Едіге Алаң По. "Профессордың өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Меншік иесінің өлімі»)

"Ішетін дым жоқ" © Akzere

— Вообще то мы с Мехнатом Сигизмундовичем стояли у самих истоков казахификации нашего общества. — деп бастады Алоиза Ембергенова өтірік толқып, — И с тех пор наша страна сделала, скажу я Вам — огромный, просто гигантский рывок в изучении казахского языка. Слава Богу, нынче уже даже славяны стараются изучать наш великий язык, язык Абая, язык Ахмета. Который Байтурсынов.

Алпысжылдық мерейтойы орта шеніне жеткен Мехнат Сигизмундұлы қопаңдап қоя берді. Бірақ ішінен: «Ох, кәрі түлкі Алоиза! „Мы“ дейді ғой тіптен! Шәй-суымызды қамдап, төсегімізді жынойнақ қылғаннан басқа не еңбегің сіңіп еді?!»-деп, кәдімгідей ашынды. Дегенмен, ішкі қыжылы бетінен бәрібір білінбеді. Әлі сол мамыражай әлпетпен сөзді іліп алып кетті:
— Да, время, время, время… А помнишь Аллочка, как мы добивались средства на выпуск монографии? Дети мои, тогда как нынче всяких ИП, ТОО нельзя было просто регистрировать. Деньги приходилось прогонять через огромное число…
Студенттер профессорға бақырая қалыпты. Екі жүз елу граммнан ашықауыз боп кететін өз әдеті есіне түскен Мехнат Сигизмундұлы дереу тізгінді тарта қойды:
— В общем… были трудности, и мы ее, думаю, преодолели с достоинством.

Алоиза Ембергенова бастамақ болған ду қол шапалақ алдыңғы қатарлардан-ақ қыршынынан қиылды. Біреулердің залдың әр тұсынан оқта-текте шапалақтағаны овациядан гөрі, екі-үш кептердің қорыққаннан ұша жөнелгеніне келіңкіреді. @ushkin1 тіпті әрең отыр екен: «бұдан бір демалысымда демалғаным жақсы еді, құрысын!» деп қарғанды ол.

Бұл кездері рецензия үшін құрдай жорғалап жүрген Мехнат Сигизмундұлының уақытша қолшоқпарлары бір студентті шыңғыртып отырып, ағайды үйіне апарып тастауға машина тапқан болатын. "Қазіргі жағымпаздар қалтасынан шығармайды-ей! Өзім-ақ такси ұстап кете берсем ғой" деп күйінді профессор, өзі де, сөзі де бұқалау келген мәшинесі бар студентті қаумалап, сындырып-көндіріп жатқан бакалаврлардың міскіндеріне қарап. Бірақ жалған да болса осы сыйластықты қимайтынын түсінді. Онысына тіпті ызаланды.

Сол-ақ екен, анадайда манадан бері колоннаны тасалап тұрған ақ плащ киген жігіт інісі Мехнат Сигизмундұлына жақындады.
— Криминалдық полиция — деп таныстырды ол өзін, жақындап келе жатып.
— Не керек?
— Кәрбоз Стейнберг, Сыпатай Ульрих, Сезімтұғыр Ерқайев деген есімдер Сізге бірдеңе айта ма?
— Олар кешегі опат болған әріптестерім. Менде оқығандары, ара-тұра демеушілік көрсеткендері болмаса — еш қатысым жоқ.
— Онда менімен жүріңіз, Сізге қауіп төніп тұр…

***
..."Әрі кеткенде үш күн тығыла тұрасыз" деп еді, қайда кетті өзі?" деп абыржи бастады Мехнат Сигизмундұлы. Бірақ, келісті жер екен. Кітаптар самсап тұр, жап-жарық бөлмелер. 21 ғасырда феодализм орнаған саяжай дерсің. Шыны керек: тоқалымен тұқайласа бермей, тұрмыс күйбеңінен демалып алуға жақсы орын. Әрі, әлгінің өзі айтқандай, «тергеу амалдарының мүддесі үшін уақытша қамалды» деген анықтама берсе — тіпті жақсы — жұмыстан да бір демалып қалады. Жаман ба? Иә, ұялысын алып кеткені аздап асыра сілтеу болды. Тап біздің елде ұялыңнан ұстап алатын ақылды қылмыскер жоқ шығар-ау! Іш пысып, маза кетеді-ау деген осындай бесінші күн өткенде, қабырғадағы үнсіз телефон шар ете қалсын!

— Аға, ваннаның жанындағы кладовкаға барыңыз да, ішіндегі қораптағы киімдерді сондағы суретке қарап отырып киініп алыңызда — дайын отырыңыз! — деді әлгі тергеуші.

— Айналайын-ау, қайда жоқ боп кеттің...-дегенін естіді ме, жоқ па, тергеуші телефонды тез тастап жіберді.

Кладовкада темекінің қорабы тұр екен. «Мынау не пәле, жапсырма сақал?». Бір білгені бар болар деп, қауғадай жасанды сақалды қораптың сыртындағы суретке қарап отырып жапсырып алды. «Ал мынау не тымақ?». Жап-жасыл бөрікті әрі-бері қарады да, оны да суреттегідей киіп алды. «Шалбар???». Джинс шалбардың балағы тобығынан ғана келіп, тыртиып тұрса да, шешінген судан тайынбас деп, өз шалбарын қимастан тастап, аяқтарын сүңгітті. «Сұмдық-ай… автомат?». Өмірі қолына қару ұстап көрмеген Мехнат Сигизмундұлы қаруды әрі-бері қарап тұрғанда, телефон тағы шыр етті.

— Анйалайын бала, осынша неткенде де, әлгі автоматың…

— Аға, уақыт жоқ, қазір сол автоматты асынып алыңызда, тура 20 минуттан соң артық есіктен шығыңыз.

Бұл кезде қалалық полиция каналдарынан "«Шығыс Түркістанға» қатысы бар уәхаабшылардың жергілікті серкесі N. саяжайда шабуылға дайындалып жатыр" деген суыт барлау мәліметі жүріп өткен болатын. Қала сыртында полигонда жаттығып жатқан сарбаздар дереу автобусқа тиелді де, саяжайға жетіп келді. Дүрбімен сыртқы барлау жүргізіп отырғанда, профессор Мехнат Сигизмундұлы бұқпантайлап, артқы есіктен ақырын шығып келе жатты. Сарбаздың бірі рацияға:

— Комбат, мынаның қаруы бар! — деді ақырын.

— Онда былай, прокурор мен әкім жаңа ғана бұйрыққа қол қойды: на поражение!

Сол-ақ екен, саяжайдың артындағы жалғыз аяқ жолға түсіп, күтіп тұрған мәшинені қарайлап, шапшаң жүріп келе жатқан профессорға екі граната лақтырылып, снайпер кепілдік үшін нақ басынан М16-дан үш рет және атты…
Бөлісу:

19 пікір

sigma
Япты вайымайт ай, а?!
qisyq
Ай, азаматым-ай, Сатыбалды! Ай, сөз семсерім-ай! Браво, айызым қанды, әсіресе ана сақтық жасаған снайперге риза болдым! Жарады қазақ сарбазы.

Кезек менде. Күтіңдер
patick

Франшизаның бұл бөлімінде Нұрберген Ң. көрінбеді
qisyq
Тергеуші болып жүрген сол-ау деп топшылап отырмын.
Adiletshu
Бұрынғылардан өзгешелеу екен
Adiletshu
Профессорға еш мүмкіндік берілмеді
asaubota
өлдім

білә мына жерін қалай суреттегенсің?! осындай моменттерді сурететуге шеберсіңдер, а?

Бірақ жалған да болса осы сыйластықты қимайтынын түсінді. Онысына тіпті ызаланды.
sigma
Мына жері де мықты
Алпысжылдық мерейтойы орта шеніне жеткен Мехнат Сигизмундұлы қопаңдап қоя берді. Бірақ ішінен: «Ох, кәрі түлкі Алоиза! „Мы“ дейді ғой тіптен! Шәй-суымызды қамдап, төсегімізді жынойнақ қылғаннан басқа не еңбегің сіңіп еді?!»-деп, кәдімгідей ашынды. Дегенмен, ішкі қыжылы бетінен бәрібір білінбеді
asaubota
аха сондай ішкі ойлар, сезімдер күшті беріліп жатыр.
Marco
айттым ғой әне, Нұрберген Ң. енді ешкімге «кешірім сұра» деп жалынбайды. Табан астында атып тастау ғана нәтиже беретінін ол да түсінген сыңайлы.
a63a1
 ҰЗАҚҚА ШАПТЫРАЙЫН ДЕП ТҰР БҰЛ НҰРБЕРГЕНІҢ
aikarakoz
Нұрберген Ң, сен аман болшы…
Nurshat
Нұрберген Ң өліп, оның ізбасары шығып, кек алса… Индиски кинодағыдай
bazuka
снайпер кепілдік үшін нақ басынан М16-дан үш рет және атты…
ужассс
meirzhan
Бейшара профессор.
asaubota
рахаттанып алдым тағы да