Амур aka Эрос

Менде бір керемет сюжет бар...: Амур aka Эрос

Бірінші бөлім. Қыз

«Айка! Айка! К тебе!»

Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.

Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Әрі қарай

Ирак-ғайып Буш. "Киллермен кездесу"

Хард-әдебиетімізде орны толмас өкініш орын алып отыр. Кеше, сағат 23:00 шамасында сұм ажал арамызға жазушысымақ Ирак-ғайып Бушты қайта әкеліп тастады. Жан сақтау бөлімі бұл жолы шынымен жан сақтапты. Электродпен үшінші рет разряд бергенде тоқтаған жүрек қайта соғып, өзіне тіл бітіп, сұрағаны мынау болыпты:
— Жарияладыңдар ма? Каменттер бар ма? Қаламақымды «Цеснабанктің» кәртішкісіне аударарсыңдар!
Осымен, жұқа оқырманға қайыр, ал жаңа оқырмандарға — ендігәрі оның төмендегідей шытпақтарымен сусындауға тура келетінін айтып, безіп кеткім келеді. Назарб аударып оқығандарыңа нақмет, рақ!


Ирак-ғайып Буш. «Киллермен кездесу»

— Қожайын қырқыншы қабатта — деді адамға құлшылық ету маңдайына жазылғандай лакей жік-жаппар болып,
Әрі қарай

20 жылда тек 73 адам жинай алған жамағат таратылды

«Серікқалишылар» деген атпен белгілі діни жамағат өздерінің бұдан кейін ешқандай діни және саяси оқиғаларға араласпайтындарын айтып, бүгін жамағат үйінде өткізген баспасөз мәслихатында жамағаттың таратылғандығын мәлімдеді. Жамағат басшысы Қали Қожаның (Серікқали Ермекбайұлы) берген мәліметі бойынша бұл жамағат 20 жыл ішінде тек 73 мүше ғана жинаған.

Әрі қарай

Ұлттық Құрамаға Ресей және Беларусьтан 300 футболшы ұсынылды



Футболдан Ұлттық Құрамамыздың сәтсіз ойындарынан кейін бүгін таңертең ҚФЖБ (Қазақстан Футбол Жанашырлары Бірлігі) мүшелері шұғыл түрде жиналып, Футбол Федерациясына ұсыныс тастады. Ұсыныста 2013 жылдың 22 наурызында өз алаңымызда ойналатын Германия матчына дейінгі жүзеге асырылуы қажет іс-шаралар тізімі берілді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — шет елден жаңа футболшылар әкелу.
Әрі қарай

Қапас эффекті

Негізі қағаздың жанып жатқан эффекттті түсіріп алмақ ой келген басында, содан не керек, суретке түсіріп отырып бір қияли ой басқа сарт ете қалды, жылдам қарындаш алып, жағамын деп отырған а4 парағына сурет сала бастадым, шыққан нәтижені бірге тамашалайық халайық

Әрі қарай

Бүгінгі саябақтың көрінісі

— Мен күзді жақсы көрем.
— Әркімнің өз күзі болады…
— Менің күзім, ендеше осы күз.
— …
— Неге үндемейсің?
— Сені тыңдап…
— Мен күзді, сосын сені жақсы көрем…
— Рахмет, сен көп нәрсені жақсы көретін сияқтысың ғой…
— Жоқ, тек сұлу күзді, сосын сұлу қызды сүйем
— Ал маған, сары күз — кәрі қыздың өмірі секілді, сүреңсіз, жалықтырарлық…
— Сен қатыгезсің…
— Бәлкім…
— Бүгін осылай үнсіз қыдырыстап жүрейікші, жауын жауатын сияқты.
— Қолшатырымды қалдырып кетіппін.
— Мен саған қолшатыр бола аламын, қорықпашы
— Жылауық жаңбырды жек корем.
— Қашпашы менен…
— Кетейік, тоңдым…
— Менің жылыуым екеумізге де жетеді.
— …
— Сен мені сүймейсің…
— Қойшы, бастамашы…
— Бір рет болса да айтшы… сүйем деп…
— Түу, неге әр кездескен сайын сұрайсың?
— Иә, білем, саған қандай жігіт керек екенін
— …
— Тағы да үндемейсің? Бірақ мен сені оған бермеймін… Есіңде болсын!
— кімге?
— Топтарыңа жаңадан келген бала… Назгүл айтқан, сені ұнатады екен…
— Ал мен ше?
— Енді сенің де соған көңілің бар екенін сезіп қалдым.
— Сезгіш болсаң, менің жанымның нені қалайтынын біліп алшы… Жанымды жеп біттің…
— Жылама, жылауық күз құсап…
— Құрып кет!
— О, болмайды. Ешкімге бермеймін, ешқайда кетпеймін.
— Сен маняксың!
— Сені сүйгеннен манякка айналдым. Ал сен… ал сен қайдағы біреуге бола… Оны тіпті танымайсың да ғой…
— Мейлі, сенен құтылсам болды… Азабыңның таусылар күні бар ма?
— Бар, маған күйеуге шық!
— Ойлама!
— Онда кет, анау жәдігөй еркекке барғың кеп тұрған шығар, аа, білем, сен екеумізбен кезек кездесіп жүрсің ғой… Тоқта…
— Жібер, жұлқылама. Жібер деймін!
— Мен сен үшін жүрмін осы жақта. Есіңде болсын, маған күздің де, сұлу қыздың да бір тиынға қажеті жоқ, түкірдім бәріне, шешем сені алып келмесең кірмейсің деген үйге. Так что мен сені ешкімге бермеймін. Ұқтың ба?
— Есалаң, мені сен емес шешең алайын деп отыр ма?
— …
— Сен сүймек түгіл сөйлеудің де жөнін білмейсің!
— Сен сияқты университетте оқымаймын.
— Бірақ университетте оқитын қызды алғың келеді…
— Маған сен керексің… Неге түсінбейсің? Сүйем сені…
— Қойшы, жіберші…
— Жаңа ғана тоңып тұр едің ғой…
— Сен жылытпай-ақ қой… Жылуыңа зәру емеспін!
— Солай ма? (шапалақ)
— Сұмырай… Қолың сынсын! Жолаушы болма маған…

Жаңбыр сіркірей бастады. Жылай жүгірген қызға қарай ұмтылған жігіт қалт тұрып қалды. Жаңбырды жек көріп кетті… Күзді де…
Әрі қарай

Пирсинг мәселесіне 3К шешімі ұсынылды


Пирсинг мәселесі соңғы 3 жылда қоғам қайраткерлері және саясаткерлер арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Пирсинг мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Пирсинг мәселесін саяси нысанаға айналдырмай, қоғамдық-тұрмыстық тұрғыдан қарауға мемлекеттің ерік-жігері жете ме?

Қуантай Бақтыбайидов (қоғам қайраткері)

– Қандай іс болса да, астарында саясат жатады ғой. Дегенмен шын ықылас болса, ерік-жігері жетеді. Дамыған елдерде пирсинг мәселесі өте маңызды тақырып болып табылады. Ал Қазақстан — пирсинг жағынан, әлемдегі ең ауыр жағдайда тұрған аймақ.
Әрі қарай

Грек Үкіметі медаль салығынан қашып, Олимпиадада орын алмаған спортшыларына өкпелі


Грекияда кезекті жанжал. Бұл жолы спорт жанжалы. Грек Үкіметі Лондон Олимпиадасында медаль алмаған спортшыларына өкпелі. Лондоннан грек спортшылары тек 2 қола медальмен оралған еді. Олар дзюдодан Илиас Илиадис және ескекші қыздар жұбы. Бүгін Премьер-министр қабылдауында болған спортшыларға мақтау қағаздары берілді және Олимпиадада тапқан табыстарынан салық алынды.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің біраз елдері спортшыларына сыйақылар тағайындап, мұны күллі әлемге жар салып жариялаған кезде Грекия керісінше Олимпиадада жүлдегер атанған спортшылардан Халықаралық Олимпиада Комитеті және Федерациялардан алатын сыйақы табыстарынан 75 пайыз салық алатындарын жариялаған еді.
Әрі қарай