Пирсинг мәселесіне 3К шешімі ұсынылды
Пирсинг мәселесі соңғы 3 жылда қоғам қайраткерлері және саясаткерлер арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Пирсинг мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Пирсинг мәселесін саяси нысанаға айналдырмай, қоғамдық-тұрмыстық тұрғыдан қарауға мемлекеттің ерік-жігері жете ме?
Қуантай Бақтыбайидов (қоғам қайраткері)
– Қандай іс болса да, астарында саясат жатады ғой. Дегенмен шын ықылас болса, ерік-жігері жетеді. Дамыған елдерде пирсинг мәселесі өте маңызды тақырып болып табылады. Ал Қазақстан — пирсинг жағынан, әлемдегі ең ауыр жағдайда тұрған аймақ. Сонысына қарамастан, осы күнге дейін бірлесіп жасаған шаралар жоқтың қасы. Дегенмен түптің-түбінде осы пирсинг мәселесін шешуде ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын. Өйкені пирсинг тағдыры тек өз қолымызда. Пирсинг проблемасының көтерілгеніне біраз уақыт болды. Осы мерзімнің ішінде мәселені шешудің жолдары жан-жақтан ұсынылды. Ұсыныс бергендердің қатарында шетелдіктер де болды. Дұрыс шешім табылады деген сенімім мол.
Марсель Көшімхан (депутат)
– Пирсинг мәселесінің қандай ауыр проблема екендігін шын түйсінген адамдар кемде-кем. Арты тағы да саясатқа ұласып кете ме деп қорқам. Бұл күнде тұрмыстық тақырыптан гөрі саясат негізгі тақырып болып тұр ғой. Әйтпесе, Пирсингтің қазіргі мүшкіл жағдайы – кезек күттірмейтін мәселе. Баяғыдан айтып жүрген бір сөзім бар еді, облыс әкімдері Пирсинг проблемасын қандай деңгейде тұрғандығын түсінгенде ғана барып, бұл мәселе өз шешімін табады. Астанада болатын отырыста мұны қалай қарастырмақшы екендігін білмеймін. Мені бұл іске шақырған жоқ. Дегенмен ел басшыларының тарапынан ықылас болса, әрине, бір шешім жасалуы мүмкін. Менің ұсынысым 3К формуласы — Кеуде, Клитор, Кіндік. Яғни, пирсинг тек интимді жерде, көпшілікке көрінбейтін жерлерде болғаны дұрыс. Бұл сонысымен тартымды болмақ. Бет, көз, мұрындағы пирсингтерге мен әуелден қарсы екенімді айтқан едім. Мысалы мұрын айналасындағы пирсинг, кешірерсіздер іріңді жара немесе мұрынбоққа ұқсап кетеді.
Бекетата Қоссеріков (ақын)
– Пирсинг мәселесін алғаш көтерген адамдардың бірі екенімді білесіңдер ғой. Сол кездері «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» газеттері «Еліміздегі пирсинг жағдайы жақсы, Қоссеріков жала жауып жатыр» деп менің мәселемді Кеңес өкіметінің қарауына жіберуді ұсынды. Біз енді оған қарап жатпай, пирсинг мәселесін ары қарай да көтеріп жүрдік. Нәтиже аз болған соң мен Американың Массачусетс Университеті деген университетіне барып, баяндама жасадым. Сол кезде мен «бұл проблемамен президенттер айналыссын» деген ұсыныс жасаған едім. Бес президентпен жеке-жеке жолығып, Пирсинг мәселесін президенттерге аманат еткен болатынбыз. Содан бері біраз жұмыстар істелді. Міне, енді сол ұсынысты әкімдер қарастырайын деп отыр. Әрине, осы қоғамдық-тұрмыстық проблеманы шешу олардың қолынан келеді. Қолдарында билік бар, қаржы бар, ұтымды шешім жасалады деп сенемін.
Бір кездері Аралды аманаттаған акын бар еді. Аралды аман алып қала алмағанда, пирсинг деген не оның қасында