ох шешесс, хершірерсіздер, бұл басқа мақаладан кіркетті нақ.

Көптеген қияли компаниялардың атауын иемдегенген шын компаниялар да бар. Айталық, Уилл Смит тасты кейіпхерді сомдайтын «Мен күңтемірмін» атты блокбасқырдағы робыттарды жасайтын U.S. Robotics деген компания шынымен өмірде бар. Болған әйтеуір, менде модемі болд со компанияның. Былай, онша модем емес, бірақ жұрт ооо, бренд деп, тамсанып қоймайтын, айжантабынсстың.

Ал сендер қандай қияли компанияларды білесіңдер?
Бөлісу:

9 пікір

sammita
Бутя-Капитал
KILYZAMAN
Ал сендер қандай қияли компанияларды білесіңдер?
— Қазақойл
e_zhalgas
Ох шешесс, хершірерсіздер, бұл басқа мақаладан кіркетті нақ.
patick
U.S. Robots (Ойдан шығарылған) пен U.S. Robotics (бар компания) — бір-біріне қатысы жоқ атаулар дейді білгіштер.

Мен білетін ойдан шығарылған компания:

Oceanic Airlines — ойдан шығарған әуе компаниясы. Көркем фильмдер мен телесериалдарда көп қолданылады. Өмірде «Ocean Airlines» деген фирма бар, бірақ оған ешқандай қатысы жоқ.

Oceanic Airlines ұшақтары фильмдерде апатқа көп ұшырайды.

Мысалы, «Lost (Остаться в живых)» сериалында осы әуе компания ұшағы апатқа ұшырап, жолаушылары бір белгісіз аралға соның кесірінен тап болады.

Oceanic Airlines — алғаш рет 1996 жылы Стивен Сигал қатысқан «Приказано уничтожить» фильмінде пайда болыпты.
asaubota
түріктердің киноларында көп кездеседі. жынды логотиптерімен істеп қояды. қазір Кузей Гүней деген сериал қарап жүрмін, сонда мысалы Тарабанк деген банкке барады. сондай банк ашылған ба деп жүрсем, қияли банк екен
Gulistan
Түрік сериалдарында көптеген атауларды, кейбір машина маркаларын қалқалап көрсетпейді. Неліктен? Онда да саясат бар ма?
asaubota
тегін жарнама болып кетпесін деп.
sammita
«Не родись красивой» сериалында «Зима-лето» АҚ (әлде «Зималетто»). ойдан шығарылған-ау.